Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет118/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
Оқушылар интернеттен ақпаратты тез таба алады, бірақ қай 
дереккөздердің сенімді және пайдалы екенін анықтау оларға қиын. 
Веймер және Маккомбс білім беру қосымшаларын енгізу мазмұнға, 
тәрбиешінің рөліне, оқу жауапкершілігіне, оқуды жекелендіруге, 
бағалау процестері мен мақсаттарына өзгерістер енгізуді талап 
етеді деп болжайды. Бұл көбінесе оң тұлғааралық қарым-қатынас 
орнатуды, жеке, әлеуметтік оқу қажеттіліктеріне бейімделетін 
оқу процесін жеңілдетуге және оқушылардың жауапкершілікті 
алуға, жеке тапсырмаларды шешуге ынталандыруды білдіреді. 
И-Чун және басқа да зерттеушілердің [4] зерттеулерінде сабақты 
жүргізу қадамдарын зерттеген. Біріншіден, мұғалім қысқаша 
кіріспеден бастайды және сабақтың барысында оқу мазмұнына 
мотивация береді. Содан кейін оқушыларға сұрақ қойылады және 
оларға ойлануға бірнеше уақыт беріледі. Сабақ аясында оқумен 
байланысты шағын жаттығуды орындайды. Орындалу кезеңінде 
енгізілген тәжірибе оқушылардың білімін қалыптастыру үшін, 
ақыл-ойын арттыруға көмектесетін оқытудың кілті болады. Осы 
мысал арқылы оқушы одан әрі талдау мен түсініктеме берген кезде 
тұжырымдамаға не және қалай қолдануға болатындығы туралы 
білім ала алады. Соңында, оқушы өзі үшін түсініксіз болатын 
тұжырымдамасын нақты түсінгісі келгенше бірнеше рет сұрай 
алады.
Мақаланың мақсаты химияны оқытуда ақпараттық 
технологияларды қолдану кезінде оқушылардың пікірлерін зерттеу 
болатын. Сонымен қатар бұл мақалада химияны үйрену үшін 
қолдануға болатын 4 саладағы 10 танымал және тегін қолданылатын 
бағдаламалар қарастырылады.
1 Chemical molecular viewers. Бұл бағдарлама арқылы 
молекулалық жүйелердің модельдерін пайдаланушылар әртүрлі 
жағдайларда көреді және басқара алады. Оқушыларға тек ғана 
суреттен, презентациядан көргенше, анимация түрінде көру 
салыстырмалы түрде жоғары болып табылады. Сол себепті анимация 
арқылы көрсету мұғалімдер үшін тартымды нұсқа болып табылады. 
Мектеп оқушыларына арналған molecular viewers қосымшалары:
Chem Tutor – атомдардың визуалды көріністерін ұсынады, яғни 
Льюис құрылымдары, энергетикалық және орбиталық диаграммалар 
[5]. Бұл қосымша арқылы оқушылар атомның құрылыстарымен 
таныса алады, сонымен қатар, бекіту үшін тапсырма жиынтығымен 
жұмыс жасап, кері байланыс ала алады.
ACD/Chemsketch – химияны оқытуды қолдау үшін арнайы 
жасалған, ол әртүрлі химиялық құрылымдарды құруды және 
өңдеуді жеңілдететін көптеген графикалық операцияларды 
қамтиды. Оқушылар 3D модельдерін көреді, үлкейтеді жіне 
кішірейтеді, кадрларды жаза алады және көріністерді басқарудың 
көптеген тәсілдерін қолдана алады.
Jmol – бұл 3D өлшемдегі химиялық құрылымдарды 
молекулалық модельдеуге арналған компьютерлік қосымша [6]. 
Ол молекулаларды әртүрлі тәсілдермен көрсету үшін веб-беттерге 
біріктірілу мүмкіндігі бар бағдарлама.
2 Химиялық есептеулер мен реакцияларға арналған қосымшалар. 
Химиялық қосылыстар және олармен байланысты химиялық 
реакциялардан басқа, оларды теңестіру, жалпы есептеулер, іздеу 
және онымен байланысты бөлшектер химиктерді қызықтырады. 
Химия саласындағы күнделікті есептеулерді жеңілдетуге арналған 
қосымшалар:
Mol Weight – молекулалық қосылыстың салмағын және басқа 
да негізгі қасиеттерін есептеуге мүмкіндік беретін құрал. Сонымен 
қатар, кез-келген заттың молекулалық салмағын оның химиялық 
формуласы бойынша анықтау үшін калькулятор қарастырылған.
Chemical reaction және Reaction 101 – бұл реакцияларды 
теңестіру функциялары бар химиялық реакция редакторы ретінде 
қолданылады. Реакцияның жеке компоненттерінің аты, формуласы, 
құрылымы немесе ұқсастық әдістері бойынша оңай табуға болады. 
Бұл қосымшалар уақытты қажет ететін есептеулерді оңай есептеуге 
және қолмен тексеруге кететін уақытты үнемдейді.
3 Виртуалды химия зертханасының қосымшалары. Дәстүрлі 
зертханалық жұмыста студенттер әдетте деректерді жинауға 
көп уақыт жұмсайды. Тек қарапайым тәжірибелерді талдауда, 
реактивтер жетіспеушілігінен оқушылар сабақты дұрыс түсінбей 
қалуы мүмкін. Осындай мәселердің нәтижесінде виртуалды 
зертханалар ең тиімді тәсіл болып табылады және оқушылар жоғары 
сапалы зертханаларды лезде іске қоса алады. Деректерді жинауға 
және өңдеуге оқушылар уақытты үнемдейді және нақты зертханада 
жиі өзгермейтін жүйенің конфигурациясын өзгерте алады. 
Виртуалды зертхананың басты артықшылығы қауіпті жабдықтар 
мен реагенттермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті камтамасыз 
етеді. Орта мектептерге арналған виртуалды зертхананың қосымша 
түрлері:


222
223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет