52
А.Байтұрсынұлы туралы «Ахмет Байтұрсынов
және қазіргі қазақ тілі
фонологиясы» атты монография жазған ғалымның бірі М.Жүсіпұлы. Ол
Алматы қаласынан 1988 жылы 216 беттен тұратын монография жариялады.
Монография сингармофонологиялық теорияға арналған. Бірінші тарауда А.
Байтұрсынұлының фонемографиялық мұрасы зерттелінеді, тіл білімі
тарихындағы оның орнын, ғылыми мәні мен әсерін анықтауға арналған.
Мұнда
А.Байтұрсыновтың
сингармофонемалық
алфавиті
мен
сингармофонемалық орфографиясының
негізгі принциптері, ұғымдары,
нормалық категориялары ретінде келесі ережелер беріледі:
1.
Араб графикасының негізін (тегін) сақтау.
2.
Сингармофонема – сингармодыбыстар қоры.
3.
Әріп – бір таңбаның төрт түрлі өзгерілген қоры.
4.
Қазақ тілі сөйлесімі процесінің сингармониялық қасиеттерін көрсету
үшін, орфографияның сингармофонемалық принципін және арнайы таңба -
«дәйекшіні» пайдалану.
5.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі – сингармониялық
принцип.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген қазақ
жазуында осы аталған бес
ереженің екеуі сақталғандығын айтады. Олар: а) сингармофонема -
сингармодыбыстар
қоры.
ә)
негізгі
орфографиялық
принцип
–
сингармофонемалық принцип дей отырып, сингармониялық жұп әріптерге
тоқталады: а-ә, о-е, ы-і, ұ-ү.... М.Жүсіпұлы дыбыстар туралы былай дейді:
«Қазақ сана-сезіміндегі қазақ тілі дыбыстарының психологиялық бейнелерін
анықтап, сол арқылы қазақ тілі сингармофонемаларының
санын және
қасиеттерін анықтауда А.Байтұрсыновтың ой-өрісі, талғамы өзгеріске
ұшырамады, яғни бір логикалық арнада,
бір ғылыми-теориялық және
практикалық бағытта болды» [62].
Бұл зерттеу еңбегінен тұжырым жасар болсақ, А.Байтұрсынұлының
қазақ жазуындағы сингарможуан және сингарможіңішке дыбыстарды
жүйелеп бергендігін байқауға болады. Егер дауыссыз дыбыстардың дауысты
дыбыстарға бағынатындығын ескерсек,
дауысты дыбыстар жуан айтылса,
дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса,
дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады. А. Байтұрсынұлы қазақ жазуының
грамматологиясының негізін қалады. Практикалық тұрғыдан мысалдармен
бекітті, теориялық тұрғыдан өзі ойлап тапқан метатілге анықтама берді.
Достарыңызбен бөлісу: