Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет113/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ КЛАСТАРЫ 
ТАҚЫРЫБЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
CАБЫР Ж. Ә.
магистрант, Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
МУКАТАЕВА Ж. С.
х.ғ.к., қауымд. профессор, Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Бұл мақала қазіргі таңдағы оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын арттыру мақсатында баланың қажеттіліктері, 
қабілетіне қарай оқыту процесін ұйымдастыруға бағытталады. 
Сонымен бірге мақалада химияны оқытудағы дидактикалық 
материалдардың негізгі функцияларына қатысты мәселелер 
қарастырылып, олардың жіктелуі, орындайтын функциялары 
мен қойылатын талаптар көрсетілген. Осыған байланысты 
орта мектеп оқушыларының бір сыныбына (8 сынып) химия 
сабағының әртүрлі кезеңдерінде дидактикалық материалдарға, 
атап айтқанда дидактикалық карточкаларға негізделген әдістер 
қолдану нұсқасы ұсынылды.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны 
білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер 
жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, 
ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамның 
өзекті мәселесі [1]. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен 
оқытуда оқушыларды ынталандыратын, оларды дамытатын 
дидактикалық материалдар мен әдістерін жетілдіруді қажет етеді. 
Сол себепті мұғалімдер оқу материалының мазмұнын қызықты етіп, 
дұрыс ұсына білуі, сонымен бірге, оқыту барысында балалардың 
қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен ұмтылыстарын ескере 
отыра, оқытудың әдістері мен материалдарын өзгертіп отыру қажет. 
Осыған байланысты Д.Дьюй оқыту процесін баланың 
қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды [2]. 
Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, 
жаттау және жаңғырту емес, оқушылардың алған білімдерін іс-
әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде 
қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін 
айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған 
білімге сәйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды 
туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-
ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі.
Дегенмен мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге 
және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек 
оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, 
материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, терең талданады. 
Мұндай оқыту өнімсіз және уақытты көп қажет етеді.
Бірақ оқыту процесінде тиімді әрі жоғары нәтижелерге қол 
жеткізу үшін, оқушылар үшін белсенді қатысуға мүмкіндік беретін 
дидактикалық материалдардың және оқытуда қолданылатын 
әдістердің маңыздылығын атап көрсеткен жөн [3]. Химияны 
оқытуда дидактикалық материалдар оқыту мен оқу процесінің 
негізгі құралдары болып табылады және бұл негізгі құралдарсыз 
химияны оқытуды елестету қиын сияқты. Себебі мұғалімдер 
үшін бұл идеяларды педагогикалық практикаға енгізу құралы 
әрі оқушыларға байланысты олардың белсенділігін арттыруға, 
сабақта іс - әрекетке тарту үшін маңызды рөл атқарады [3,4]. 
Сондықтан қазіргі уақытта химияны оқытуда дидактикалық 
материалдар қолдануға негізделген әдістер өзекті болып табылады. 
Осы мақала орта мектеп оқушыларының ішінде бір сыныбын (8 
сынып) ала отырып, дидактикалық карточкаларды қолдану арқылы
бейорганикалық қосылыстардың кластары тақырыбын оқытуға 
бағытталады.
Білім беру процесі оқу-әдістемелік процестер мен материалдар 
жиынтығынан тұрады. Оқу процесін талдау кезінде ескеру 
қажет үш маңызды аспект бар. Бұл аспектілер: процеске 
қатысушылар(оқушылар және мұғалімдер), олардың мақсаттары, 
дидактикалық немесе нұсқаулық материалдар [5]. 
Дидактикалық материалдар - бұл субъектілерге оқу процесінде 
өз мақсаттарына жетуге көмектесетін, сыныпта немесе үйде 
өздігінен жұмыс істеу мақсатында таратылатын материалдар 
(мысалы, карталар, кестелер, суреттері, мәтіндері, цифрлары бар 
карточкалар, реактивтер және т.б.). Екінші жағынан, дидактикалық 
материалдар мұғалімдердің оқушыларға оқу процесінде қолданатын 
үлестірмелі материалдар, үй тапсырмалары, бақылау жұмыстары, 
тест тапсырмалары және дидактикалық ойындары жатады [6].
Дидактикалық материалдардың ішіндегі дидактикалық 
карточкаларға тоқталсақ, бұл ғылыми ақпараттың, тапсырмалардың, 
сұрақтардың, сондай-ақ ұйымдастырушылық нұсқаулардың бір 
бөлігі болып табылатын көрнекілік құралдардың бірі. Онда негізгі 


212
213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет