87
ретінде антропофоникалық тұрғыдан зерттелді. Осы ретте тіл жүйесіндегі
дыбыс элементін атау үшін фонема деген ұғым енгізілді. Бұл ұғым алғаш рет
француз тіл білімінен келген болатын [101,278].
А.Байтұрсынұлының еңбектеріне сүйенсек,
қазақ тілінің дыбыс
жүйесінің сингармонизм ұғымда зерттелуінің ғылыми-практикалық негізі
1912 жылы қалыптасқан. Тіл білімі тарихында А.Байтұрсынұлының дүниеге
әкелген
осы
бір
өнегелі
де
үлгілі
сингармоалфавит
пен
сингармоорфографияның 1912 жылы жасалғаны белгілі [62, 68].
...Қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы үндесім заңы
(сингармонизм заңы). Ол – тілдегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен
үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы. Үндесім заңының екі жағы бар. Оның
біріншісі және негізгісі – бір сөз бойындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай
жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын тіл үндесімі. Сөз түбірі мен оған
қосылған жұрнақ, жалғанған жалғау, не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
болып отырады. Қазақ тілінің бұл дыбыстық заңдылығы жазуда да көрініс
тапқан. Сондықтан бүкіл түркі халықтарының
мақтанышына айналған
А.Байтұрсынұлының әліпбиі қазақ тілінің басты үндестік заңын айғақтайтын
бірден-бір алфавит болғаны белгілі [46,141].
Жазу ауызша тілдің дыбыстық құрылымына негізделген жүйе болатын
болса, онда сол жүйенің өзіне тән ішкі құрылымы болады. Ал, құрылымның
өзі тұрақты элементтерден және сол элементтердің өзара қарым-қатынасынан
тұрады.
Қазақ жазу жүйесінің ішкі құрылымы: дыбыс, фонема, графема және
әріптен тұратындығын ескерсек, кез-келген таңбаның екі жағы бар. Ол
мазмұндық және тұрпаттық. Оның мазмұндық жағы – фонема, ал тұрпаттық
жағы – әріп. Фонема –таңбаланушы (дыбыс), ал әріп –таңбалаушы. Осы
екеуінің бірлігі жазу теориясында графема деген ұғымды білдіреді.
Сөз дыбыстары – фонеманың ауызша тілдегі өкілі болса, фонеманың
жазба тілдегі өкілі – графема. Ол
фонема сияқты дерексіз единица, жазуда
нақты әріптер арқылы көрінеді. Ал, әріп дегеніміз –жазуда фонемаларды
немесе оның варианттарын белгілейтін белгілі-бір әліпбидегі графикалық
таңба [51,25].
Әліпби ережесіне сәйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың
харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады [1,147].
Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ہ.
Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с –س, ғ
–ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن.
Мысалы: ұр – ١
رؤ , ұн – نؤا, ұқ –قؤا. Бұл мысалдан дауыссыз дыбыстың
дауысты дыбысқа бағынғандығын және соңғы
дауыссыз дыбысты өзгерту
арқылы ұ дыбысын үйрену де жеңіл болатындығын байқауға болады. «Ұ»
әрпінің алдында берілген сүйеу таяқша белгісі сөздің дауысты дыбыстан
басталатындығын білдіреді, яғни дауысты дыбыстың алдында ғана
қойылады. Сүйеу таяқша оқылмайды, сүйеу
ретінде ғана қойылады,
сондықтан да кез-келген таңбаның екі жақты қасиеті бар екендігін және
88
олардың бірі –таңбаланушы (дыбыс), екіншісі –таңбалаушы (әріп) екендігін
негізге ала отырып, А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі фонема мен әріптің
қатынасын қазақ жазу жүйесінің ішкі жазу құрылымы тұрғысынан
қарастырсақ, бірдей, яғни теңбе –тең.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: