Ат
Ата
Атар
Деррида үшін «
орнын толтыру»
ұғымы бір мезгілде жалпы және
бірегей. Орнын толтыру – ішкі және сыртқы ресурстардың есебінен
табиғатта және мәдениетте барлық нәрсенің құрылысын бітірудің/өсіріп
жетілдірудің жалпы механизмі, арақатынасы сырттан қандай да бір
механикалық қосуды немесе қарама-қайшылықты шешу тәсілімен алдын-ала
анықталған ішкі мүмкіндіктерді диалектикалық тұрғыдан ашып көрсетуді
білдірмейді.
Қазақ грамматологиясына қатысты мәтіннің орнын толтыруда А.
Байтұрсынұлыкелесідей контекстерді ұсынады. Олар:
жазу, тәртіпті жазу,
дауысты, дауыссыз, жарты дауысты, жуан, жіңішке, әліпби, белгі, харіф,
әріп, нүкте, ілім, емле, әріп алмастыру, тіл дыбысы.
Логоцентризм - бұл классикалық философияда қолданылмаған ұғым,
бірақ батыстық философиялық дәстүрдегі басымдықты, бірақ ретроспективті
түрде құрылған ақыл жетерлік түрі. Осы күрделі сөздің екі түбір
элементтерін қарастырамыз.
Грек тілінде «логос» - ақыл, сөз және кейде пропорция. «Центризм»
иерархияны білдіреді: Деррида үшін, центризмның болуы құрылым ішіндегі
элементтер арасындағы кедергісіз ойынға тосқауыл болып табылады.
Центрация- бір заттың таңдалған фрагменті оның шоғырлануы деп
қарастырылатын нәрсені сәйкестендіру немесе өзін-өзі анықтаудың осындай
әдісі және барлығы оған қарай, ядроға, оның негізіне қарай шоғырланады.
Деррида үшін
(және оның француздық замандастары үшін)
«логоцентризмдегі» ең басты нәрсе – «сөз» ретінде логос немесе «дауыс»
ретінде логос (фония), содан кейін ғана - оқу, білім, ақыл.
Енді қарастыратын мәселе А.Байтұрсынұлының еңбегінде «центрация»
қалай орын алады және қалай көрініс табады деген сауалдардың мән
мағынасын ашу болып табылады. «Тіл тағылымы» оқу құралынан мысалдар
беру арқылы, логоцентризм, центрация, логос, дауыс терминдерінің мәнін
ашуға тырыстық [1,35].
Достарыңызбен бөлісу: |