Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЭПОКСИДТІ ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЖОҒАРЫЛАТУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ АСҚАРОВА Ұ.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. ТАСТАНОВА Л. К.
х.ғ.к., доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. Қазіргі таңда құрылыс индустриясында қолданылатын
полимерлі композиттердің көпшілігі эпоксидті смолалардан
тұрады. Сондықтан олардың отқа төзімділік, беріктілік сияқты
эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту ғалымдардың алдына
қойылатын негізгі міндеттердің бірі.
Мақалада авторлар эпоксидті полимерлі композитті
материалдардың өрт қауіпсіздігін жақсарту әдістерін зерттейді.
Сонымен қатар, шет елдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарына
шолу жасалып, тиімді әдістер мен оңтайлы параметрлер келтіріледі.
Соңғы 25-30 жылда эпоксидті композиттерге деген
қызығушылық жоғары дәрежеде артуда. Бұл аталған кешеннің
дәстүрлі полимерлі материалдарының қасиеттерін жоғарылатып,
жаңа материалдар ойлап табуға деген талпынысты оятады. Бұл
тек жоғары беріктілік пен модульдік қасиеттерге ие, армирленген
композициялық материалдардың талшықтарына ғана емес,
сұйық термореактивті эпоксидті ұсақ толтырғыштардан тұратын
материалдарға да қатысты [1, б. 111].
Сіңдіру және құю компаундтарында төсеніштерді жағу
үшін құрылыс, көлік жасау, электротехника, құралдар жасау
салаларында мақсатты талаптарды қанағаттандыратын тиімді
полимерлі композитті материалдар ретінде эпоксидті материалдар
қолданылады. Олармен бірге өнеркәсіп салаларында өрт қауіпсіздігін
қанағаттандыратын белгілі бір талаптар болады. Эпоксидті смолалар
жану кезінде жоғары масса жоғалтумен (78%) және жанудың төмен
оттекті көрсеткішімен сипатталады (19,22%). Алайда эпоксидті
смолалардың пиролі кезінде байланыстардың үзілуінен тігілу,