Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет29/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Кесте
 
Жоғарыда берілген мысалдағы «ат» сөзіне -а, -ар жалғану арқылы «ат» 
сөзі центрация болып қызмет атқарады, ал жалғаулар ядроға қарай 
шоғырланады. 
«Н» дыбысына байланысты келесідей кесте берілді [1,35]. 


71 
Ана 
Тана 
Сана 
Ақ 
Оқ 
Оқа 
Ару 
Азу 
Алу 
Кесте 6 
Бұл мысалдағы центрация «ана» сөзі, оған т және с дыбыстары жалғану 
арқылы ядроға қарай шоғырланады. Яғни, бала санасында «ана» сөзін 
қайталатумен бірге тана, сана сөздері де жадысында сақталады. 
А. Байтұрсынұлының центрацияға алған мысал ретінде берілген сөздері мен 
метафизикадағы 
ой қозғалысы байланысын 
ескеретін болсақ, 
А.Байтұрсынұлы 
қазақ 
грамматологиясының
негізін қалаушы. 
А.Байтұрсынұлы теориялық тұрғыдан грамматология ұғымдарын жіктеп, 
ерекшелеп көрсетпесе де, грамматологияға байланысты ұғымдарға тән 
мысалдарды бере 
отырып, жоғарыда аталған ұғымдардың мысалдарда 
көрініс табуына жол ашқан ғалым. 
«Қ» дыбысына байланысты келесідей кесте берілді [1,36]. 
Кесте 7 
 
 
«У» дыбысына байланысты келесідей кесте берілді [1,36]. 
Кесте 8 


72 
Логоцентризмдегі иерархия мен тәртіп, центр мен периферия барлығы 
жүйелі түрде А.Байтұрсынұлының еңбектерінде орын алған. Сөздерді мысал 
етіп беруде иерархияны қолдана отырып, реттік тәртіпті сақтай отырып, 
центрацияға дыбыстардың шоғырлануын қамтамасыз ете отырып, Ж.Деррида 
қарастырған «сөз» ретінде логос немесе «дауыс» ретінде логос (фония), 
содан кейін ғана - оқу, білім, ақылды бала санасына құюға жүйелі түрде 
ұстанған деуге болады. Ж.Деррида орыс тіліндегі логос пен дауыс 
терминдері ұқсас болғандықтан, неліктен француз тілінде де қолданбасқа 
деген пікірге келеді. А.Байтұрсынұлының берген мысалдарында логос пен 
дауыс қалай көрініс тапты деген сауалға келсек, берілген мысалдарда 
центрация ретінде бір ғана сөз ықпал етсе, ал дауыстап айту арқылы 
центрацияда берілген сөзге шоғырланатын мысалдар ой қозғалысын 
туындата отырып, басқаша реңк алған. Яғни, баланы оқу, білім, ақылға 
жетелейтін грамматологиялық еңбек - «Әліпби» оқу құралын жазған. 
Таңбалар бірін бірі толықтырып, символдарды алмастырып, жүйеде бір 
бірімен байланыса отырып, сөздердің мағынасы өзгереді. Яғни, 
метафизикадағы ой қозғалысы орын алған кезде, сөздердің мағынасы да 
өзгереді, тұрақтылық пен бірегейлікке де жол қалмайды. 
А.Байтұрсынұлы 
еңбегінде 
берілген 
мысалдардың 
деконструкцияланатындығын да атап айтқан жөн. Деконструкция мәтін 
жағдаятында мәтіндегі мағына, логика мен риторика арасындағы қарама 
қайшылықтарды анықтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет