«Тіл-құрал»,
дыбыс жүйесі мен түрлері, 1-
інші тіл танытқыш кітапты Қызылорданың мемлекет баспаханасынан
жариялайды [67]. Бұл оқу құралында да «Сөз басы» деп басталады; «Тіл –
адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі
адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді,
56
осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы
күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді» [1,173].
А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» туралы былай дейді: «Үш жылдық
бастауыш мектептегі оқуға шамалап қазақ тілінің наху, сарфын бөліп,
балаларға оқытуға ыңғайлы түрмен осы «Тіл-құрал» деген кітапшаларды
шығарудамыз.
«Тіл-құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде
сондай жат көрінер, өйткені бұл –қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта
бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы
үйренген соң жатырқау қалатын. Арабша һәм орысша наху, сарф
үйренгендерге жат көрінгенмен, түсініксіз болмас. Араб һәм орыс наху,
сарфларында оқылатын заттар мұнда да оқылады. Айырмасы сол ғана: онда
арабша я орысша айтылған есімдер мұнда қазақша айтылады. Олай болғанда
оқылатын заты бір, аты ғана басқа [1,142].
Тіл мүшелеріне байланысты тоқталады. Олар: сөйлеу мен сөйлем,
сөйлем мен сөз, сөз бен буындар, буын мен дыбыс, қазақ тіліндегі дыбыстар,
олардың таңбалары, дауысты, дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар, сөз
жазуының жалпы ережелері, жұрнақтар, атауыш сөздер: зат есім, сын есім,
сан есім, есімдік, етістік, шылау сөздер: үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз,
тасымал.
Сөз тұлғасына қарай беске бөлінетіндігі, сөздер мағынасына қарай тоғыз
тапқа бөлінетіндігі туралы қорытуда айтылады. Сөз тұлғасына қарай беске
бөлінеді: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар. Сөздер
мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді: есімдеуіш атау сөздер: зат есім, сын
есім, сан есім, есімдік, етістік болса, шылау сөздер: үстеу, демеу, жалғау,
одағай [1,197].
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» оқу құралында дағдыландыру мен
сынау деген сөздер жиі ұшырайды. Дағдыландыру дегеніміз –жаттығу, ал
сынау – жаттығуды қорытындылау. Дағдыландыруда мысалдар бере отырып,
сынауда берілген жаттығуды қорытындылайды.
А.Байтұрсынұлы 1915 жылы
«Тіл-құрал»,
қазақ тілінің сарфы, 2-інші
жылдық Орынборда жариялайды [68]. Бұл оқу құралы «Сөйлеу бөлімдері»
деп басталады; зат есім, тәуелді қалып: оңаша тәуелдік, ортақ тәуелдік,
қорытуда: жалғаулар, тәуелдіктер; зат есімнен туған сөздер, сын есім, жай
сын, сан есім, есімдік: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, анайы
қалып, сыпайы қалып, танықтық есімдігі, етістік; етістер: сабақты етіс, салт
етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс
етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс; райлар: тұйық рай, билік рай, ашық рай,
шартты рай, ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай, мұң
рай, көніс рай, қайрау рай, азалы рай, теріс рай; көсемші: үнемді көсемше,
үнемсіз көсемше, ниетті көсемше; үстеу: нықтаулық үстеу, сынаулық үстеу,
өлшеулік үстеу, мезгілдік үстеу, мекендік үстеу; демеу, жалғаулықтар,
одағай, одағайдан туған сөздер.
57
А. Байтұрсынұлы 1925 жылы
«Тіл-құрал»,
қазақ тілінің сарфы, ІІІ-інші
тіл танытқыш кітабын Қызылордада жариялайды [69]. Бұл кітап «Сөйлем
жүйесі» деген тараушамен басталады. Бірінші бөлім «Сөйлем мүшелеріне»
арналады: бастауыш, баяндауыш, жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем,
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сөздер: мезгіл пысықтауыш, мекен
пысықтауыш, сын пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш;
бұратана сөздер: қыстырма сөз, қаратпа сөз; сөйлем мүшелерін айыруға
керек сөйлем мысалдары.
Екінші бөлім «Сөйлем түрлеріне» арналады: болымды сөйлем,
болымсыз сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, жалаң сөйлем,
жайылма сөйлем. Айтылу түрлеріне байланысты сөйлем түрлері төрт түрлі
болады: сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, тілекті сөйлем, жай сөйлем.
Құрылуына байланысты сөйлем түрлері: іргелес сөйлемдер, құрмалас
сөйлемдер, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, басыңқы сөйлем, бағыныңқы
сөйлем, бастауыш бағыныңқы сөйлем, анықтауыш бағыныңқы сөйлем,
толықтауыш бағыныңқы сөйлем, шартты бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы,
қыстырынды сөйлем, келтірінді сөйлем, орамды немесе өрнекті сөйлем, жазу
қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі: кіші сызықша,
үлкен сызықша, ноқат, үтірлі ноқат, теріс үтір, қос ноқат, сұрау белгісі, леп
белгісі, көп ноқат, қабат үтір, жақша. Соңында сөйлем түрлерін айыруға
керек сөйлем мысалдары берілген. Сөйлем түрлерін айыру сөйлем
мысалдарымен үш түрлі жүзеге асады дейді. Олар:
1.
Өлеңмен айтылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру.
2.
Сөйлем түрлерін айырту.
3.
Сөйлемдердің керек болған түрлерін оқушыларға тапқызу.
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құралды» 1914 және 1915 жылдары Орынбордан,
1925 жылы Қызылордадан жариялайды. 1. Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы.
1-ші жылдық. Дыбыс жүйесі һәм түрлері (фонетика); 2. Тіл – құрал. Қазақ
тілінің сарфы. 2-ші жылдық. Сөз жүйесі һәм түрлері (морфология); 3. Тіл –
құрал. 3-жылдық. Сөйлем жүйесі һәм түрлері (синтаксис). «Тіл-құралдың»
әр жылда жарияланған бөлімі бірін-бірі толықтырып отырған. А.
Байтұрсынұлы қазіргі таңда қолданыс тапқан әдістемелердің көпшілігін оқу
құралдарында жаттығулар беру арқылы, үйренушіге оңай болатындай етіп,
танымдық, тағылымдық мысалдармен бере білген. Қазақ тіліне байланысты
метатілдің тұғыры осы кітаптардан бастау алады. Қазақтың тіліне сай
метатілдің негізі осы оқулықтардан басталады.
А. Байтұрсынұлының оқу құралдары қазақ тілінің таза күйінде
сақталуына негіз болды, қазақ халқының сауаттылығын арттыруға үлес
қосты, әлемдік мәдениетпен араласу жолын жеңілдете түсті, мектептерде
балалар мен ересектер осы оқу құралдарымен сауат ашты. Қазақтың
балалары білім нәрімен сусындай түсті, оқуға деген ынтасы артты,
сауаттылық деңгейі арта түсті. Бұрын татар тілі мен орыс тілінің элементтері
басым болған қазақ тілі таза күйінде халықтың жүрегіне жол тапты. Бұл
нағыз ұлттық жазу еді.
58
А. Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған
ғалым. Оның «Баяншы» атты қазақ мұғалімдеріне арналған оқу құралы
әдістемелік тұрғыдан жазылған, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ең алғашқы
үлгісі 1920 жылы Қазанда жарияланды [70]. Кітаптың алғысөзі оқытуға
байланысты дидактикалық қағидадан басталады. «Үйрену һәм үйрету ең
басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай,
көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.
Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын,
көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шабыттанады» [1,323].
«Баяншы» атты еңбегі А. Байтұрсынұлының 14 жыл бала оқытқан
мұғалімдік тәжірибесінің негізінде жазылған. «Баяншы» екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім: «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері»,
екінші бөлім: «Дыбыспен жаттығу». Бірінші бөлімде қазақ тілінің дыбыстық
құрамы беріледі. Қазақ тілінде 24 дыбыс бар дей отырып, дауысты, дауыссыз
дыбыстарды, жарты дауыстыны атап көрсетеді. Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ,
у –ؤ, ы –ی, е –ڍ, ہ. Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر,
з –ز, с –س, ғ –ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن. Жартыдауысты
дыбыстар: шолақ ؤ (у), һәм шолақ ي (й).
Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік
ерекше жүйесін ұсынған А. Байтұрсынұлы «қ» мен «ғ» дыбыстарының ылғи
жуан, «к» мен «г», һәм «е»-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып,
былай деп жазады: «Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі,
жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, мысалы: ﺖ (т), س (с) сықылды,
онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дәйім жуан айтылатын «қ»
мен « ғ»-ны қосқанда дәйім жіңішке айтылатын «к», «г», «е»-лерді қосқанда,
бәріне 43 белгі (харіп) керек [1,324].
Қазақ тіліндегі дыбыстарды жіңішке айту дәйекші белгісін қолдану
арқылы жүзеге асқан. А. Байтұрсынұлы «Баяншыда» 43 түрлі дыбысты 25
белгілермен қалай жазып, қалай оқу керектігін айтады. Сүйеу хисабында
алиф әрпі басқа әріп қасына қойылса, «а» болып оқылмайды. Егер, ا алиф
әрпінің алдында дәйекші « ﺀ» белгісі тұрса, онда «ا» алиф әрпі жіңішке
айтылады. Мысалы: ән – ن ا ﺀ. Дауысты дыбыстар а-ا, о -ﻭ, ﯘ - ұ, ы - ﻯ
жіңішке айтылуы үшін дәйекші белгі «ﺀ» қолданылады. Бұл белгі сөздің
алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылуы керек екендігін
көрсетеді, бұл белгі тұрса, сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке
айтамыз.
«Баяншының» екінші бөлімі балаларға дыбыстарды қалай үйрету керек,
қалай таңбалау керек, қалай жазу керек, қалай меңгерту керек деген
мәселелерге тоқталады. «Оқу үйренгендегі бас мақсат –керек сөзді жаза
білу, жазылған сөзді оқи білу. Сөз –дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз
айту – дыбысты ауызбен тізу. Сөз жазу – дыбыстардың белгісін қағаз бетіне
тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара
білмейді. Себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді. Оқуға балалар
дыбыс үйренеміз деп келмейді, оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ
59
дыбысты білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын.
Сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға хәріп көрсетпей
тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтырады» [1,330].
«Баяншыда» қарастырылатын негізгі дидактикалық қағида:
1.
Әуелі балаларға әр түрлі дыбыс бар екенін білдіру.
2.
Балаларға таныс сөздерді алып, оладың ішінде қандай дыбыстар
барын айырту.
3.
Бөлек бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз айтуды білдіру.
Мұғалім дыбысты « ا» созып айтады да, балалардан не дыбыс
естігендігін сұрайды. Балалар « ا» а дыбысын естігендігін айтады. Осылай
бірнеше дыбыстарды қайталағаннан кейін, балалар дыбыстың әртүрлі
болатындығын біледі және жаттығу жасау барысында айыра алады.
Дыбыстарды балалар жадысында жылдам сақтау үшін дыбыспен жаттыққан
соң, бір буынды сөздерге көшеді. Мысалы: را (ар), زا (аз), ١
ل (ал), ١
س (ас), ١
لﻭ
(ол), ١
رﻭ (ор). Бір буынды сөздерді беру арқылы жаттыққан соң, мұғалім екі
буынды сөздерге көшеді. Мысалы: а-са, а-ла, о-ра, са-ра, са-ла. Балалар екі
буынды сөздерді қайталаған соң, мұғалім үш буынды сөздерді береді.
Мысалы: ا
ﻭ -ار – ن
ﯘ
ۋ (о-ра-ну), ا
ﻭ - ار – ام (о-ра-ма). Мұғалім балаларды сөздің
буынымен таныстыру үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып,
бөліпайтуы керек. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |