93
үндесім, үндестік әуезі ауызекі тіл мен жазба тілде сақталған жағдайда ғана
сол тілдің заңдылығы сақталады.
А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің
негізін салушы. А.Байтұрсынұлы «Әліпби» оқу құралында сүгіреттерді бере
отырып, сүгіреттердің нәрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздер
берген. Сонымен қатар, сол сөздерге ұқсас басқа да сөздер,
балаларға
үйретілген әріптерден жасалған сөздер, сөздерден жасалған сөйлемдер,
сөйлемдерден жасалған қысқа-қысқа әңгімелер берілген.
Яғни, А.Байтұрсынұлының «Әліпби» оқу құралында берілген
мысалдарды шағындап алған сөзінің сандары, сөздерінің түрлері, сөздерінің
орналасуы және оқытуға алынған әңгімелері тұрғысынан қарастыруға
болады.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған
қазақтың алғашқы фонологы – Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынұлы –
өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа
тілдердің синтаксистік
ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі
ғылымын дамытқан ірі ғұлама.
А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу
арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін
әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910
жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын
түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық
ұлттық әліпби түзеді.
Әліпби түзген,
тыныс белгілерін нақтылаған, жазу үлгісін көрсетіп,
графема мен фонема арасындағы сәйкестікті терең талдап қарастырған
А. Байтұрсынұлы емле тәртібіне, тіл жүйесін оқытуға да ерекше мән береді.
Әлем халықтарының емле жүйесінен мол хабары бар ғалым, қазақ сөзінің
ішкі болмысына сай келетін жүйені, дұрыс сауаттандыратын емлені қажет
санайды. «Сауаттылық негізі жазу» деген жолды берік ұстана отырып
[1,362], «жазу – әріптердің сүгіретін сала тізу, оқу – әріптердің дыбыстарын
айта тізу» екенін нақтылайды.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар
алмасатын саналы әрекет түрінде жүзеге асады.
Өзара хабар алмасатын
саналы әрекет түріне ауызекі сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу жатады.
Ауызша және жазбаша сөйлеудің сыртқы (дыбыстау) және ішкі (мағына)
жағы болады.
Орфоэпиясы бірдей сөздерді сөйлеу үдерісінде ажырату қиын
болғанмен, жазуда ол анық көрініп тұрады. Мысалы, аяз – айаз, таяз – тайаз,
баю –байу, аю – айу. Яғни, жазуда аяз, таяз, баю, аю деп жазылғанмен,
ауызекі сөйлеу үдерісінде айаз, тайаз, байу, айу болып айтылады.
Ауызекі сөйлеу тілінде мазмұндық-мағыналық құрылымының сақталып
айтылуы қазақ халқының дыбыстық үндестігін ғасырлар бойы сақтап
қалғандығының нәтижесі. Ал, А.Байтұрсынұлы қазақ халқына тән ұлттық
дыбысталу ережесін негізге ала отырып жасаған әліпбиі нағыз
94
грамматологиялық еңбек болып табылады. Сонымен, жазу – адамның ой-
пікірін,
хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы
жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі.
А.Байтұрсынұлының «Тіл құрал» оқу құралында бір буынның ішінде
бірнеше дыбыс болатындығы, мысалы:
не?, же, мә!, ат, аш
деген сөздер
қатарында бір-бір буын бар екендігі айтылады. Мұндағы әр буында екі
дыбыстан бар, мысалы: бірінші дыбыс
«н»,
екінші дыбыс
«е»
.
Сонымен қатар, бір дыбысты буындар да бар болып табылады, мысалы,
а-ра, а-та, а-ғу, а-су, а-зу, а-сы
деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір
дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар [1].
Дыбыс таңбасы хәріф деп аталынса,
сөз ішінде хәріф, ал айтқан сөз
ішінде дыбыс бар. Дыбыс пен хәріф екеуі екі басқа нәрсе.
А.Байтұрсынұлының «Қазақша алифба» оқу құралында берілген
мысалдарды қарастыратын болсақ,
а
дыбысына байланысты мынадай
мысалдар берілген.
Ар, ара, аз, аза, зар,азар, араз.
Ал,
с
дыбысына байланысты келесідей мысалдар беріледі.
Ас, аса, асар,
сал, сала, салар, ал, ала, алас, сас, саса, сасар, саз, сазар, рас.
Мұнда дыбыс айырту мақсатында тұқымдас сөздер алынған. Тұқымдас
сөздердің дыбыстарының көбісі бірдей болады. Дыбыстарды айырту
барысында жаңа үйретілген сөздер тұқымдастығына
қарай сұрыпталып,
бірінің астына бірі сатыланып жазылады. Балалар соларды қайталап оқу
барысында сөздердің барлығында кездесетін ортақ дыбыстардың үнін де,
әрпін де айыратын болады.
Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыстары жағымды
да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөз ішінде дауысты-дауыссыз,
жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты
дыбыстар, ал бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді.
А.Байтұрсынұлы
төте
жазуының
сөйлеу
тілін
таңбалаудағы
маңыздылығы сингармофонемаға тікелей байланысты. Егер, фонема жуан
болатын болса, оған жалғанатын дыбыс та жуан, егер фонема жіңішке болса,
оған жалғанатын дыбыс та жіңішке. Дауыссыз дыбыстар дауысты
дыбыстарға бағынатын болғандықтан, А.Байтұрсынұлы сингарможуан,
сингарможіңішке
дыбыстарды
бір
сингармофонеманың
құрамында
қарастырған, сөз әуезділігі мен сөйлеу әуезділігін сөздердің бойында сақтап
қалуға да айрықша назар аударған.
М.Дулатұлы: «Қазақ тілінің мұңы» атты мақаласында:
«А.Байтұрсынұлының тәртібінше қазақ тіліндегі
әрбір дыбыстың өзіне
арнаған әріп бар. Ол әріптерменен не айтылса соны жазуға, не жазылса соны
оқуға болады. Бір түрлі жазылған сөзді бұрынғыдай неше түрлі қылып оқуға
болмайды. Бұл тәртіп бойынша 13 әріп кемітілген»-дейді [108,143].
А.Байтұрсынұлының «Қазақша алифба» оқу құралында а дыбысы
дауысты-дауыссыз тіркес құрамында берілген. Мысалы: ар, ара, аз, аза, зар,
азар, араз.Сонымен қатар, «Қазақша алифба» оқу құралында әрбір әріпке
берілген мысалдардағы дыбыс тіркесімінің дауысты-дауыссыз дыбыстар
95
болып орын алуы сөз әуезділігі мен сөйлеу әуезділігін сөздердің бойында
сақтап қалуына, сонымен қатар, тұқымдас сөздерді мысал ретінде бере
отырып, әдістемелік-әдіснамалық жағынан тиімді болып табылатын
жалқылаулы-жалпылау әдісті оңтайлы қолдана
білуіне байланысты болып
табылады. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы дыбыстарының тізілуі
түрінен, сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдердің тізілуі түрінен
екенін ескеретін болсақ, дыбыстарының тізілуі мен сөйлемдердің тізілуі
тұрғысынан А.Байтұрсынұлының «Қазақша алифба» оқу құралы нағыз
грамматологиялық бағытта жазылған еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: