Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» мәліметтер, тапсырмалар және сипаттамалық формадағы көмекші
шешімдер болады, олардың көмегімен оқушылар жеке немесе
топтарға бөліну арқылы сыныпта берілген тақырыпқа байланысты
тапсырмаларды орындайды [7].
Осы бағытта психологтар Т. В. Кудрявцев [8], А. М. Матюшкин
[9], М. И. Махмутов [10] т.б. еңбектерінде оқушыларда танымдық
қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың
мәселелері зерттелінді. Зерттеулер бойынша оқу процесінде
дидактикалық карточкалар маңызды рөл атқарады:
Оқушылардың қажетті материалды өз бетінше түсінуі мен
игеруі және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау және түзету, танымдық
іс-әрекетін қалыптастыру.
Ойлаудың белгілі бір түрін дамыту: визуалды-бейнелі,
теориялық, логикалық.
Демек дидактикалық материалдар тек мұғалім мен
оқушы арасындағы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың
арасындағы да негізгі байланыс болып табылады. Өйткені мұғалім
тарапынан ұсынылған дидактикалық материалдар оқушылардың
қызығушылығын оятатын, олардың мүмкіндіктері мен уақытты
қарастыра отырып, сабақ туралы оқушыларға нақты ақпарат бере
алады [11].
Зерттеу әдісі. Зерттеу орта мектеп оқушылары (8 сынып) үшін
дидактикалық карточкалардың оқу барысына әсерін зерттейді.
Зерттеуге 28 оқушы қатысты. Зерттеу үшін бейорганикалық
қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы пәндік контекст ретінде
таңдалды. Және де оқушылардың қолданылған дидактикалық
карточкаларға негізделген әдістерге байланысты ойын білу үшін
сауалнама жүргізілді. Сауалнама екі немесе бірнеше таңдаудан
тұрады (кесте 1).
Кесте 1 – Сауалнама
№
Сұрақтар
1.
Сыныпта сабақ барысына дидактикалық карточкалар оң әсер етті
ме?
а) Иә в) Жоқ
2.
Мұғалім химия сабағында дидактикалық карточкаларды қолдануы
туралы сіздің ойыңыз?
а) Қызықты в) Жақсы с) Ұнаған жоқ
3.
Тағы да дидактикалық материалдар қолданылғанын қалайсыз ба?
Иә в) Жоқ с) Кейде д) Білмеймін
4.
Мұғалім қолданған әдіс пен дидактикалық карточкаларға берер
бағаңыз:
а) Үздік в)Орташа с)Төмен
Ең алдымен оқушыларға тақырыпқа байланысты түсіндірме
жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың сабақ барысында берілген
тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында топқа
бөліну арқылы дидактикалық карточкалармен кішігірім жарыс
ұйымдастырылады. Жарыс ережесі бойынша оқушылар төрт топқа
бөлінеді, әр топқа химиялық қосылыстар жазылған карточкалар мен
«оксид», т.б. атаулары воронкалар таратылады. Оқушылар міндеті:
карточкаларды өз воронкаларына орналастыру (сурет 1).
Сурет 1 – Воронка әдісі
Екінші бөлімінде әр топ өз воронкаларындағы карточкаларды
төмендегідей сызбанұсқаларға сәйкестендіру керек (сурет 2).
Сурет 2 – Сәйкестендіру сызбанұсқасы [12]
Үшінші бөлімінде келесі сабақта әр топқа «карта» әдісі арқылы
үй тапсырмасы сұралады. Әр топқа карта ойынындағы карточкалар
таратылады. Бір жағында анықтама немесе реакция басы, екінші
жағында анықтама атауы, реакция жалғасы болуы мүмкін. Әр
топ екі карточкаларды сәйкестендіріп, шығуы керек, кім бірінші