–лар, -лер, -дар, -
дер, -тар, -тер
бөлшектерінің мағынасы мен қызметі жағынан ешқандай
өзгешелік жоқ, бір ғана қосымша, олар тек дыбысталуы жағынан ғана
түрленіп тұр. Ал, аталған бөлшектердің бұлай түрленулері сол қосымшаның
өзі жалғанатын сөздерінің әуеніне қарай үйлесіп, үндесуінен туып
қалыптасқан [56,205].
Дыбыстардың үндесу заңдарына қарай қосымшалардың құбылуы
қосымшалардың фонетикалық варианттары деп аталады.
Алғыш, білгіш,
айтқыш
дегендердегі
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
бөлшектері бір ғана
қосымшаның фонетикалық варианттары болады. Сол сияқты,
оқушымын,
инженермін, студентпін, көппін
дегендегі –мын, -мін, -пін, -бын бөлшектері
де жіктік жалғаудың жекеше түрінің тек бірінші жағының ғана варианттары
болып саналады делінеді [56,205].
Қосымшалар мағынасына және атқаратын қызметіне қарай жұрнақ және
жалғау делініп аталатын екі топқа бөлінеді.
а) Жұрнақтар түбірге жаңа мағына үстейді, жаңа сөздер тудырады.
Жұрнақ арқылы туған жаңа сөздер кәдімгі түбір сияқты жеке сөз ретінде
қолданылып, жаңадан басқа да қосымшаларды қабылдай береді. Мысалы:
бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің
лексикалық мағынасы бір емес, екеуі –екі басқа сөз [56,205].
Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әртүрлі.
Кейбір жұрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір
грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейтіндігі айтылады. Мысалы:
қой және қойшы
деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа
сөздер, бірақ белгілі грамматикалық категорияға қатысты болып табылатын
бір ғана сөз табына (зат есім) жатады [56,205-206].
ә) Жалғаулар. Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемейді. Олар өздері
жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөздерден жалғастырып, байланыстырады
[56,208]. Мысалы,
мұғалімдер оқушыларын алып театрға шықты
деген
сөйлемді мысал ретінде алып қарастырсақ,
мұғалім оқушы алып театр шық
деген сөйлемде ешқандай байланыс болмайды, өзара байланыспайды.
Бірінші сөзге жалғанып тұрған -лер, екінші сөзге жалғанып тұрған –лар, -ы, -
н, төртінші сөзге жалғанып тұрған –ға, бесінші сөзге жалғанып тұрған –ты
қосымшалары жалғаулар болып табылады.
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде қосымшалар түбірдің соңғы
буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке
жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-
si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa [115,12].
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде де дыбыстар үндестігі сақталып, жуан не
жіңішке жалғанады.
А. Байтұрсынұлы қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын сөздер,
мысалы: аяқ-табақ, киім-кешек, төсек-орын, жүн-жұрқа, құрт-құмырсқа
дейді. Сонымен қатар, қос сөздердің арасы сызықша (-) мен айрылып
жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек).
129
Сөзден сөз тудырудың тағы бір амалы –екі сөзді қосарлап айту. Қос
сөздердің тілімізде алатын орны аса үлкен. Олар негізінен, екі сөзді бірге
қосақтау, бір сөзді қайталау арқылы, я оның бір буынын қабаттастыру
арқылы жасалады.
Қос сөздердің өзара тұлғалық айырмашылықтары да, мағыналары да
ішінара бірдей емес. Мысалы: қып-қызыл, ат-мат, қора-қора, сөзбе-сөз, төсек-
орын, оқта-текте сияқты қос сөздердің бір-бірінен құрамдары да басқа- басқа,
мағыналары да түрлі-түрлі [56,196].
Ал, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде қос сөздер дефис (-) арқылы
жазылады делінеді. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek,
alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-
qaıta. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер және көңіл-күй, шақыру
одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-
shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý-qyraý [116].
А. Байтұрсынұлының әліпбиінде қосалқы сөз дегеніміз –өз алдына
мағынасы кем басқа сөздің маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз
делінеді. Мысалы: да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана). Жаңа
әліпби негізіндегі қазақ тілінде толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin,
buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe,
she шылаулары бөлек жазылады делінеді. Мысалы: jyl saıyn, aı saıyn;
sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz,
kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma
eken? Kele me eken? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she? [116].
Жазу – адамзаттық мәдениеттің дамуын айқындайтын әлеуметтік мәні
бар зор құбылыс. А.Байтұрсынұлы бәрінен бұрын жазудан не қажет екендігін
анықтап алу керек дей келе, жазу тілдің дыбысын нақты, айқын және дұрыс
беруі керек екендігіне тоқталады. Екінші мәселе оқу үшін жазу жеңіл болуы
керек. Осы екі негізгі талап А. Байтұрсынұлының айтқан талаптары болып
табылады. Бір адамдар жазу алфавитпен байланысты десе, бір адамдар жазу
алфавитпен байланысты емес дейді. Шындығында, алфавит толыққанды емес
болған жағдайда ғана жазу алфавитпен байланысты болады.
А.Байтұрсынұлы араб тілінің таңбаларын негізге алған кезде қазақ тіліне
бейімдеп жасаған.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау мақсатында жұмыс
жасады және тіл тазалығы дегеніміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен
шұбармалау деген анықтама берді. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса,
жұртқа сіңіп құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді
алу. Қазіргі таңда қазақ тіліне енген кірме сөздердің көпшілігі қазақ тілінің
ауызекі тіліне ыңғайланып, бейімделген. Мысалы: араб тілдерінен енген
дуниа-дүние, муаллим–мұғалім, китаб-кітап, қалам-қалам, дафтар-дәптер,
алиф, ба –әліппе, ильм –ілім, мадраса –медресе, закат –зекет, шам –ақшам,
кеш батқан мезгіл,т.б. Қазақ халқының тілдік қорында шеттілдік кірме
сөздердің көпшілігі өздерінің тілдік құрамындағы дыбыстардан
130
ажыратылып, қазақ тілінің таза тілдік қорына негізделіп, өздеріне сәйкес
келетін қазақ тілінің дыбыстарын қабылдаған.
А.Байтұрсынұлы комиссар деген сөзді, комюссер деп айтады дей келе,
шет тілден енген кірме сөздердің қазақ тіліне енгенде сол қалпында қалуына
қазақ артикуляциясындағы сөздер конструкциясы қолайлы келмейді дейді.
Басқа тілдер де шет тілдерден енген сөздерді сол қалпында қалдырмай, өз
тілдеріне бейімдеп ыңғайлап алуы керек деген тоқтамға келеді [1,418].
Дегенмен, А.Байтұрсынұлы қолдануға, айтуға және түсінуге ыңғайлы болған
сөздерді сол қалпында қалдырған. Мысалы: наху, сарф, мәтбаға, харіф,
химия, алгебра, математика,формула, форма, т.б.
Кірме сөздер жөнінде проф. Ә.Жүнісбек: «Қазақ жазуы: төл дыбыс –
төл әліпби» атты баяндамасында: «Қазақ тіліндегі кірме сөздер деп
жүргеніміздің бәрі орыс тілінің айтылым үлгісіндегі сөздер. Сол сөздерді
қазақы айтылым үлгісіне бағындырып аламыз ба, жоқ әлде «орыс тілінде
қалай айтылса солай жазамыздың» керімен оның төркін айтылымын
сақтаймыз ба? Егер қазақ тілінің айтылым үлгісіне икемдеп алатын болсақ,
онда мәселе оп-оңай шешіле кетеді де сол жоғарыдағы әліпбиіміз толығымен
жетіп жатыр, оған ешнәрсе қосып-алып керегі жоқ. Ал, шын мағанасындағы
халықаралық сөздерді (орыс тілінің айтылым үлгісіне икемдемей) сол өз
латын үлгісіндегі жазылымын ала салуға болады. Күнделікті шет тілін көріп-
тыңдап, оқып-жазып жүрген балаға да, ересекке де оның еш қиындығы жоқ.
Қайта оқу-әдістемелік тұрғыдан ұтымды болып шығады»,-дейді [103].
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде шеттілдік бірқатар сөздер
түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес
жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń,
-i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), banknot (-
tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-
nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-
niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar),
blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler) [116]. Демек, А.Байтұрсынұлы ережесіне сәйкес
қолдануға, айтуға және түсінуге ыңғайлы болған сөздерді өзгеріссіз
қалдырған.
Қазақ тілін талдап-тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан
ерекше бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин
ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, жай сөйлем, құрмалас
сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген т.т. сан алуан линвистикалық
терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі. Бұлардың барлығы дерлік не
бұрынғы сөздің мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұлғадағы сөз жасау
арқылы дүниеге келген соны атаулар, жасанды сөздер. Жасандылығына,
сонылығына қарамастан, әрқайсысы сол өзі атап тұрған тілдік категорияны
дәл атайтын термин (атауыш сөз, 20-жылдардағы терминімен айтсақ, «пән
131
сөздері» болып шыққан). Бұлардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге
дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді [60,33].
А.Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек
тіл білім саласы емес, әдебиеттану саласының да көптеген терминдерін
жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті шыққан, қонымды атаулар болған.
Сондықтан әдебиеттанудағы А.Байтұрсынов ұстанған терминдердің басым
көпшілігі күні бүгінге дейін қолданылып отыр. Ғылымның тек бұл екі саласы
емес, жалпы мәдениетке, халық тарихына қатысты әлеуметтік терминдердің
көпшілігі ғалым қаламынан туып, қазір авторының кім екендігі ұмытылып,
жалпы халықтық кәнігі сөздер болып кеткенін айту керек. Бұл салаларда
оның термин жасаудағы негізгі принципі – ең алдымен қазақ тілінің өз
мүмкіншіліктерін пайдалану болды. Кезінде А.Байтұрсыновты жау етіп
танытуға күш салғандардың оған тағатын идеологиялық айыптарының бірі
«А.Байтұрсынов терминдер жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне
орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты»
деген пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына бармай, яғни себебін
іздемей берілген солақай баға. Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз
кезеңіне қарай, сол кезеңдегі жағдайға қарай тану керектігін мойындасақ,
А.Байтұрсыновтың термин жасаудағы «қазақшылығының» негізі бар
екендігін, яғни бұл ретте ұстаған принциптері мен бағытының дұрыс
екендігін көреміз. Ол принцип –жас ғылым салаларының терминдерін
жасауда қазақ тілінің өз қорына иек арту. Сол кезең үшін бұл принциптің
ұтымды, қолайлылығы жаппай сауатын енді ашып, бұрын естіп білмеген
ғылым салаларының ұғымдарын енді игеруге кіріскен қазақ оқушысы мен
оқырманына сол ұғымдарды мейлінше түсінікті етіп жеткізу мақсатының
көзделгендігінде. Жасанды болса да қазақ сөздері оқушының тез жаттығып,
есінде жақсы сақтауына әрі сол сөздің мағынасына қарап, терминдік
семантикасын өзі аңғарып, игеріп кетуіне мүмкіндік береді. Саналы ғалым
осыны білген. Термин жасауда ана тіліміздің сөздік қазынасын мейлінше
пайдалану –сол кезең түгіл, бүгінгі күнде де, яғни дүние жүзі білім-
ғылымына жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол арқылы
интернационалдық лексика қорына бара алатын қазіргі кезде де өнімді, басты
принциптердің бірі екендігі белгілі [60,34].
Сонымен қатар А.Байтұрсынов интернационалдық терминдерден мүлде
бас тартпағанын да айту керек. Мысалы, 1912 жылдың өзінде «Айқаптың»
беттеріндегі мақалаларында
Достарыңызбен бөлісу: |