Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


ұ  әрпінің алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған.  Бұл  ұ



Pdf көрінісі
бет34/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

ұ 
әрпінің алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. 
Бұл 
ұ 
әрпі сөз басында келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек 
сүйеу үшін ғана қойылады. Жазуда сүйеу таяқша сүйеу ретінде 
берілгендіктен оқылмайды және фонема мен әріптің қатынасы тұрғысынан 
қарастырған кезде есепке алынбайды. Сондықтан да, жоғарыда берілген 
ұр, 
ұн, ұқ 
сөздеріндегі фонема мен әріптің қатынасы бірдей деп айтуымызға 
болады. Себебі, А. Байтұрсынұлы сүйеу таяқшаны қою арқылы сөздің 
дыбыстық және әріптік қатынасына емес, дыбыстық мағынасына көбірек 
назар аударған, дегенмен сүйеу таяқша таңбалауда бар болғанымен, оқылуда 
есепке алынбайды, сондықтан да фонема мен әріптің қатынасын негізге алған 
кезде сүйеу таяқшаның бар болуы ескерілмейтіндігін айтуымызға болады. 
Ұр, ұн, ұқ сөздеріндегі фонема мен әріптің қатынасы 2:2. 
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай жуан және жіңішке, 
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң, еріннің қатысу қалпына 
қарай: еріндік және езулік болып жіктеледі. 
Ұ 
әрпі тілдің қатысына қарай 
жуан дауысты болып табылады. Қазақ тілі орфографиясының негізгі 
қағидасы сингармофонемалық қағидаға негізделетіндіктен, сингарможуан, 
сингарможіңішке дауысты фонемаларды таңбалайтын әріптердің алдында 
сүйеу таяқшаның берілуі ережеге сәйкес жасалған. 
Ұ 
әрпі сингарможуан 
дауысты фонема, ал алдында берілген сүйеу таяқша сингармофонемалық 
қағидаға негізделген. Оқу барысында есепке алынбаса да, жазуда 
сингарможуан дауысты фонемаға қағидаға сәйкес сингарможуан дауысты 
фонема берілген. Яғни, сүйеу таяқшаның сингармодауысты фонемалардың 
жуандығы мен жіңішкелігін ажыратып көрсетуде де маңызы зор 
болғандығын байқауға болады. Егер, сөз сингарможуан дауысты дыбыстан 
басталса, алдындағы сүйеу таяқша да сингармофонемалық қағидаға сәйкес 
сингарможуан дауысты дыбыс болып табылатын дыбыс арқылы берілген. А. 
Байтұрсынұлының оқу құралындағы дауысты дыбыстардың 
а, о, ұ, ы 
басым 
көпшілігі сингарможуан дауысты дыбыстар болып табылады. А. 
Байтұрсынұлы жасаған әліпби араб әліпбиіне негізделгендіктен, әріптің 
сыртқы бейнесінің өзгерістерге ұшырауы және әріптердің сыртқы бейнесінің 
түрліше болуы заңдылық. Ал, ережеге сәйкес әріптердің сыртқы бейнесінің 
өзгерісінің күрделі болуы немесе шамалы ғана өзгеріске ұшырауы 
дыбыстардың сингармофонемалық қалпын анықтауға және таңбалауға 
байланысты болып табылады. Сингарможуан және сингарможіңішке 
дауысты фонемалардың берілу айырмашылығы да осы ережеде берілген 
сүйеу таяқшадан көрініс табады деп айтуымызға болады. 
Сонымен қатар, 
ұ және ү 
әріптерін таңбамен бейнелеу және оларды бір- 
бірінен ажыратылған түрде оқу және жазу сингармофонемалық қағидаға 
негізделгенімен, таңбалану үдерісі басқаша болғандығын байқауға болады. 


89 
Яғни, әріптердің сыртқы бейнесі замма және дәйекші белгісін қою арқылы 
өзгеріске ұшырады. Замма белгісінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет