3.2 А. Байтұрсынұлының грамматикалық емлелері – қазіргі емленің
бастауында
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айқап» журналының № 9, № 10, № 11
санында жарияланған «Шаһзаман мырзаға» атты мақаласында қазақ тілі
туралы былай дейді. Тіл болса, оның законы боларға керек дей отырып, қазақ
тілінің законы –қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс
араласып кірмейтіндігі болып табылады дейді. Ал, осындай закон тауып
жазсақ, айтсақ, ол наху, сарфтың қағидасы емес пе? дейді. Наху, сарф
дегеніміз тіл законының ғылымы екендігін атап айтады. Ал, наху, сарфты А.
Байтұрсынұлы грамматика мағынасында қарастырады [1,391]. Дегенмен,
наху сөзі араб тілінде синтаксис, сарф сөзі араб тілінде морфология
мағынасын білдіреді. А.Байтұрсынұлы басқа жұртта грамматиканың үшке
бөлінетіндігін де қарастырып кетеді: фонетика, морфология, синтаксис.
Фонетиканың қарастыратыны не деген сауалға келсек, А.Байтұрсынұлы
фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар қалай сөз
ішінде байласады деген мәселелерге тоқталады. Қарастырып отырған
мәселесі қазақ фонетикасы екендігін де айта кетеді.
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар дей отырып, дауысты, дауыссыз
дыбыстарды, жарты дауыстыны атап көрсетеді [1].
Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ, у –ؤ, ы –ی, е –ڍ, ہ.
Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с –
س, ғ –ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن.
Жарты дауысты дыбыстар: шолақ ؤ (у), һәм шолақ ي (й).
А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб таңбалары, 3-
еуі парсы таңбасы
(
پ
,
چ
,
گ
)
,
екеуі түркі таңбасы
ңе, ве,
біреуі өзі өзгерткен
әріп
(ұ-
ۇ
).
А. Байтұрсынұлы бұл туралы келесідей түсініктеме береді: «О-дан
айыру үшін үстіне
( ̛ )
қоямыз. Себебі, о менен ұ-ның жазылуы ұқсас
болғанымен, айтылуы ұқсас емес» [120,71].
А. Байтұрсынұлы алғаш жарияланған оқу құралдарында әріп пен дыбыс
деген атауларды ажыратпай, дауысты әріп, дауыссыз әріп деп қолданса, кейін
дауысты, дауыссыз болатындар әріп емес, дыбыстар деп түзетеді.
Дыбыстардың классификациясында да өзгешеліктер бар екендігін айтқым
келеді. 1914 жылы Орынбордан жарияланған «Тіл –құрал» оқу құралында
сонор
у мен й
дыбыстары жарты дауыстылар деп көрсетілсе, 1925 жылы
Қызылордадан жарияланған «Тіл –құрал» оқу құралында бұлар дауыссыз
таңбалардың қатарында берілген. Сонымен қатар, 1914 жылы жарияланған
«Тіл –құрал» оқу құралында ұяң дыбыстар деп
Достарыңызбен бөлісу: |