Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет15/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

су, ты, ти 
болып шығатын 
сөздерді suv («сұу»), tьj («тый»), tij («тій») қылып, ұ+у, ү+у, і+й 
қосарларымен таңбалау әдет болған»,-дейді. А. Байтұрсынұлының араб 
әрпіне енгізген өзгерісі –бірқатар әріптердің үстіне үтір, мәт қою (бұл бір), 
арабтың әмзесін дәйекшілікке алу (бұл екі), қосар әріп енгізу (мұнымен үш). 
А. Байтұрсынұлының әліпбиіне қатысты сыни пікір білдіру арқылы, А. 
Байтұрсынұлының еншісіне тиетін, шығарды деуге жарайтын нәрсе –қосар 
әріптер деген тұжырымға келеді. Үтір қоюды алдымен Түркияда Шамсиддин 
Сами шығарған, одан кейін Татарстанда Каюм Насири, бұдан соң Нади 
Махсудов осы күнгі біздің әріптеріміздің у, ү әріптерінің орнына жұмсаған 
деген пікір айтады. Мәт пен әмзе таңбаларын да жуан а мен жіңішке ә 
орнына алу солардан қалған дейді. 
Қ.Жұбановтың пікірінше, А.Байтұрсынұлының сыбағасында қалған 
әріптер – қосар әріптер ғана. 1924 жылғы емлесінде бұрынғы ұу түріндегі 
жалғыз қосар: ыу, іу, ұу, үу деген төрт қосарға айналды дей отырып, ескі 
арабша әліппеміздегі қосарлылық ауруын ала келіппіз дейді. Қосар әріп 
болғаннан кейін қате жазу да көбейеді дейді. Қ.Жұбанов ұу, ій-лер шынында 
бір-бір дыбыс па, жоқ, әрқайсысы қос дыбыстан ба?-дей отырып, өзінің 
жасаған тұжырымын В.Радловтың, П.Мелиоранский, Ғалымжан Шарап, 
Богородицкий пікірлерімен байланысты қорытындылауға тырысады. 
В.Радлов бұл дыбыстарға байланысты өзінің неміс тілінде шыққан «Терістік 
түркі тілдерінің фонетикасы» атты кітабының І томында бұл дыбыстарды 
қосар дыбыс демей, жалаң дыбыс деген. Бірақ, В.Радлов әліппеміздегі 
ұу, ій 
-лерді «ұзын дауысты» деп, ұзындық белгісімен таңбалаған. 


44 
Қ.Жұбановтың ойынша, бұл қате. Себебі, ұзындық-қысқалық белгісі 
қырғыз тілінде бар болғанымен, қазақ тілінде жоқ. Қ.Жұбанов осыған 
байланысты тағы бір пікір білдіреді. Қ.Жұбанов: «В.Радловтың ұу, ій-лерді 
«ұзын дауысты» деуі тек қысаң ұ, ү, ы, і –лерден айыру үшін болса керек. 
Олай болса дұрыс», дей отырып, өз пікіріне қарама-қайшы пікір келтіреді 
[55,346]. 
В.Радловтың тағы бір айтқаны: ұзын ұ, ұзын і-лерден соң, дауысты 
келсе, екі дыбыстың ортасына бір жарты дауысты тығылады, 
су, би 
болады 
да, 
сұуат, бійік 
болады деген. Бірақ, жазу барысында ол жарты дауыстыны 
таңбаламаған. Әліппемізде тійін, бійік деп жазылатын сөздерді В.Радлов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет