2.2
А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі таным
А.Байтұрсынұлының «Әліппе» оқу құралында қазақ тілінде 24 дыбыс,
оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп берілген.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болады. Соған қарай
харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болып бөлінеді [1,147].
Әліпби ережесіне сәйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың
харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.
Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ہ. Мысалы, «ұ» әрпінің
алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. Бұл «ұ» әрпі сөз басында
келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек сүйеу үшін ғана
қойылады деп ережеде арнайы айтылған.
Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с –س, ғ –
ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن.
Жарты дауысты, яки орта дыбыстардың өз алдына оңаша харіфтері жоқ.
Олардың орнына бүтін дауысты «у» һәм «й» харіфтері жүреді. Жарты
дауысты дыбыстардың харіфтері екендігі, дауысты дыбыстардың соңынан я
алдынан бір буында келгенінен ғана байқалады. Бір буынның ішінде дауысты
дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й» тұрса, ол жарты дауысты
харіфтер болады, мәселен: «ау» деген сөзде «у» дауысты харіфтің соңында
73
тұр. Мұнда «у» бүтін емес, жарты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й»
дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес жарты дауысты харіф,
«у» һәм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты дауысты дыбыстарға
да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел» харіфтер деп аталады [1,147].
А. Байтұрсынұлының еңбектері:
1.
«Әліппе»
2.
«Тіл-құрал: Сөйлем жүйесі мен түрлері. Синтаксис»
3.
«Тіл-құрал: Дыбыс жүйесі мен түрлері. Фонетика»
4.
«Тіл-құрал: Сөз жүйесі һәм түрлері. Этимология»
5.
«Тіл-құрал: Қазақ тілінің сарфы, 1-ші жылдық»
6.
«Тіл-құрал: Қазақ тілінің сарфы, 2-ші жылдық».
А. Байтұрсынұлының төте жазуының қазақ қоғамындағы маңызын
айқын көрсеткен Т.Шонанов болды. Ол өзінің «А.Байтұрсынов халық ағарту
және әдебиет саласында» деген мақаласында былай дейді: «Болашақ ұрпақты
молдалардың дүмше дым білместігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан
құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс
жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын, біздің
тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің
заңдылықтары бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тілінің синтаксисі мен
этимологиясын жасап шықты. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем
қажетсіз 12 араб әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі
көптеген қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да А.Байтұрсынұлының
жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын
тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік
туғызды. Жаңа алфавит әлемді мәдениетпен араласа түсу жолын жеңілдете
түсті» [92,24].
А.Байтұрсынұлының жазуымен Гаспыралы есімі тығыз байланысты.
Ұлттың ұстазы атанған А.Байтұрсынұлы Гаспринский жайында: «...Сол
күннен бастап өршіп көбейген Россия мұсылмандары арасында бес-алты
мыңға жуық тәртібі бастауыш мектептің бәрінің үлгісі Гаспринский мектебі
еді. Бұл күнде төте оқу үшін шығарылған неше түрлі әліппе болса, бәрі де
үлгіні Гаспринский шығарған әліппеден алған еді. Бұл күнде он мыңға жуық
мұғалімдердің бас ұстазы, жолбасшысы Гаспринский еді»,-дейді [93,10-11].
А.Байтұрсынұлы араб жазуына негіздеп жасаған төте жазудың
ерекшелігі мен өміршеңдігіне келетін болсақ, ол қазіргі таңда да қолданыста.
А.Байтұрсынұлы қазақтың дүниетанымын бірінші орынға қойғандығын айта
кеткен абзал.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мәні аса зор еңбегінің жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі
өлшеусіз. Ұлттық сананы жаңғырту жолында рухани сілкініс туғызған
еңбектің тарихи тағылымы ұшан-теңіз.
Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени
дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен және
жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту.
74
Жалпыадамзаттық құндылықтармен байыта отырып, құлдық санадан
құтылуымыз керек. Қазіргі таңда қазақ тілін латын графикасына өту арқылы
оқыту жүзеге асырылуда. 300 жыл орын алған идеологияда әрбір билеуші
мемлекет өзінің жазуын енгізуге тырысуында үлкен саяси және әлеуметтік
мән бар екендігін байқауға болады. М.Мырзахметов «Қазақта орыстандыру
саясаты қалай жүрді?» деген еңбегінде оны жан-жақты саралай қарастырады.
Осы тұста қазақтар үшін орыс графикасындағы жазу үлгісінің алғашқы
нұсқасын 1862 жылы Ильминский ұсынғандығын атап өткім келеді. Ең
ғажабы, бұл әліпбидің мәңгілік емес екенін миссионер-ғалым сол кезде-ақ
жете сезінген. «Түркі халықтары дербестікке қол жеткізген күні олар бұл
графикадан бас тартатын болады» деп ол күндердің күнінде орыс жазуының
қажет болмай қалатынын көрегендікпен болжап кетіпті. Содан бергі уақытта
орыс әліпбиіне негізделген қазақ жазуы түрлі саяси кезеңдерден өтіп, түрлі
реформаларды бастан кешірді.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция,
дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б. екендігін ескерсек, әріп
халықтың танымымен тікелей байланысты. Адамның санасында күнделікті
көріп, күнделікті жазып отырған жазу туралы ақпарат қалыптасады. Бұдан
әріпте когнитологиялық аспект бар екендігін байқауға болады.
Жазуға күнделікті қарау және күнделікті өмірде күніге қолдану, сол
жазумен жазылған ақпараттарды оқу адамның ойына, сезіміне және
көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Көне түркі таңбаларымен жазудың
символдық мәні бар. Әр таңбада мән бар, ұлттық таңбалық ерекшелік бар.
Әріп беріп тұрған мәдениет, дүниетаным, ақпарат адамның санасында қалып
қояды. VIII-IX ғасырларда қазақ жеріне арабтар келе бастады. Ал, X-XI
ғасырларда Қараханидтер дәуірінде арабтар қазақ жеріне көбірек келіп,
шоғырлана бастады. Арабтар көне түркі жазуын ығыстырып, өз жазуларын
енгізді. Ал арабтардан соң келген орыс халқы араб жазуын ығыстырып,
кириллицаны енгізді. Қазақтың жеріне, қазақ халқына, қазақтың даму
тарихына ұлттық сананы жаулап алумен келген рухани апат еді. Қазақ
халқының даму тарихында, әсіресе тілдік даму тарихында арабтардың да,
орыстардың да өз жазуларын енгізуге тырысуында үлкен мән бар. Өзінің
басқаратын
мемлекетінің
бұрынғы
санасын
өшіріп,
жаңа
сана
қалыптастыруы керек болды.
Дегенмен рухани жаулаудың қазақ елінде орын алғанына үш ғасырдан
астам уақыт өтсе де, жазуды өзгерту арқылы қазақ халқының санасын
рухани жаулаудың салдары әлі толыққанды жойылмағандығын атап айтқым
келеді.
Мәдениетаралық байланысты жүзеге асыруда тіл қарым-қатынас
құралы ретінде қызмет атқарса, түрлі тіл иелері аудармаға сүйеніп өзге
мәдениетті тани алады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыста
болатын қоғам дамуының белсенді көрсеткіштері.
Жалпы алғанда, мәдениет дегеніміз, бір қырынан алып қарағанда,
адамның маңдай терін төгіп, қолымен жасаған, таным, тәжірибе мен
75
қордалаған білім негізінде игеруге күш жұмсап қол жеткізген заттық
(материалдық) құндылықтары. Ал, екінші жағынан сана-сезімі, ой
жұмысы арқылы қол жеткізген рухани құндылықтар.
Зерттеушілер мәдениеттің анықтамасын түрліше сараптайды.
Жалпы айтқанда, мәдениеттің жүзден бастап мыңға жуық анықтамасы
бар деген пікір қалыптасқан. Оған тарихи қалыптасқан ұлттық мән-
мағына, символдар, өмір сүру салты, заттық мәдениет, қоғамдық мәдениет,
руханият мәселелері кіреді.
Таңба – мағынаның (ұғымның) ең негізгі, ең тұрақты, ең әмбебап
көрінісі десек, дыбыс –адамның дыбыстау мүшелері арқылы дыбысталатын
таңбаның тұрақты айтылуы. Дыбыстың тұрақтылығы адамның дыбыстау
мүшелерінің анатомиялық құрылысына, дыбыстау мүшелерінің анатомиялық
құрылысына, дыбыстау аппаратына байланысты, сондықтан кез келген
дыбысты айтқанда белгілі-бір шектен аспаймыз. Дыбыстардың бір-біріне
жақын һәм өзгергіш болуы да осыған байланысты. Сондықтан, тек дыбысқа,
яғни фонологиялық сипатқа ғана айрықша мән берудің бұрыстығы осыдан
байқалады.
Сөзге екі басқа анықтама беруге болады екен. Ол белгілі-бір ұғымның
қалыпты айтылуы немесе кездейсоқ құралған дыбыстардың комбинациясы.
Таңбаның дыбыстық үлгісі қай кезде қалыптасқаны бізге, әзірше
беймәлім. Ол – адамзат эволюциясының тарихи жемісі.
Этимологиялық талдау арқылы әуелгі тілді қалпына келтіру –
адамзаттың ежелгі арманы. Философия ғылымында «әуелгі затты не идеяны»
анықтау тәрізді, «әуелгі тіл» туралы Демокрит мынадай пікір айтқан екен:
«...заттарға есім тағу алғашқы қауым кезінде пайда болды. Атау үшін
«символдар» қолданылды, бірақ адам баласы жер бетінде шашырап
жүргендіктен, әр түрлі тілдер қалыптасады». Антикалық дәуірде грек
әріптері былайша сипатталған:
Ƿ дыбысы қозғалысты, қимылды бейнелейді, тілдің дірілінен пайда
болған әріп, ал ג – керісінше жұмсақ айтылады, судың ағысын т.с.с.
бейнелейді. Грек софыларының дыбыс пен әріпке қатысты пікірлері осындай
арнада дамып, кейін римдік грамматикалық мектепте жалғасады [19,101].
Таңба негізіне қоршаған ортадағы заттар алынған. Нақты заттың
бейнесін көз алдына елестету, уақыт өте келе оның сүлбесін тегіс жерге
таңба түрінде түсіру, кейін оған сакральды қасиет тану. Сол сенімге сәйкес
оларды түрлі магиялық, анимистік не тотемдік ритуалдарда қолдану –
таңбаның (символдың) пайда болу жолы. Адамзат тарихында соқыр наным
мен табынудың нысанына айналған таңбалар аса көп емес. Жазу, демек
таңбалар мен әріптер, ең алдымен, ойдың көрінісі. Дегенмен қалыптасқан
пікір бойынша, тілдің үздіксіз даму барысында дыбыстық тіл пайда болады.
Кейін дыбыстардан ұғымға негізделген күрделі атаулар жасалады. Сөзді
хатқа түсіру қажет болғанда, таңбалар жасалады.
А.Байтұрсынұлының оқу құралдарында алифтің екі түрі бар болып
табылады. Бірі – маддалы алиф, екіншісі – оқылмайтын алиф. Араб-парсы
76
тілдерінде созылыңқы және қысқа «а» дыбыстары болғандықтан, созылыңқы
«а» дыбысынан басталатын сөздерде алифтің үстіне «мәд» белгісі қойылады
[94,20]. Маддалы алиф ﺁ , ал оқылмайтын алиф ا. Алифтің үстіндегі белгі мәд
деп аталады. Мысалы: ай –ي ﺁ. Егер, маддалы алиф сөз басында келсе, онда
«а» болып оқылады. Сүйеу хисабында алиф әрпі басқа әріп қасына қойылса,
«а» болып оқылмайды. Мысалы: ұр – ١
ﯘ
ر , ұн – ا
ﯘ
ن , ұқ – ا
ﯘ
ق . «Ұ» әрпінің
алдында берілген сүйеу таяқша белгісі сөздің дауысты дыбыстан
басталатындығын білдіреді, яғни дауысты дыбыстың алдында ғана
қойылады. Сүйеу таяқша оқылмайды, сүйеу ретінде ғана қойылады. Егер, ا
алиф әрпінің алдында дәйекші « ﺀ» белгісі тұрса, онда «ا» алиф әрпі жіңішке
айтылады. Мысалы: ән – ن ا ﺀ.
Алиф әрпінің қасына ешқашан өзара тіркесімде әріп жалғанбайды,
алдынан да, соңынан да тіркеспейді. Себебі, дүниетанымдық көзқарас
тұрғысынан қарастыратын болсақ, алиф әрпі Алла Тағаланың жалғыз
екендігін білдіреді. Сондықтан да алиф «а» әрпіне ешқандай әріп тіркеспейді.
А.Байтұрсынұлының
«Әліпбиінде» берілген мысалдар
тіркесі
тұрғысынан қарастыратын болсақ, «а» дыбысына ешқандай дыбыс
тіркеспейді. Мысалы: ар, аз, ара, аза, араз.
А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» кітабындағы «Қазақша Алифба»
оқу құралына арналған бөлімінде М әрпіне байланысты 24 мысал берілген
[1,38].
Ал, Оренбург қаласынан 1914 жылы жарық көрген «Ахмет
Байтурсуновдын казакча алифбеси» оқу құралы түпнұсқасында М әрпіне
байланысты 18 мысал берілген [4,15].Салыстырмалы түрде қарастырсақ, «Тіл
тағылымы» кітабындағы «Қазақша Алифба» [1,38] оқу құралы мен 1914
жылы жарық көрген «Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси» [4,15] оқу
құралы түпнұсқасындағы М әрпіне мысалдар берілуінде біршама
өзгешеліктер бар екендігін атап айтқым келеді.
Алма
Мас
Там
Алмас
Маса
Тама
77
Алмақ
Масақ
Тамақ
Мық
Мол
Шам
Мұз
Молы
Шама
Мұрт
Молық
Шамалы
Мал, малы, малшы, тамыр, тамыз, құм, құман, құмақ, марқа, малта,
мақта, мақбал, марал, жұмсақ. Мыс, мысты, мысқа, мысық, қамыс, таныс.
Мал аман. Мас жаман. Тамшы тамар. Малта ашшы. Алтын
салмақты. Мамық жұмсақ. Сырмақ қатты. Балық қармақ қабар.
Сонымен, архисема туынды сөз мағынасының белгілі-бір лексика
семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын әуелгі сема. Архисема түбірдің
бастапқы негізгі семасы. Танымда қабылданған зат не құбылыстың ерекше
белгілерінің негізінде ғана архисема бөлігі сақталып, атаудың өзексемасын
құрайды [95,207]. А.Байтұрсынұлының оқу құралында берілген там, тама,
тамақ; шам, шама, шамалы; мас, маса, масақ; мол, молы, молық; алма, алмас,
алмақ сөздерінің екіншілік туынды мағыналары арқылы архисема арқылы
қалыптасып, өзіндік ерекше мән иеленгендігін атауға болады. Мұндағы
архисемалар – там, шам, мас, мол, алма.
Синкретикалық сөздер құрамында да фонетикалық өзгерістер болады.
Дегенмен ондай өзгерістер фонетикалық конвергенция тәрізді бір сипатқа
емес, қайта олардың әр түрлі дыбысталуына әкеліп соғады. Синкретикалық
түбірлердің табиғатын тануда айрықша назар аударуды қажет ететін мәселе
–
олардың өзара семантикалық байланыстары. Әдетте синкретикалық
етістіктер мен есімдер бір-бірімен себептілік байланыста болып отырады
[96]. Мысалы, алма етістігінен сол процестің нәтижесі болып саналатын
ұғым – алмас есімі келіп шығады. Себептілік байланыс туынды сөздерді де
қамтиды: тама және тамақ, маса және масақ, молы және молық.
Ал, қазіргі қазақ тілінде үнсіз (қатаң мен ұяң) фонемалар жұп-жұбымен
қосарласып келеді және әрбір қатаңның ұяң сыңары болады [56]. Тамшы
78
тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер шақ) мысалдарындағы тамар
мен қабар етістіктерінің бастапқы архисемасы там және қап болады. Себебі,
қатаң -п дыбысының ұяң сыңары –б болады. Егер, там сөзіне –у тұйық
етістік (қимыл есімі) жасайтын қосымшасын жалғар болсақ, таму сөзін
береді. Сөйтіп, -у тұйық етістігі там сөзіне жалғану арқылы іс-әрекет
жасайтын мағына үстейді. Қап сөзі араб тілінде (хафф) бірдемені қоршау
деген сөз. Ал, қазақ тіліндегі қап сөзі осы мағынаға сәйкес келеді. Балық
қармақ қабар мысалындағы қабар етістігінің архисемасы қап сөзінен келіп
шығатындығын ескерсек, балық қармақты қоршайды, балық қармаққа түседі
деген мағынаны береді. Қабар етістігінің архисемасы қап, қатаң -п
дыбысының ұяң сыңары –б дыбысы болуына сәйкес, қаб сөзіне келер шақ
етістіктің –ар аффиксі қосылып, келер шақ мағынасын береді. Балық сөзінің
соңындағы қ дыбысы көне түркілік -ғ-ның қатаң варианты болып табылады.
Қазіргі қазақ тілінде аса жиі қолданылатын -ма, -ме (-ба, -бе, -па, -пе)
аффиксі зат есім жасаудың тәсілі ретінде Х-ХІ ғасыр жазбаларынан
ұшырасады: сүрме, кесме, ыстама,т.б., -ма аффиксі де құрандылардың
қатарына жатады. Мысалы: алма сөзінің архисемасы -ал, -м құбылыс,
әрекет атауын жасайтын аффикс, ал -а құралдық, объектілік (құрал,
объектіге қатысты) мән беретін аффикс болып табылады. Сөз соңындағы з,с
дыбыстары қолданылуындағы сабақтастық келер шақтың болымсыз түрінен
айқын көрінеді: алмас. Қазақ тіліндегі етістіктің болымсыздық
қосымшасынан кейін жалғанатын -с дыбысы -з дыбысының тарихи қатаң
варианты болып табылады. Қазақ тілінде р-з сәйкестігінің екінші сыңары
болатын ұяң -з қатаңдау процесіне ұшырап, с-ға айналғандығын көруге
болады.
Қазақ тіліндегі болымсыздық күрделі қосымшасы -мас құрамындағы
-с мен келер шақ мәнін беретін -р қосымшалары да дивергенцияның
нәтижесі [56]. Алдыңғы тұлға (с) -сөз соңының қатаңдану процесінің
нәтижесі (з >с), ал -з түркі тілдерінде болған р>з алмасуының нәтижесі.
Алмас (келер шақ); Тамшы тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер
шақ)
мысалдарының
арасындағы
айырмашылық
алмас
сөзіндегі
болымсыздық мағына үстейтін -ма мен -з дыбысының тарихи қатаң
варианты болып табылатын-с дыбысында болып табылады.
Шам сөзі иран тілдерінде кездесетін «кеш» деген сөз. Қазіргі қазақ
тілінде сам жамырады деген тіркестер бар. Яғни, с мен шаффрикатының
өзара алмасу процесі жүреді: сам-шам. Шама сөзі қытайдың ча және мо
сөздерінің бірігуінен жасалған, ча-шай, мо-қалдық, қоқым. Демек, шайдың
қалдығы, шайдың қоқымы деген мағынаны береді. Чамо сөзінің шама болып
қалыптасуы заңды құбылыс: аффрикат ч дыбысы ш-ға ауысқанда екінші
буындағы о дыбысы а-ға ауысқан. Шама сөзі түркі тілдеріне қытай тілінен
ауысқан сияқты [97]. Көне түркілік ч қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі
орныққан: қазақ -шын, татар -чын, хақас -сын. Сөйтіп, түркі тілдері арасында
ч >ш>с дыбыс сәйкестігі келіп шығады. Шамалы сөзінде есімдерден сын
79
есімдер тудыратын өнімді жұрнақ -лы жалаң жұрнақтан жасалған туынды
сын есім.
Мық, мұз, мұрт. Мық, мұз, мұрт сөздерінде дауыссыз дыбыс сәйкестігі
орын алады, ы әрпі ұ әрпімен алмасу арқылы сөз мағынасын өзгертіп тұр. Ы
әрпі ұ әрпіне, қ әрпі з әрпіне алмасу негізінде мұз сөзі судың қату, судың
тоңу, ең жоғары температурада қату үдерісін көрсетеді. Бір дыбыстың халық
арасында өзгеріске ұшырап айтылуы үшін жүздеген жылдар қажет.
Алифбада берілген Мық сөзіндегі М әрпі қазіргі таңда Н әрпіне өзгеріске
ұшырағандығын байқауға болады. Мық сөзін қазіргі таңдағы нық, аяқты нық
басу деген секілді мысалдармен беруге болады. Мұрт сөзінде бір-бірімен
ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі–диссимиляция бар: -рт. Яғни, мұрт сөзі
диссимиляциялық тіркеске құрылған сөз. Малта, марқа сөздерінде де
диссимиляция ізін байқауға болады. Яғни, -рқ, -лт.
Малта ашшы мысалындағы ашшы сөзі қазақ тілінің дыбыстық
табиғатына негізделіп алынған, қазіргі таңда ашшы сөзі ащы деп жазылады,
ш >ч. Ш аффрикаты ч аффрикатына ауысқандығын байқауға болады. Алтын
салмақты және Сырмақ қатты мысалдарында фузиялық өзгешелікті байқауға
болады, қатаңнан соң -ты жалғанатындығын ескерсек, салмақ сөзінің
соңындағы -қ дыбысы қатаң, қат сөзінің соңындағы -т дыбысы қатаң,
сондықтан түбірдің соңғы дыбысының әсерімен -ты жалғанады және
аталған дыбыс өзгерістері түбір мен қосымша шегінде көрініс табады.
Мысты сөзі де осы секілді, -с дыбысы қатаң, ал қатаңнан соң -ты
жалғанады. Алтын сөзі құрамындағы -лт тіркесі де бір-бірімен
ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі болып табылады. -лт тіркесінің
алдыңғысы түбірдің соңғы, қосымшаның басқы дыбысы. Алтын сөзінде де
диссимиляция тіркесі көрініс табады. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар алтын
сөзі түркі тіліндегі алты сөзінен шыққан дегенді айтады. Монғолдарда ақша
ретінде жібек мата, алтайларда мал терісі жұмсалса, кейбір түркі
халықтарында (болғарларда) нәрсенің құнын белгілеуші алты тиіннің терісі
болған. Бара-бара алты мен тиін сөздері бірігіп, алтын болып өзгерген деген
пікір бар [97].
Мал, малы, малшы сөздеріндегі архисема мал. Малшы сөзі есімдерден
зат есім тудыратын –шы жұрнағы жалғану арқылы жасалынады.
Түркі тілдерінің көне дәуірінде сөздің абсолют басында протеза ретінде
айтылған й сөз құрамына әбден сіңіп, қазақ тілі заңдылығына лайық ж
дыбысына айналған. Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің басында айтылатын ж
сол протезаның өзгерген түрі болса, Мас жаман және Мамық жұмсақ
мысалдарындағы жаман және жұмсақ сөздері протезаның өзгерген түрі
болып табылуы ықтимал екендігін айтқым келеді.
Жалпы алғанда, А.Байтұрсынұлының оқу құралында берілген
мысалдардан дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі, фузиялық
өзгешеліктер, протеза, архисема, диссимиляция тіркесі көрініс табады. Оқу
құралында А.Байтұрсынұлы дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі
заңдылығын негізге ала отырып, сөздердің үйренушіге жеңіл жолмен
80
түсіндірілуіне де назар аударған. Сөздерді буындап бөліп үйренген соң,
сөздің әр буынындағы дыбыстарды айырып, тұтас сөздің ішіндегі
дыбыстарды білген соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету үшін әуелі
дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек-бөлек айтып, оларды қосқызып
сөз айтқызу жөн болып табылғандықтан, үйретуге жеңіл де қолайлы етіп,
архисемасы бір болып табылатын сөздерді мысал етіп алған. Сонымен қатар,
Малта ашшы сөзіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |