Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет41/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

2.5
 
А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауыссыз дыбыстар жіктелімі 
 
1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ 
тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты
бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болады. 
Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болып 
бөлінеді [1,147]. 
А.Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы» оқу құралында тіл дыбысына 
қатысатын мүшелердің қайсысынан қандай дыбыс шығатындығы туралы 
пайымдауынсонау өткен ғасырдың бастапқы кезінде айтып кеткендігін атап 
өткім келеді.Дыбыстың шығуына қызмет қылатын өкпе, кеңірдек, тамақ 
(жұтқыншақ), мұрын, түрлі мүшелеріменен ауыз. Ауыз мүшелерінің ішінде 
де көбінесе қызмет қылатын –тіл. Тілдің қатыспайтын дыбысы жоқ. Қай 
сөзде болса да дыбысқа түр беріп, тіл дыбысы болып шығуына тіл қатыспай 
қалмайды. Басқа мүшелер тілдің жұмсайтын құралы, ылаждаушы 
(амалдаушы) есебіндегі нәрселер болады. Дыбыс жасауға жем беретін – 
өкпеден кеңірдек арқылы келетін ауа. Сол ауаны бірде ананы, бірде мынаны 
сепке алып, керегіне қарай олай да, былай да жіберіп, сөзге керек түрдегі 
дыбыс қылып шығаратын – тіл. Сондықтан да «сөз», «сөйлеу», «айту», 
«қабар» дегеннің орнына көбінесе «тіл» аты жұмсалады [1,376]. 
Қазақтың төл сөздерінде 
л, р 
дыбыстарының алдынан 
ы, і 
дыбыстары 
айтылады, бірақ жазылмайды. Мысалы: 
ыриза-риза, ырахат-рахат, ірет- 
рет, ылайық-лайық, ылажсыз-лажсыз, ілебіз-лебіз. 
Тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн 
дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп 
аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және 
көреміз. Әріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба. Айтқанда ауа 
кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. 
Дауыссыз дыбыстарда дыбыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек 
салдырдан тұрады [110]. 
1927 жылы жарияланған «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 
жарияланған Елдестің «Қазақ дыбыстары» деген мақаласына байланысты 
Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды жіктеу туралы» 
мақаласында А.Байтұрсынұлы өз пікірін білдіреді.Сонымен, біздің 
қарастыруымызша, А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 
екі түрлі жіктелім 
орын 
алғандығын байқауға болады. 
1.
1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ 
тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет