«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» 9 Проблемные ситуации в мышлении и обучении / А. М.
Матюшкин. Москва-Берлин: Директ-Медиа, 2014. 274 с.
10 Махмутов М.И. Проблемное обучение. Казань. Издательство
«Магариф – Вакыт» 2016 – 423 с
11 Borges G.L.A.. Training teachers of biology, teaching materials
and school knowledge. PhD. in Education. University of Campinas,
Campinas. 2000
12 Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н., Сахариева Б.Н. Жалпы
білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық/ Химия. –
Алматы: Атамұра, 2018. – 224 бет.
МЕКТЕПТЕРДЕ ХИМИЯНЫ АҚПАРАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ СМАН М. С.
магистрант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. МУКАТАЕВА Ж. С.
х.ғ.к., қауымд. профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мәселесін шешу тек бағалау арқылы оқу нәтижелерін талдау ғана емес, сонымен қатар оқушылардың қосымшалар арқылы химияны оқытуға деген пікірлерін ескеру болып табылады. Оқытудың дәстүрлі және интерактивті әдістерін ұтымды үйлестіре отырып, химия сабағын оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ақпараттық технологиялық қосымшалардың артықшылығы оқытушыларға орны мен уақытына қарамастан сабақ беруге, сыныпта да, одан тыс жерлерде де оқуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл мұғалімге оқушылармен жүйелі түрде қолданылатын мобильді сандық құрылғылардың көмегімен оқушылармен жеке деңгейде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Кілтті сөздер: Ақпараттық технологиялар, мектеп, мұғалім,
химия, оқыту.
Соңғы он жылдықта білім берудің ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) өркендеуіне қарамастан, бүкіл әлемде білім
беру жүйесінің басым парадигмасы өзгерген жоқ. Фалькао және
басқа да ғалымдардың [1] ойынша мұғалімдердің жоспары мен
әдістеріне енгізілген АКТ-ды оқыту пассивті оқушылардың білім
алуына негізделген. Ғалымдардың айтқанымен келісуге болады,
себебі оқушыларға сабақ жүргізу барысында, барлық оқушылар
белсенді бола бермейді. Егер де көптеген бағдарламаларды қолдану
арқылы сабақ жүргізетін болсақ, барлық оқушылар белсенді болуға
ұмтылады. Оқушылардың сабақ барысында қолданылатын интернет
көздері, қолданылатын технологиялық жабдықтары мектеп ішінде
орналасады. Бірақ, барлық мектептерде мұндай жабдықтар бірдей
қамтылмаған. Уақыт өте келе компьютерлер санының мектеп
көлеміне қатынасы оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін
маңызды фактор ретінде анықталды.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму
кезеңдерінде жалпы білім беретін мектептерде оқу үрдісінің
тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей
байланысты болып табылады. Сол себепті АКТ-ды педагогикалық
іс-әрекетте кеңінен қолдана білу, іскерліктерінің жоғары деңгейде
қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын
талаптарға кіреді. Мұғалімдердің тек ғана АКТ-ды қолдануға ғана
емес, сонымен қатар осы құралдарды жасап дайындау өзекті мәселе
болып табылады. Құралдарды жасау барысында мұғалімнің кәсіби
білімі, іскерлігі және мәселелерді формальды сипаттау дағдылар
жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
статистикасына сәйкес, осы ұйымға мүше елдердің 15 жастағы
оқушыларының 96%-ында үйінде компьютер, смартфон немесе
планшет бар екені анықталған [2]. Жалпы халықтың смартфондар
мен планшеттерді қолдануының артуы, білім беру саласында
оқыту мен ынталандыруды қолдау мүмкіндіктерін арттырады.
Оқушылардың мектептер мен үйлердегі АКТ-ға қол жетімділігі
ұлттық инвестициялардың ұлғаюымен және құралдардың
бағасының төмендеуімен жақсарды. Мобильді цифрлық
құрылғыларды оқытумен біріктіру оқушылардың оқу жетістіктерін,
қызығушылығын және мотивациясын жақсартудың ең жақсы тәсілі
ретінде, оқушыларды тартуға, әлеуметтік желілерде білім алмасу
арқылы оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік беретіні расталды.
Алайда Мохс пен Маррокеннің зерттеулерінде [3] технологиялық
іс-шараларға қатысудың оқушылардың қызығушылықтары қысқа
болатынын көрсеткен, себебі технологиялардың жаңалығы күннен-
күнге өзеріп отырғандықтан, тез тозады.