139
Сынау.
Төмендегі сөздерді көшіртіп, ﻭ (о) келетін жеріне ﻭ (о)
қойдырып, ؤ (ұ) келетін жеріне ؤ қойдырып жаздырту.
Күресін қар көбейтер, қара қарын дау көбейтер. Бәрің бірдей қойшы
болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң қу боларсың. Ауыл қонағы
айда-жылда бір қонар. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар, құтсыз қонақ келсе,
қойға қасқыр шабар. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман. Ac –
адамның арқауы. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым. Дертің
тұмау болсын, қысың тұман болсын. Татулық – байлық. Төртеу түгел болса,
төбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді. Бай бір жұттық, батыр
бір оқтық. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылған. Алуан-
алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер [1,150].
Достарыңызбен бөлісу: