91
фонема жуан болатын болса, оған жалғанатын дыбыс та жуан, егер фонема
жіңішке болса, оған жалғанатын дыбыс та жіңішке.
Сөз көп мағыналы құбылыс. Таңба болса дербес өмір сүріп, өзі белгілеп
тұрған затпен тікелей байланыста болмайды деген пікір де айтылады.
Мысалы, «а»
дыбысы дербес емес, өйткені оның әр түрлі фонетика-
семантикалық жүгі болады. Сондай-ақ, дыбыстың мағынасының да өзіндік
тарихы бар екен, сол мағына арқылы ол фонетикалық және лексика-
семантикалық жүйеде байланыс жасайды.
Сондықтан тіл элементін
кездейсоқ деп тануға болмайды.
Этнограф-ғалым Леви-Стростың пікірінше, тіл-мәдениетті игерудің ең
тиімді жолы әрі жүйелі мәдени құбылыстың жетілген түрі. Соған
байланысты қоғамдағы ғылым, өнер, дін, басқа да қоғами сананың
көріністері тілге негізделген мәдени құбылыстар [19,43].
Қазақ фонологиясында дыбыстардың
бір-бірінен айырмасын іздеп,
оларға сипаттама жасау тұңғыш тіл маманы А.Байтұрсынұлының
зерттеулерінен басталады. А. Байтұрсынұлы қазақ фонетикасының іргелі
ұғымдарын жүйелеп берді. Әрбір ұғымды қатаң терминологиялық мәнде
көрсетіп, оларды арнайы атаулармен атады. Қазақ фонетика ғылымының
айырым белгі терминдерін жасап, жүйелеп қалыптастырды [106,93].
Сингармонизм тек дауыстылардың үндесуі ғана емес, сөзді құрап тұрған
барлық дыбыстардың біркелкі не жуан, не жіңішке болып үндесуі
екенін
соңғы кездердегі зерттеулерде жиі айтылады. Оның үстіне бұл үндестік
қазақтың төл сөздеріне және ертеректе енген кірме сөздерге, олардың бір
буынды түрлеріне де, көп буындыларына да тән екендігі көрсетіледі, яғни
сөздің қалау таңбаланғанына қарамастан, ішінде жуан-жіңішке дауысты
дыбыс
әріптері жазылғанмен, тұтасымен не жуан, не жіңішке дыбысталуы
тиіс [107, 23].
Қазақ тіліндегі сөздер сингармониялық тембріне қарай жалпы төрт түрде
үндеседі: олар жуан, жіңішке, еріндік, езулік. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: