грамматика, фонетика, морфология
деген
халықаралық сөздерді қолданған, әрі қарайғы жазғандарында көптеген
интернационалдық терминдерді орыс тіліндегі қабылданған түрінде
пайдаланғаны байқалады. Тек тіл білімі емес, өзге салаларда да
А.Байтұрсынов қаламынан шыққан материалдарда
проект, дума, депутат,
фракция, доктор, фельдшер, микроб, флот, корпус, миллион, батарея,
шрапнель, солдат, пулемет, завод, телефон, телеграм, план
деген
интернационалдық терминдер мен орыс сөздерін кездестіреміз. Тіпті орайы
келгенде өлең шумағында да европалық термин сөзді қолданудан қашпайды.
132
Р.Сыздықова: А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикасы мен
морфологиялық тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын жаңаша талдап, дұрыс
көрсете білді,-дейді. Орыс лингвистикалық мектебінен сусындап, негізін
содан алғанмен, қазақ тілі грамматикасын тануда ол көп ретте тілдің
типологиялық ерекшелігін ескеру принципін ұстанған дейді. Р.Сыздықова
ана тіліміздегі ғылым саласы үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан
басталғандығын, оның іргетасын қалаушы А.Байтұрсынов екендігін айтады.
Оның себебін де келесі дәйектемелерді алға тарта отырып, келтіреді.
Н.И.Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда басылған «Материалы к
изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің грамматикалық
жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл «Материалдар» орыс тілінде
жазылды, онда қазақша лингвистикалық терминдер жасалған жоқ. Бұл
жұмыс, атынан-ақ көрініп тұрғандай, оқулық та емес, жүйелі түрде
баяндалған грамматика құралы да емес, ол шығыс тілдерін, оның ішінде өзге
түркі тілдерін зерттеушілерге арналған еңбек болатын. Оның өзінде де бұл
«Материалдар» қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен (автордың жазуынша,
татар тілінен) ерекшеленетін тұлғаларын көрсету мақсатымен жазылған-ды.
Автор бұл еңбегім білім алған қазақ жастарының ана тілін зерттеп, дамытуды
өз қолдарына алуларына мұрындық болар деп үміттенеді. Оның бұл үмітін
жарты ғасырдан соң бірінші болып ақтаған – А.Байтұрсынов болды.
П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка»
деген атпен І бөлімі (фонетика және этимология) 1894 жылы, ІІ бөлімі
(синтаксис)1897 жылы шыққан құнды еңбегі –қазақ тілінің грамматикалық
құрылымын ғылыми негізде жүйелі түрде баяндаған тұңғыш зерттеу екендігі
мәлім. Бірақ бұл да түркі тілдерін зерттеушілерге арналған, орыс тілінде
жазылған ғылыми сипатты еңбек болды. Сондықтан мұнда да қазақ тіл
білімінің ұлттық терминологиясы жасалмады. Бұл ғылыми жұмыс та ана
тіліндегі қазақ лингвистикасының басы болып таныла алмайды.
А.Байтұрсыновтың қазақ тіл білімі мен тарихындағы орны мен еңбегі
осындай [60,35-36].
Қазақ тілінің табиғатына сай келмейтін барлық қазақ тілді емес сөздер
қазақ говорына сәйкес өзгерістерге ұшырауы тиіс. Бұл біріншіден, қазақ
тілінің дыбыстарына бөгде болып табылатын барлық қазақ тілді емес
сөздердің барлығындағы дыбыстар қажетті болып табылатын дыбыстармен
алмастырылады, екіншіден, қазақ тілді емес сөздердің суффикстері қазақ
тілінің суффикстерімен алмастырылады, үшіншіден, қосарлы дыбыстар
қарапайым күйде қабылданады, төртіншіден қазақ тіліне бөгде болып
табылатын жалғаулар айтылу барысында сол тілге ыңғайланып, сол тілдің
талап етілген аясында өзгертілуі тиіс.Мысалы: Оренбург –Орынбор, Самара-
Самар, пуховой–бөкебай, покров-боқырау, Адамовский –Адамау және т.б.
[1,423]. Қазіргі таңда көп қолданылатын сөздерге мысал: самовар – самауыр,
товар – тауар, номер – нөмір, съезд – сиез, почта – пошта, Турция – Түркие,
Москва – Мәскеу, Россия – Ресей, комиссия – кәмиссие және т.б.
133
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде бірқатар кірме сөздер айтылуы
бойынша жазылады делінеді. Олар: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz,
sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp [116].
Күрделі сөзге айналған фразеологизмдер бірге жазылады: aqsaqal,
aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný,
erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý, atsalysý, atústi, atústilik
[116].
А.Байтұрсынұлы 1914 жылы Орынбордан жарияланған «Тіл-құрал»
(қазақ тілінің сарфы) атты оқу құралында қос сөз дегеніміз – қосарынан
айтылатын сөздер, мысалы: аяқ-табақ, киім-кешек, төсек-орын, жүн-жұрқа,
құрт-құмырсқа дейді [1,154]. Ал, 1925 жылы Қызылордадан жарияланған
«Тіл-құрал» (дыбыс жүйесі мен түрлері) атты оқу құралында толықтырып,
қос сөздің екіге бөлінетіндігін айтады. Анықтамасын да түрлендіреді. Қос сөз
дегеніміз қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі
болады, біреуі нәрсенің көбін қамти атайды дейді. Екіншілері нәрселерді
айыра атайды дейді. Алдыңғысы жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы
жалқылағыш қос сөз деп айтылады дей отырып, әрқайсысына мысалдар
келтіреді [1,182].
Жалпылағыш қос сөздер: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, киім-кешек,
жүн-жұрқа, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жер-су, бұзау-мұзау, қой-қозы, т.б.
Жалқылағыш қос сөздер: жел-бау, жүк-аяқ, шеге-балға, есен-аман, т.б.
[1,182].
А.Байтұрсынұлы жалпылағыш қос сөз бен жалқылағыш қос сөздің
айырмасы сызықша (-) болып табылады деген тұжырымға келеді.
Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықша (-) мен айырылып
жазылады десе, жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айрылып та,
айрылмай да жазылады делінсе, ал жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде
сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы, жиынтық және жалпылама
мәндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы
жазылады делінеді. Мысалы: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-
teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-
tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas,
alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, joǵary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady,
kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılek-kónshek, et-met [116].
А.Байтұрсынұлы қос сөзге байланысты тағы бір ескеретін нәрсе жуан не
жіңішке айтылатындығында дейді. Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мысалы,
екеуі бірдей жуан не жіңішке айтылатын болса, онда екеуі де айрылмай тұтас
жазылады дейді. Оған мысал ретінде келесі мысалдарды береді: басқұр,
қолқап, Балжан, желкесер, айбалта, Алтынбай, Баймырза, т.б.
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында қос сөздердің тұлғалық түрлері
қаншалықты көп болса, мағыналық ерекшеліктері де соншалықты көп дейді
[56]. Қос сөздер келесідей топтарға бөлінеді:
134
1)
Кейбір қос сөздер дара мағыналы сөздерден құралып, жыйнақтық я
жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы: аға-іні, бала-шаға, шыбын-шіркей,
жан-жануар, ауыл-аймақ, жер-су, құрт-құмырсқа, т.б.
2)
Кейбір қос сөздер жалпылау я топтау мағынасын білдіретін жеке
сөздерден құралып, керісінше, жіктеу, даралау мағынасын білдіреді.
Мысалы: үлкен-үлкен, кішкене-кішкене, бет-бетіне, басқа-басқа, алуан-алуан,
т.б.
3)
Кейбір қос сөздер белгілі-бір ұғымды атамай, екіұшты етіп болжау
мағынасын береді. Мысалы: бүгін-ертең деген қос сөз нақты емес, жалпы
шаманы болжап қана білдіріп тұр. Мысалы: бүгін-ертең, кешелі-бүгінді, т.б.
[56,197].
Ал, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде екі түбірден құралған бір ғана
зат пен ұғым атауы бірге жазылады дейді. Мысалы: kókónis, shekara, jertóle,
baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.)
[115,16].
Ал, екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген
қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып,
кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін
ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен
келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -
be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін
лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады:
ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik;
aýyzashar,
atqaminer;
ashatuıaqtylar,
balyqqorektiler,
jalańkózdiler,
aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty,
nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris;
aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq [115,16].
Сонымен қатар тағы бір ескеретін нәрсе егер, қос сөзде екі сөз бірыңғай
болмаса, мысалы, бірі жуан, бірі жіңішке болып келсе, онда аралары
сызықшамен айрылып жазылатындығын айтады. Мысалы: жел-бау, төсек-
ағаш, жүк-аяқ, т.б.
А.Байтұрсынұлы 1914 жылы Орынбордан жарияланған «Тіл-құрал»
(қазақ тілінің сарфы) атты оқу құралында қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына
мағынасы кем басқа сөздің маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз дейді.
Мысал ретінде да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана) сөздерін
келтіреді. Ал, 1925 жылы Қызылордадан жарияланған «Тіл-құрал» (дыбыс
жүйесі мен түрлері) атты оқу құралында қосалқы «ма», «ба» лардан «еді»,
«екен» деген сөздер бөлек жазылады дейді. Айтар ма еді, келер ме еді,
бармас ба еді. Айтқан ба екен? Көрген бе екен? Білді ме екен? т.б. деген
мысалдар беру арқылы тұжырымдайды.
А.Байтұрсынұлы 1925 жылы Қызылордадан жарияланған «Тіл-құрал»
(дыбыс жүйесі мен түрлері) атты оқу құралында тілге байланысты жіктеме
береді [1,173]. Қазақтың тілі – түрік тілінің бір тарауы дейді. Дүниедегі
жұрттың тілі үшке бөлінетіндігін атап өтеді. Олар: түбіршік тіл, жалғамалы
135
тіл және қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей жұмсалады,
мысалы: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл – сөздің аяғына жалғау
қосылып өзгерілетін тіл, мысалы: түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл –сөз
түбірімен қопарылып, өзгерілетін тіл, мысалы: орыс тілі, араб тілі. Қазақ тілі
түркі тілдің бір тарауы болып табылатындықтан, жалғамалы тіл қатарына
жатқызады. Қазақ сөзінің түбірі өзгерілмей, соңына жалғау қосылып,
өзгеріледі дейді. Жалғау екі түрлі болады дейді: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе
де, ішкі мағынасын өзгертпейді; екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да
өзгертеді дей отырып, мысал келтіреді.
Мысал ретінде «құлақ» деген сөзді алады. Егер, «құлақ» деген сөзге
«тың» деген жалғау қоссақ, «құлақтың» болады дейді. Тұлғасы өзгерді,
мағынасы өзгерген жоқ дейді. «Құлақтың» дегенде бастың мүшесін атап
көрсетеді. Егер, «құлақ» деген сөзге «шын» деген жалғау қоссақ,
«құлақшын» болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгеретіндігін айтады.
«Құлақ» бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа киетін
киімнің атауын көрсетіп тұр дейді. Мұндағы «тың» тысқарғы, «шын» ішкергі
жалғау болады дейді. Демек, жалғаудың өзгеруімен сөздің мағынасы да
өзгергендігін байқауға болады.
А.Байтұрсынұлы 1925 жылы Қызылордадан жарияланған «Тіл-құрал»
(дыбыс жүйесі мен түрлері) атты оқу құралында тасымал туралы да айтады
[1,173]. Тасымалды келесідей сипаттайды. Жазып келе жатқанда жол аяғында
орын аз қалып, сөз сыймайтын болса, ол сөзге тасымал керек, яғни сөзді екі
бөліп, бір бөлегін сол жолда қалдырып, екінші бөлігін келесі жолға асыру
керек. Тасымал үшін әуелі сөзді буынға бөлу, сыймаған буындарын келесі
жолға асыру қажет дейді.
1)
Тасымалдағанда әр буын бөлінбей, не тұтас қалады, не тұтас
асырылады. Мысалы: жол аяғында «шақырғанға» деген сөз тұтас сыймады,
не істеу керек? деген сауал қояды. Сөзді дұрыстап буынға бөлу керек дейді.
«Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын келесі жолға асыруға
болады. Не «шақыр» деген буындарын қалдырып, «ғанғаны» асыруға
болады, немесе «шақырған» дегенге дейін қалдырып «ға» ны асыру керек.
«Шақ» деп бөліп, қалғанын асырса, «шақырға» деп бөліп, «ынға»-ны
асырса, дұрыс болмайтындығын да айта кетеді. Өйткені, ереже бойынша
буын бөлінбеуі керек, ал мұнда буындар бөлініп тұр дейді. «Шақ» деп
бөлгенде «қыр...» буыны екі бөлініп тұр, «шақырға» деп бөлгенде «ған»
буыны екі бөлініп тұр дейді.
2)
Жалғыз қарып буын бола тұрса да, қалынбайды да, асырылмайды да
дейді. Мысалы: «ағалар» дегенде бас буын жалғыз «а», бұл «а» өз алдына
буын болған жағдайда да, қалынбайды дейді. Мысалы, «а»-ны ғана
қалдырып, басқа буындарын келесі жолға асырмайтындығын айтады.
Сонымен, жолға сыймай қалған сөзді дұрыс тасымалдау үшін не істеу
керек деген сауал қояды. Ол үшін:
1)
сөзді буынға дұрыс бөлу керек.
2)
бір буынды бөлмей, тұтас күйінде асыру.
136
3)
жалғыз қарыпты буын бола тұрса да қалдырмай келесі жолға асыру
керектігі айтылады [1].
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде тасымал туралы бөлімде сөз буын
жігіне сәйкес тасымалданады дейді. Мысалы: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi,
belsen-di;
beı-bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik. Буын й мен у
дауыссыздарынан басталғанда da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saý-at емес), da-
ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.Сөз
ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, сөздің түбірі сақталып
тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵyr-tty емес).
Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-
lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес). Бір буынды сөздер
тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt.Сөздің жеке әрпі келесі жолға
тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес),
uıa (u-ıa, uı-a емес).Кісі есімінің қысқартылған әрпі мен тегі
тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, Ǵ.Mustafın, Á.Kekilbaı
[115,29].
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде бөлек жазылатын сөздер емлесі
туралы келесідей ережелер мен мысалдар беріледі. Анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, bota kóz, qara
shaı, at qora [115,14].
Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама
етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber,
kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala
jazdady; qyzmet etý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap
qoıý [115,14].
Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men,
ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек
жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske
sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de;
halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem
be? Sen she? [115,14-15].
da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек
жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tók,
ýda-shý тәрізді лексикаланған тіркестер бірге әрі дефис арқылы жазылады
[115,15].
Жалпы алғанда, А.Байтұрсынұлы әліпбиі мен қазіргі әліпбиді
салыстырмалы
тұрғыдан
қарастырғанда
қазіргі
әліпбидің
негізі
А.Байтұрсынұлы әліпбиінен бастау алғандығын байқауға болады.
А.Байтұрсынұлы әліпбиіне қазіргі таңдағы әліпби ережелерінің басым көбі
негізделгендігін атап айтқым келеді.
А.Байтұрсынұлы ойлап тапқан метатілдің қайсысы болсын, халықтың
танымына, табиғатына сәйкес жасалған. Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз,
қосалқы сөз, қосымшалар атауы бір естігеннен кез-келген адамға қарапайым,
түсінікті болып табылады. Себебі, қазақ халқының табиғатына сәйкес
137
жасалынған және ойлап табылған метатілдің басым көпшілігі қазақ
метатілінің негізін құрады деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |