50
Қ.Б.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы»
атты оқу
құралында жазба тіл екі жақты межеде өмір сүретіндігін айтады. Оның
дыбыстық деңгейдегі мазмұн межесі графема, тұрпат межесі – әріп, бас әріп,
кіші әріп, әріптің кіші баспа түрі, үлкен баспа түрі, жазба түрі болады.
Ауызша тілдің ең кіші мағыналық бірлігі – фонема – абстракті, санада ғана
өмір сүретін единица болса, жазба тілдің кіші единицасы абстракті бірлік –
графема санада өмір сүріп, әріптің түрлі формалары арқылы таңбаланады.
Сөйтіп, графеманың реализацияланған әріп тұрпаттары белгілі бір тәртіппен
орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде жазба тілдің код жүйесі –
әліпбиге ұйымдасады. Ол жазба тілді оқудың немесе керісінше ауызша тілді
жазуға
айналдыратын
кодашқыш
(Н.Уәлиұлы
термині)
болып
табылатындығын, ал коммуникация теориясы тұрғысынан әліпбидегі әріптер
санының аздығы жазудың код болуына жарайды дейді [46].
Әліпбидегі я, ю, ё әріптері орыс әліпбиіндегі
сөзді жіңішкертетін
белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек й+а, й+ұ+у, й+ү+у, й+о дыбыс
тіркесін беретін болды дей отырып, орыс тілінің
әсерімен енген әріптер
қандай сөздерде және дыбыс тіркестерінде кездесетіндігін айтады. Мысалы: э
– әрпі тек кірме сөздерде, ал у, и таңбалары ый, ій, ұу, үу – дыбыс тіркестерін
белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады. Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп
қосар дыбыс таңбасын береді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ –
[үу], [ұу], [у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен қатар, Қ.Б. Күдеринованың еңбегінде төте жазу қазақ
графикасы тарихында бірден-бір фонематикалық жазу болды делінеді.
«Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі
дыбыстарды қаншалықты дәл,
жеткілікті бере алды – сол арқылы анықтайды». Үндесім заңдылығы қазіргі
қазақ жазуында: 1) дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп
арналумен; 2) <қ><к><қ><г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың жалғануымен;
4)
бейүндес буын жігінде ћ, х әріптерінің маркерлігімен (жићаз [жійћ’а’з],
Ахмет [ах’ім’ет’]) көрініс тапты.
Н.Уәлиұлының
айтуы бойынша, һ әрпі – кірме сөздердегі бейүндес
буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын маркерлі әріп. Мысалы,
Ахмет, жићаз т.б. сөздерде буындардың жіңішке/жуан айтылуына сілтеп
тұрады. Х әрпі сөз тұлғаларының мағынасын графикалық тұрғыда ажыратуға
көмектеседі, кірме сөздерде жазылады [46,109].
Һ дыбысына А.Байтұрсынұлы әліпбиде арнайы дыбыс арнамағандығын
айта кеткім келеді, бастапқыда бұл дыбысқа
байланысты сөздер аз
болғандығын, соған байланысты оған дыбыс арнау қажет деп таппағандығын
айтады. Һ әрпінің дыбысы қазақ тілінде бар дейді. Мысалы: шаршаған кезде
«уһ!» деп күрсінеміз. Жақтырмағанда «түһ!» дейміз. Өкінгенде «аһ» дейміз.
Ауырғанда «әһ!», «әһ!» дейміз дейді. Жалпы алғанда, һ дыбысына
байланысты сөздер одағай сөздерде кездеседі дейді. А.Байтұрсынұлы бұл
әріпті қазақ әліпбиінен шығарған кезде мұнымен
жазылатын сөздер аз деп