Ш. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ЕМЛЕТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
3.1. А. Байтұрсынұлының күрделі сөздер емлесі
А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» деген мақаласында емлеге байланысты
толыққанды сипаттама береді: «Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі
ынтымақ); 2) тарих жүйелі (негізі дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);
4)
дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).
Таңба жүйелі емле – арғынға «дөңгелек» таңба алайық, қыпшаққа «жіп»
таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай «1» белгі, «екіге»
мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен дыбысқа пәлен
белгі алайық деп, дыбыс басына әріп арнаған сияқты тіл іліміне тіремей, тек
ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен
жасалатын емле жүйесі. Емленің бұл жүйесін алу-алмау жағын сөз қылмай
өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізгі тіл іліміне, тіл
жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік, - дей жазады [118].
Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасалған түрінде қолданып
дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша
қолданатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары
өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың ортасындағы ортақ таңба болуы
мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе тіпті
дыбысы жоғалып кеткен әріптерді әлі күнге жоғалмастан, сөз ішінде
жазылып жүруі мүмкін. Емлеміздің жүйелі болу-болмауын тағы сөз қылмай
өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас
еді.
Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққан дыбыстарына қарамай,
тегіне қарап отырып жазатын емле. Мәселен, ауыздан шыққанда «қорада бір
қара ат тұр екен» дегенде «қара» деген, «ат» деген сөздерді ауыздан
шығуынша «қарат» деп жазбай,«қара ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан
шыққанда, «солай болсигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі
еді» деп, «болса», «игі», «еді» деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ осы
күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс.
Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле.
Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне
жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша, жеке
алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын
түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді
оңаша, жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай шығады. Сол араға «өгіз»
деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі
естіледі(Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз).
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін
тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім жүзінде еш жұртта қолдану
жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып
124
келеді. Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай,
көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік.
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс
дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы
емлеміз дыбыс жүйелі емес бе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші
едік пе? Бұрынғы емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі қандай
керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса, жаңа
емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде?
Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының
естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы
естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына
бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей, ауыздан шығуынша
жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай дыбыстар ауыздан шығуына
қарамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін, бұрынғы емлеше жазу мен
жаңа жобаша жазылу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп
өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады:
Тұрғанбай – Тұрғамбай, қонған – қоңған, көнген – көңген, інге – іңге, бара
алмайды – баралмайды, келе ал- майды – келалмайды, келе алмай тұрмын –
келалмайтұрмын, бүрсі күні – бүрсігүні, бұрнағы күні – бұрнағыгүні, жазды
күні – жаздыгүні, тұзсыз – тұссыз, басшы – башшы, ізші – ішші, қазса – қасса
тағы сондайлар.
Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл
бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай
болса, бұрынғыдан мұның несі артық деп аламыз? Емлені бұрынғысынан
артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай
етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер
де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып
қамалатындарына көз салмайды-ау деймін.
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы», «атлы»,
«баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып
табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі болсын дегенде, «сөзшең» дегенді
«сөшшең» деп, «ізшілер», «ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей
«ішшілер» деп, «кигізсе» дегенді «кигіссе» деп,
«кигізше» дегенді
«кигішше» деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса» деп,
«сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала
ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де
тұтыну керек дейді. Солай дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай
етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын
болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?
Онан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе – сөздерді қосып жазуға
құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килігетініне тағы көз
салынбайды-ау деймін.
Мәселен: «бара алмайды» дегенді «баралмайды» деп жазу керек дейтін
бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі – көсемше етістік,
125
екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи
бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып
бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін
өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп,
соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін
мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу» [118].
М.Дулатұлы емле туралы былай дейді: «Бұл емлені тосырқап
түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін»
мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учительдер,
мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді.
Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла мұнан кейін артпаса кемімес деген
үміт зор» [119].
А. Байтұрсынұлының Орынбордан 1914 жылы жарияланған «Тіл-құрал»
оқулығында «Жазу қағидалары» бөлімінде сөздер тұлғасына қарай беске
бөлінеді делінеді [1,154]. Олар: 1) түбір сөз; 2) туынды сөз; 3) қос сөз; 4)
қосалқы сөз; 5) қосымшалар.
1)
Түбір сөз дегеніміз – бастапқы мағынасындағы, бастапқы
тұлғасындағы сөз, мысалы: бас, тас, шаш.
2)
Туынды сөз дегеніміз -бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерген
сөз, мысалы: бастық, тастақ, шашақ.
3)
Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын сөздер, мысалы: аяқ-табақ,
киім-кешек, төсек-орын, жүн-жұрқа, құрт-құмырсқа.
4)
Қосалқы сөз дегеніміз –өз алдына мағынасы кем басқа сөздің
маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз. Мысалы: да, ғой, ғана (мал да, жан
да, солай ғой, осы ғана).
5)
Қосымшалар дегеніміз сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда
өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды.
Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады [1,154].
Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана
өзгертіп, мағынасын өзгертпейді, екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да,
ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар
Достарыңызбен бөлісу: |