Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет14/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

қ мен к 
дыбыстары бір 
фонема қатарында саналады ма? Қазақ тіліндегі қ дыбысын к дыбысы 
алмастыра алады ма? Осы дыбыстарды таңбалауда А.Байтұрсынұлының 
еңбегін негізге алғанды жөн көрдік. Әрбір дыбысқа жеке жеке таңба арнаған 
А.Байтұрсынұлының аталған дыбыстарды бейнелеу барысындағы зерттеуін 
әлі күнге дейін зерттеушілер негізге алады. 
20-30 жылдарда қазақ филологиясы саласында табысты еңбек еткен 
профессор Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма? (ұу, үу, ый, ій-лердің емлесі 
жөнінен)» атты мақаласы алғаш рет «Мемлекеттік термин комиссиясының 
бюллетенінің» 1935 жылғы 1-номерінде («Қазақстан» баспасы, Алматы) 
жарияланды [55,341]. 
Аталған мақала А. Байтұрсынұлының әліпбиіндегі емлеге байланысты 
сын пікір айтудан басталады. Қ.Жұбановқа ұнамаған нәрсе А. 
Байтұрсынұлының әліпбиіндегі «сүйеу таяқ» қою. «Сүйеу таяқтың» әліпбиге 
керексіз нәрсе екендігін, «сүйеу таяқ» 1924 жылы қазақ жазуынан алынғанын 
айтады. Қ.Жұбанов: «Дауысты дыбыстың алдынан қойылған «мәтсіз әліп» 
басқа әріптер секілді белгілі-бір дыбыстың таңбасы бола алмайды»,-деген 
тұжырымға келеді. 


42 
Қ.Жұбанов сүйеу таяқ туралы келесідей пікір білдіреді: «Араб әрпін 
қолданып жүрген кезімізде сөздің басында дауысты дыбыс тұра қойса, 
жазғанда оның алдыңғы жағына бір «әліп» әкеліп сүйеп, мұны «сүйеуқұрыл 
таяқ» деп атаушы едік. Бұл шынында да сүйеу таяқ қана еді. Үйткені
дауысты дыбыстың алдынан қойылған «мәтсіз әліп» басқа әріптердей, белгілі 
бір дыбыстың таңбасы болмайтынды. Ол тек –ескі әдеттің нендей 
оңбағанынан да безіп кетуге батылы бармайтын, шығандап шауып соны жол 
сала алмайтын, дағды құлы мешеудің көкірегіне демеу, жанына сүйеу болу 
үшін ғана керек еді. Сонда да сол түкке керегі жоқ сүйеу таяқ араб негізді 
әліппесін жамап кигенімізден кейін де он бір жыл өмір сүріп, 1924 жылы
ғана қазақ жазуының еңсесінен шақ түсті» [55,341]. 
А.Байтұрсынұлының әліпби ережесіне сәйкес дауысты дыбыстар сөз 
басында келсе, олардың харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады. 
Мысалы, «ұ» әрпінің алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. 
Бұл «ұ» әрпі сөз басында келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, 
тек сүйеу үшін ғана қойылады деп ережеде арнайы айтылған. Демек, 
Қ.Жұбанов қабылдамаған сүйеу таяқтың ережеде оқылмайтындығы 
айтылған, сүйеу таяқтың өзіндік алатын орны болған емес. Сондықтан да, 
сүйеу таяқ ешқандай да дыбысқа кедергі келтірген емес, өзіндік орны болған 
да емес, ешқандай дыбыс орнына қолданылмағандығын ескерсек, 
Қ.Жұбановтың сүйеу таяқ туралы айтқан пікірі негізсіз дегім келеді. 
Қ.Жұбанов «Қосар әріп бізде қайдан басталады?» тақырыпшада араб 
негізді әліппенің үйлесімсіздігі туралы айтудан бастайды. Қ.Жұбанов: «Араб 
негізді әліппенің біздің тілімізге үйлесімсіздігін жұрт ерте-ақ сезе бастаған 
болатын. Қазақ тілінде жазылған қағаздардың қандай ерте кезден 
қалғандарын алып қарасаңыз да, жазуды дағды қылған адамның ісі болса, 
онда араб әріптерін қазақ дыбысына шақтау, белгілі бір әріп, белгілі бір 
таңбаны белгілі орындарда белгілі бір түрде қолданған емле элементтерін 
көресіз. Мәселен, с дыбысының жуан естілетін жеріне сат, жіңішке естілетін 
жеріне сын жазатын, т дыбысының жуан естілетін тай, жіңішкесіне ти 
жазатын. Жуан з-ның орнына бірде зат, бірде зай жазып, жіңішке з-ның 
орнына зій жазатын. Тағы-тағы осындай әркім өзінше өз бетімен болса да, 
белгілі-бір қалыпқа айналған «емле іздеушілік» өте ерте кезден-ақ басталған 
сияқты. Дауысты дыбысты таңбалаудан осындай стихия түрінде іздену 
болғандығы сезіледі»-дей отырып, дауысты дыбыстарды таңбалаудағы емле 
элементтері туралы айтады [55, 342]. 
Қ.Жұбанов А.Байтұрсынұлының жасаған әліппесі мен емлесі жөнінде 
былай дейді: «Байтұрсынұлы жамап шығарған әліппе мен емле қазақ 
дыбыстарын жіктеу, таңбалау жөнінде дәлірек, түгелірек болған болса, онда 
оның өзбетімен тауып шығарған нәрсесі болмайтын-ды. Ильминский, 
Мелиоранский, Радлов сияқты оқымыстылар, Ронгинский, Алекторов сияқты 
миссионерлер орыс әрпімен таңбалап қазақ әліппесін шығарғанда, осы 
Байтұрсынұлы «тапты» деп жүрген дыбыстардың бәрі де ашылған болатын- 
ды. Ахметтен көп бұрын қазақ тілі мен оқу құралдарын шығарғанда, а мен ә, 


43 
о мен ө-лер барын, немесе с, т-лардың жуан-жіңішкесіне әріп алудың 
керексіздігін Ыбырай Алтынсариндер Ахметтен үйренбегенді. Егер осы 
күншығысшылар мен миссионерлер шығарған әліппе болмаған болса, 
Байтұрсынұлы әліппесі де, кім білсін, қандай болып шығарын. Тіл, әліппе 
мәселесінің тарихынан түк хабары жоқ кейбір азаматтар, өмірінде 
А.Байтұрсынұлының грамматика емлелерін оқып шығып көрмеген, өзі 
ұқпаған да болса, ол «Америка ашқан жоқ еді» десең, мұның «солақайлық», 
«демагогия» деп өре түре келетіні бар, бұлардың құлағына алтын сырға!» 
[55,342]. 
Қ.Жұбанов Байтұрсынұлының жасаған әліппесі мен емлесін осылай деп 
сынайды. Дегенмен, мұнда айта кететін нәрсе –А.Байтұрсынұлына дейінгі 
жасалған әліпбидің барлығы дерлік орыс тілінің дыбыстарына негізделгендігі 
болып отыр. Ы.Алтынсарин 
ң 
дыбысын беруде қосар әріпті қолданғандығы 
қазақ тіліндегі төл дыбыстың табиғатын ашуда жіберген өрескел қателігінің 
бірі болып саналатындығын айтқым келеді. Неліктен басқа әліппелер 
қазақтың жанына, жүрегіне жақын болмады? Себебі, қазақтың төл 
дыбыстары, қазақтың табиғатына тән дыбыстар А.Байтұрсынұлына дейінгі 
әліппелерде болмады. 
Сонымен қатар, бұл мақалада әріпті қолданудағы қосар таңбалар туралы 
да айтылады. Қ.Жұбанов: «Қосар таңбаларды: бір дыбысты екі әріп, төрт 
әріппен белгілеулер: орыс әрпімен жазғанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет