ана
деген сөзді айтқанда
а.....на..
деген екі
буынға бөлінеді.
Ағалар
деген сөзді бөліп айтқанда
а.....ға...лар
«رلااغا» деп,
үш буынға бөлінеді.
Ағаларға
деген сөзді бөліп айтқанда
а..ға...лар...ға
«اغرلااغا» деп, төрт буынға бөлінеді. Балалар бастапқыда дыбыспен жаттығу
арқылы бір буын, екі буын, үш, төрт буынға біртіндеп көше отырып,
дыбыстарды толықтай меңгереді.
А.Байтұрсынұлының пікірінше, дауысты дыбыстар сөздің жаны
есебінде, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде. Егер, дауысты дыбыстар
жіңішке айтылса, дауыссыз дыбыстар да дауысты дыбыстарға бағына
отырып, жіңішке айтылады, дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз
дыбыстар да жуан айтылады. Мұнда үндестік заңы мен бағыну заңы қатар
орын алады. Қазақ тілінің басқа тілдерден өзгешелігі де дыбыстардың бір
біріне жалғануында. Әріп дыбысқа берілген шартты таңба болғандықтан,
әріптерді қазақ халқына тән етіп берілуінде А.Байтұрсынұлының
грамматолог ғалым ретінде қосқан үлесі зор. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің
негізін қалаған алғашқы грамматолог ғалым.
А.Байтұрсынұлының тағы бір жаңашыл туындысы Ташкентте 1926
жылы «Әдебиет танытқыш» («Теория словестности») деген атпен
жарияланды [71]. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, негізгі
терминдері мен категориялары осы кітапта берілген.
А.Байтұрсынұлы «Ақ жол» атты еңбегінде өлеңдер мен тәржімелер,
публицистикалық мақалалар жарияланған [72].
А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінен басқа, жазуға, әдіснамаға,
мектепке, әліпбиге және оқу жұмыстарына қатысты ғылыми мақалалары да
бар. Олар: «Қай әдіс жақсы?» [73], «Жалқылау (айырыңқы) әдіс» [74],
60
«Жалқылаулы-жалпылау әдіс» [75], «Жазу тәртібі» [76], «Жазу мәселесі»
[77], «Шаһзаман мырзаға» [78], «Қазақша сөз жазушыларға» [79],
«Байтұрсынов Ахметтің араб әліп-би жақтаған баяндамасы» [80], «Оқу
жайы» [81], «Орысша оқушылар» [82], «Қазақша оқу жайынан» [83],
«Бастауыш мектеп» [84], «Мектеп керектері» [85], «Қазақ арасында оқу
жұмыстарын қалай жүргізу керек?» [86], т.б.
А. Байтұрсынұлының Қызылордадан 1928 жылы жарияланған «Әліп-би»
оқу құралында жаңа бағдарлама бойынша жазылған [87]. «Дыбыс әдісі» мен
«тұтас оқу» әдісінің екеуі де оқу құралында қолданыс тапты. Дегенмен, бұл
әліпбиде қазақ тұрмысына лайық даяр сүгіреттер табылмағандықтан,
сүгіретке байланысты кемшілік көп. Бұл әліпбиде бірінші сүгірет беріледі,
одан кейін дыбыс беріледі. А.Байтұрсынұлы әліпбиде әдістемелердің
барлығын топтастыра отырып, дыбыстарды сүгіреттермен әртүрлі
бейнелеген. Мысалы: «а» дыбысына «а» деп тұрған баланың суреті, «з»
дыбысына «з» деп тұрған араның суреті, «р» дыбысына «р» деп тұрған иттің
суреті берілген. Берілген мысалдар дыбыс әдіс жолына берілген. Тұтас сөз
жолымен үйрету әдісіне байланысты «ора» сөзіне саусаққа жіп ораған сурет,
«ор» сөзіне орылған, маяланған шөптің суреті берілген. А. Байтұрсынұлы
әліпбиде дыбыстарға, сөздерге байланысты суреттерді бірдей бермеген,
түрліше етіп берген. Осы әліпбиде «ермек-еңбек» (он зат-он ат) атты
әдіснамаға бағытталған тәсіл берілген. Мысалы: заттың суреттері тұтас
тұрады, ат жазулары сызық бойымен бөлек кесіледі, одан соң карточка
үлестіріледі. Заттар аттарымен жабылады. Заты жоқ (яғни, суреті жоқ), тек
атын ұстап қалған екеуі сөзді үлесіп алады, жазып шығады. А. Байтұрсынұлы
сөздерге байланысты балаларға қызықты түрлі ойындар ұйымдастыра
отырып, ойын шартын ұсынады. Мысалы: тоғыз зат-тоғыз ат. Тоғыз заттың
атын тоғыз қағазға жазып, көрсеткен түрде сызық бойымен кесіп, тоғыз
табады, таппаған жазады. Балаларға үлестіреді. Келесі сөзді тапқан балаға
жасауыл боламыз деп келіседі. Мысалы: «сап» деген сөз шыққанымыз
жасауыл болайық десе, сол сөз шыққаны жасауыл болып, ойын басқарады.
Тоғыз ат жазылған қағаздарды араластырып, біреуін алады, қолында
ашпастан, «Кім табады? Тапқан жабады. Таппаған жазады» деп айтады.
Мынадай сөз деп айтқан бала табатын болса, кітаптағы затты табылған
атымен жабады. Таба алмаған жағдайда, таба алмаған сөзін жабады. Ойынға
тоғыз баладан да көп бала қатысып, ойнауына болады. Үшінші рет басылған
бұл әліпбиде денсаулық, күз, тазалық тәртібі, салақтықтың кесірі, қыс қамы
секілді қысқа әңгімелер беріледі. Әліпби соңында қазақ әліпбиінен
шығарылған әріптер деп қысқаша мазмұндама беріледі [1,88]. Мысалы: һ
дыбысы. Бұл әріптің дыбысы қазақ тілінде бар. Шаршаған кезде «уһ» деп
күрсінеді, жақтырмағанда «түһ!» дейді. Өкінгенде «аһ» дейміз. Бұл әріпті
қазақ әліпбиінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып
едік, дегенмен, жоқтығы білінеді екен дейді. Х дыбысы. Бұл дыбыс «қ» ға
жақын дыбыс әрпі. Қалың қалай?-Халың қалай? Осы оқу құралының соңғы
61
жағында қазақ әліпбиінен шығарылған әріптерге байланысты қысқаша
тұжырым беріледі.
А.Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордадан жарияланған «Тіл
жұмсар» атты кітабы дәйектемеден басталады [88]. Мұнда неліктен «Тіл-
құрал» сол туралы айтылады. Құрал болғанда толып жатқан көптеген
бөлшектері бар, ал ол бөлшектер түрліше қиысатын, машина секілді үлкен
құрал екендігі туралы айтылады. Құралдың жұмсаушысы екі түрлі дейді.
Біреуі –құралдың ішкі сыртқы бөлшектерінің бәрін біліп, олардың бір біріне
қалай үйлесіп, одан шығатын тетіктердің бір біріне қалай жалғасып, қалай
қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Ал, екіншісі – олардың бәрін
білмей-ақ, құралдың жұмсауға керегі бар сыртқы бөлшектері мен тетіктерін
көріп, қолданып, жұмсау әдісін үйреніп, жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен
тетіктерімен бұл таныс құралды қолдана жүріп, онымен жұмыс істеп,
тәжірибе барысында танысады. Бала үйретуде аталған кітапта қарастырылған
тәсілдің екіншісі қолданылады дейді. Үйрету үдерісіндегі қазіргі
жаңалықтың негізі – үйрету, әсіресе бастауыш мектептерде үйрету, тәжірибе
жолымен білу болып табылады. А.Байтұрсынұлы бала білімді тәжірибе
арқылы дербес алу керек дейді. Мұғалімнің қызметі балаға жұмысты
қабілетіне қарай дербес беру және алдына қойған міндетке байланысты түзеп
отыру болып табылады.
«Тіл-құрал» мен «Тіл жұмсардың» айырмасы «Тіл-құрал» қазақ тілі
қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін,
тетіктерін жеке-жеке жүйелі түрде көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» үлкен
құралдың бөлшектерін, тетіктерін кішірейтіп, жеке-жеке ойыншық сияқты
құрал жасап, соларды қолдана отырып, үлкен құралды танытады. «Тіл
жұмсарда» метатіл беріледі.
А. Байтұрсынұлы әріптен басқа жазуда қолданылатын белгілерге белгілі
ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке қарап түрліше аталатын еді. Осы оқу
құралында «тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық (=), тастарлық (-),
дәлдеулік (« »), сұраулық (?), лептеулік (!)» деп жұмсалатын орнына қарай
атау береді. Дыбыс естілу жағынан төрт түрлі: 1) дауыс (немесе айғай); 2)
үн; 3) сыбыс; 4) сыбыр. Дауыс пен үнді айыру қиын емес, ал сыбыс пен
сыбыр екеуі бір нәрсе емес. А. Байтұрсынұлы осы оқу құралында алғаш рет
сыбыс және сыбыр дыбыстар деп айырды [1].
«Тіл жұмсарда» берілген дыбыстар:
1)
а –ا, о –ﻭ, ұ, ү –ؤ, и –ی, е – ہ дауысты деп аталды.
2)
р –ر, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن, у-ﻭ, й –ي үнді дыбыстар деп аталады.
3)
ж –ج, з –ز, с –س, ш –چ, ғ –ع, г –گ сыбысты дыбыстар деп аталады.
4)
б –ب, п –پ, т –ت, д –د, қ –ق, к –ڬ сыбырлы дыбыстар деп аталады [1].
Бұдан басқа, әріп белгілері, Бекіш әңгімесі, сөйлемдер, сөйлем
белгілері, сөз белгілері: дәйекші, буын: буыншы әріптер, буын түрлері,
қосарлық, есімдегі сүгірет, мақал, жұмбақ, жаңылтпаштар, тасымалдау
берілген. Соңында, жазылмай қалған әріптері бар сөздер берілген. Сол
жағында қалған әріптер, оң жағында қалған әріптер деп жаттығулар беріледі.
62
Мысалы: сол жағында «й» қалған, оң жағында «ы», «і» қалған деп дыбыстар
беріледі. а-й, ай-ы, ба-й, бай-ы, та-й, тай-ы.
А.Байтұрсынұлы «Тіл
жұмсарда»
грамматологияның
метатілін
қалыптастырды. Мұнда біз терминдер деп айтпай, метатіл деп айтып
жатырмыз. А. Байтұрсынұлы терминдерінің күштілігі сөздің ішкі мағыналық
құрылымына негізделіп тұрғандығын айтқым келеді.
А.Байтұрсынұлы 1926 жылы Семейдің губернелік баспасынан
ересектерге арналған «Сауат ашқыш» кітабын жариялайды [89]. «Сауат
ашқыш» кітабы да «Оқу құралы» секілді а, р, з дыбыстарынан басталады.
«Оқу құралынан» айырмасы мысалдардың көп берілмеуінде, яғни
ересектерге арналғандықтан, мысалдар аз берілген. «Оқу құралында» бір
дыбысқа 24 мысал берілген, ал «Сауат ашқышта» бір дыбысқа 12 мысал
берілген. Дыбыстардың барлығына мысал берілген соң, танымдық өлеңдер,
әңгімелер, аңыз әңгімелер беріледі. Бұл туындыда ғалымның алғашқы
«40 мысалы» сынды 40 тақырып қарастырылған [1].
Тақырып «Торайғыр бидің тақпақтарынан» басталып, «Қуанышты күн»
деген Ғ.Сұлтанұлының шағын әңгімесімен аяқталады. Кітапқа Абайдың
«Шырылдауық шегірткесі», Шорман жинағынан төрт танымдық әңгіме,
Ы.Алтынсарин кітабынан: «Үш мерген», «Жәнібек батыр», «Қыпшақ
Сейітқұл», Елдес Омаровтың «Қазақ салты» және «Дағдылы жол мен
айлалы жол», Телжан Шонанұлының «Күн» (Толстойдан), «Тамшының
тарихы» атты аудармалары, Қыр баласының (Ә.Бөкейханов) «Дүние
қандай?», «Қасқыр мен мысық», «Кісі мен арыстан», «Иттер достығы»
(Крыловтан) және басқа да тақырыптағы түрлі әңгімелер мен өлеңдер
топтастырылған. Қазақтың тарихынан сыр шертетін, өнегелі де тағылымдық
әңгімелері бар Торайғыр бидің тақпақтары, Алшын Қаражігіт би, Атақозы
би, Алдар көсе, Қожанасыр, Мүңке би, Үш мерген, Қулық, Даукестер сөзі,
Көсем бала, Әділ би, Жәнібек батыр, Қожанасыр ақылы, Шайқ Сағдидан,
Крыловтан аударма, Абайдың Крыловтан жасаған аудармасы, қазақтың
салтына, шаруа жайына байланысты 40 өлеңі мен әңгімесі аралас
шығармалар жиынтығы берілген. Жалпы саны 40 тақырып, оның ішінде 7
өлең, 2 аударма-тақпақ, 4 мысал-өлең, 25 әңгіме, 2 көркем аударма бар.
|