Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет20/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

1.3.
 
А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі басты қисындар 
 
Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында 
Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де 
қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді 
деуге болады. Алаштың ренессанстық сипаты Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана 
туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, 
Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек, Мағжан, 


53 
Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Бүл 
үлтшылдық, адамсүйгіштік, отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске айналған 
табиғи талпыныс болатын. Яғни, Алаш қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз 
дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қойған сауалдарға 
пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген жауабы еді [6,6]. 
А. Байтұрсынұлы 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс 
тілінде) өмірбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос 
уақыттарымда 
өз 
бетіммен 
білімімді 
толықтырдым, 
әдебиетпен 
шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан 
кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс 
істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден 
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің [жағымсыз] әсерінен 
тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни, іс қағаздар тілін, 
публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып
халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға 
кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп 
жазады [63]. 
А.Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын
қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, 
себебі Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми 
негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап 
ұсынған, осы алфавитті негізге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп 
аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен 
(жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа 
емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс 
мектептері де қолдана бастапты. 
«Жаңа емлені» А.Байтұрсынов полиграфиялық жағынан қолайлы- 
қолайсыз 
жерлерін, 
оқыту 
процесіндегі 
тиімді-тиімсіз 
жақтарын 
салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықтап жасалған қазақ 
графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қырғыз 
(қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланады. Бұл съездің күн 
тәртібіне алты мәселе қойылады: Олар: 1) жазу ережелері (яғни орфография 
мәселелері), 2) әліпби (яғни, алфавит) мәселесі, 3) қазақша пән сөздер (яғни 
терминология), 4) ауыз әдебиетін жию шаралары, 5) оқу, ғылым кітаптарын 
көбейту шаралары, 6) бастауыш мектептердің программасы [1]. 
Ұлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті 
мақалаларында: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын 
қаруының бірі. ...Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен 
сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол 
қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор 
екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, ауыр жүкті 
қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін күрескен 


54 
кемеңгер. Кемеңгерлігі сол, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына 
«Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді [64]. 
А. Байтұрсынов –қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш 
жұмсаған адам. Ол осы мақсатта қазақша сауат ашатын әліппе құралын 
жазды. Ол «Оқу құралы» (қазақша әліфбе) деген атпен алғашқы рет 1912 
жылы Орынборда басылды. А. Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл 
құралы» (1914,1915,1925), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), 
«Баяншы» (1926) атты оқу құралдарын жазды. «Оқу құралы» 1912-1925 
жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ 
қолданылды. 
«Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың 
жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, 
оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер 
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», - 
деп жазды тұңғыш қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы [1,400]. 
Ахмет Байтұрсынұлының әліпби жасауда араб әріптерін негізге алу себебі, 
жазу тұрғысынан қарастырғанда, араб әрпімен жазғанда қол қимылдау 
бағдары сағат тілінің бағдарымен бірыңғай келіп отырады және жазу оңнан 
солға қарай жүреді. Араб әрпінде оңнан солға қарай жазғанда қол қардың 
жиылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын жеңілденеді. Қол 
тыныққан есепті болып, талмайтындықтан және жазу тұрғысынан 
артықшылықтары басым болғандықтан араб әріптерін негізге алды. 
«Оқу құралы» а (١), р ( ر), з ( ز) әріптерін таныстырудан басталады [65]. 
Оқу құралында 28 әріп пен осы әріптерге байланысты мысалдар беріледі. 
Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет