Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет40/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Кесте 10 
А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты 
дыбыстар (Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды 
жіктеу туралы» мақаласындағы дауыстылардың жіктелімі) 
 
Дауыстылар 
Толық дауыстылар 
Шала дауыстылар 
а, е, о, ұ, ы 
Бұлар 
А.Байтұрсынұлының 
жіктелімінде 
толық 
дауыстылар 
деп 
аталады. Толық 
дауыстылары кең 
шығысты, тар 
шығысты болып екіге 
айырылады. 
Аңғал 
түрлісі 
Қымқ 
ыру 
түрлісі 
Ауыз 
шығысты 
Мұрын 
шығысты 
а, е, ы 
о, ұ 
р, л, у, и 
ң, м, н 
р, ң, л, м, н, у, и 
Бұлар 
А.Байтұрсынұлының 
жіктелімінде 
шала 
дауыстылар 
деп 
аталады. 
Ауыз шығыстылары 
босаң жолды, қысаң 
жолды 
болып екіге 
бөлінеді. 
Мұрын шығыстылары 
босаң бөгеулі, қысаң 
бөгеулі, тұйық бөгеулі 
болып үшке бөлінеді. 
Босаң 
жолдылары 
Қысаң 
жолдыс 
ы 
Босаң 
бөгеулі 
Қыс 
аң 
бөгеул 
і 
Тұйық 
бөгеулі 
р, у, и 
л 
ң 
н 
м 
 
Кесте 11 
А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты 
дыбыстардың өзара ерекшелігі 
 
Дауыстылар 
Толық дауыстылар 
Шала дауыстылар 


98 
а, е, о, ұ, ы 
Толық 
дауыстылар 
буын ішінде 
дауыссыз 
дыбыстардың 
алдында да, 
соңында да 
келеді. 
Аңғал 
түрлісі 
Қымқыру 
түрлісі 
Ауыз шығысты 
Мұрын 
шығысты 
а, е, ы 
Орын 
талғамайды. 
о, ұ 
Бас 
буыннан 
басқасын 
да 
келмейді. 
р, л, у, и 
Септегенде 
«дың», «дан», 
жіктегенде 
«мыз» келеді. 
ң, м, н 
Септегенде 
«ның», 
«нан», 
жіктегенде 
«біз» келеді. 
р, ң, л, м, н, у, и 
Шала 
дауыстылар 
буын ішінде 
дауыссыздың 
соңында 
келмейді. 
Ауыз шығыстылары 
босаң жолды, қысаң 
жолды 
болып екіге 
бөлінеді. 
Мұрын шығыстылары 
босаң 
бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық 
бөгеулі 
болып үшке бөлінеді. 
Босаң 
жолдылары 
Қысаң 
жолдысы 
Босаң 
бөгеулі 
Қысаң 
бөгеулі 
Тұйық 
бөгеулі 
р, у, и 
Сөз басында 
келмейді. 
л 
Сөз 
басында 
келеді. 
ң 
сөз 
басында 
келмейді 

н
алдындағы 
дыбысқа 
әсері бар. 
м 
алдындағ 
ы 
дыбысқа 
әсері 
жоқ. 
 
 
Кесте 12 
А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты 
дыбыстарға сипаттама
(1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының 
№ 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 
дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп берілген жіктелім бойынша) 
Дауыст 
ы дыбыс 
Дауысты дыбыстар сипаттамасы 
а 
езулік, жуан дауысты, ашық дауысты 
о 
еріндік, жуан дауысты, ашық дауысты 
у 
еріндік, жуан дауысты, қысаң дауысты 
ы 
езулік, жуан дауысты, қысаң дауысты 
э 
езулік, жіңішке дауысты, ашық дауысты 
у 
еріндік, жуан, жіңішке дауысты, қысаң 
дауысты 
и 
езулік, жуан, жіңішке дауысты, қысаң дауысты 
С.М.Исаевтың жіктелімі бойынша қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар 
деп беріледі. Олар: 
а, ә, е, э, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, у. 
Бұлардың ішінде э тек орыс 
тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор, т.б.) және 
и мен у 


99 
екеуі қосынды (дифтонгоид) деп аталады: и –ы+й немесе і +й және у-у +у 
немесе ұ +у. Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай 
алмайды. С.М.Исаевтың жіктелімінде қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар үш 
жақты жіктеледі [110,12]. 
1.
Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып 
бөлінеді. Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. 
Жіңішке дауыстылар ә,е, (э), ө,ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. 
2.
Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң 
болып бөлінеді. 
Ашық дауыстылар: а,ә,е,(э), о,ө. Қысаң дауыстылар: ы,і, и,ұ, ү,у. 
3.
Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді. Езулік 
дауыстылар: а,ә,е, (э),ы,і,и. 
Еріндік дауыстылар: о,ө,ү,ұ,у. 
Кесте 13 
С.М.Исаевтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар 
 
Ерін қатысына 
қарай 
Езулік 
Еріндік 
Иек (жақ) қатысына 
(жасалу орнына) 
қарай 
 
ашық 
 
қысаң 
 
ашық 
 
қысаң 
Тіл қатысына 
(жасалу жолына) қарай 
Жуан 
Жіңішке 
а 
ә,е 
ы (и) 
і (и) 
о 
е 
ү (у) 
ұ (у) 
 
Қазақ тілінің дауыстылары мен дауыссыздарының тағы бір басты 
айырмасы: дауыстылар буын жасай алады да, дауыссыздар буын жасай 
алмайды. Сондықтан дауыстыны буын құрағыш дыбыс деп, дауыссызды 
буын құрай алмайтын дыбыс деп те атауға болады. Бұл дыбыстардың 
атқаратын қызметіне қарай айырылуы [111, 232]. 
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың жіктелімі бойыншақазіргі қазақ тілінде 
мынадай 
тоғыз жалаң дауыстылар 
(монофтонг) бар: 
а, е, ы, і, ә, о, ө, ү, ұ. 
Бұдан басқа мынадай 
екі қосынды дауыстылар (дифтонгоид)
бар:
и, у 
[111, 233]. 
Кесте 14 
І. Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі 
дауысты фонемалар 
 
Ерін қатысына 
Езулік 
Еріндік 


100 
қарай 
Жасалу жолына 
қарай 
 
Ашық 
дауыст 
ылар 
 
Қысаң 
дауыст 
ылар 
 
Ашық 
дауыст 
ылар 
 
Қысаң 
дауыст 
ылар 
Жасалу орнына 
қарай 
 
Жуан дауыстылар 
 
а 
 
ы (и) 
 
о 
 
ұ (у) 
Жіңішке 
дауыстылар 
 
а, е (э) 
 
і (и) 
 
ө 
 
ү (у) 
 
С.Мырзабековтың жіктелімі бойынша қазіргі қазақ тілінде он бір 
дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш 
топқа жіктеледі [112,18]. 
Кесте 15. 
С.Мырзабековтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты фонемалар 
 
Тілдің 
қатысына қарай 
Еріннің 
қатысына қарай 
Жақтың қатысына 
қарай 
 
Жуан 
(гуттурал 
ь)
дауыстыла 
р 
 
Жіңішке 
(палатал 
ь)
дауыстыл 
ар 
 
Еріндік 
(лабиаль) 
дауысты 
лар 
 
Езулік 
дауыстыл 
ар 
 
Ашық 
дауыс 
тылар 
 
Жартыла 
й ашық 
дауысты 
лар 
 
Қысаң 
дауыст 
ылар 
а, о, 
ұ, ы, у 
ә, ө, 
ү, і, е, и 
о, ө, 
ұ, ү, у 
а, ә, 
ы, і, е, и 
а, 
ә 
о, ө, 
е 
ұ, ү, 
ы, і, и, у 
 
Ә.Жүнісбектің жіктелімі бойынша қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс 
бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында былай таңбаланады: а, ә, е, о, ө, 
ұ, ү, ы, і. 
Қазақ тілі дауысты дыбыстары 
жалаң (монофтонг) және құранды 
(дифтонг) 
болып екіге бөлінеді [113,54]. Біркелкі айтылатын дауысты 
дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір 
дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды 
дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е. 
Кесте 16. 
Ә.Жүнісбектің жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар 
 
Дауысты 
дыбыстар 
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і 


101 
Жалаң 
(монофтонг) 
дауыстылар 
а, ә, ы, і, ұ, ү 
Құранды 
(дифтонг) 
дауыстылар 
о, ө, е. 
 
Неліктен 
у, э 
дыбыстары дауысты дыбыс қатарына қосылған деген сауал 
туындайды? Біздің ойымызша, бұл орыс тілінің әсерін күшейту, әсірелеу 
мақсатында қазақтың дүниетанымын өзгерту мақсатында енгізілген өзгеріс. 
Себебі, әріп арқылы беріліп тұрған мәдениет, дүниетаным, ақпарат адамның 
санасында қалып қояды. Адамның санасындағы ақпарат біртіндеп жады 
арқылы қалыптасып, адамның дүниетанымының өзгеруіне әкеліп соғады. 
Бұдан әріп арқылы берілетін когнитологиялық аспект бар екендігін, адам 
санасында қалыптасатын таным арқылы адам санасына түбегейлі өзгеріс 
енгізуге болатындығын байқаймыз. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың дауысты дыбыстар жіктелімін 
салғастыра келе, қай ғалымның идеясы А.Байтұрсынұлына жақындау деген 
ой туындайды. Сонымен, А. Байтұрсынұлының қалыптастырған емлесіне 
жақын келетін идея – С.М.Исаевтың, І. Кеңесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың 
қарастырған дауысты дыбыстар жіктелімі. Дауысты дыбыстар саны жағынан 
сәйкес емес, бірақ құрамы, жіктелімі жағынан ұқсастықтар мен сәйкестіктер 
басым. С.М.Исаевта қысаң дауысты ретінде и мен у дыбыстары 
қарастырылады. Ал І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевта екі қосынды дауыстылар 
(дифтонгоид): 
и мен у 
бар деп көрсетіледі. Ал, аталған ғалымдардың бұл 
жіктеуі А. Байтұрсынұлының 2 жарты дауысты бар деп қарастырған дыбыс 
жіктеліміне сәйкес келеді. Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы әліпбиінде бар 
дыбыстардың көпшілігі аталған ғалымдардың жіктелімінде бар. Ал, 
С.Мырзабеков пен Ә.Жүнісбектің қарастырған дауысты дыбыс жіктелімі 
А.Байтұрсынұлынан алшақ. Аталған дыбыстар А. Байтұрсынұлы әліпбиінде 
бар болғанымен, жуан, жіңішке, құранды, жалаң деп қарастыру жағынан 
келгенде кемшін тұстары баршылық. 
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған ғалымдардың дауысты дыбыс 
жіктелімі қайдан бастау алады деген сауал туындайды? Қазақ тіл білімі 
ғылымында бұрын соңды емле тәртібі түзілмегендігін ескерсек, жалпы 
түркітану ғылымында, әсіресе ХХ ғасырдың басында түркітану ғылымында 
Байтұрсынұлының емлесі үлгі емле болды. А.Байтұрсынұлының қазақ тіл 
білімі ғылымында қалыптастырған әрбір таңбасында мән бар, ұлттық 
таңбалық ерекшелік бар. Яғни, аталған ғалымдардың дыбыстарды жіктеуі 
А.Байтұрсынұлының қалыптастырып кеткен дыбыстар жіктеуінен бастау 
алады. Қазақ тіл білімі ғылымындағы қарастырылған дыбыстар жіктеуінің 
барлығы А.Байтұрсынұлының жасаған дыбыстар жіктеуіне негізделген. 
Сонымен, А.Байтұрсынұлы қазақ тіл біліміндегі грамматологияның негізін 
қалаушы. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет