Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


«и»  ұзын естілген жерлерге екі  «и»



Pdf көрінісі
бет57/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

«и» 
ұзын естілген жерлерге екі 
«и» 
жазылады, тіпті ұзын естілген орындарға үш 
«и» 
жазылады [1,152]. 
«Й» дыбысына байланысты 1912 жылы Орынбордан жарияланған 
«Қазақша алифба» оқу құралынан қосымша кесте берілді [1,39]. 


142 
Сынау. 
Төмендегі сөздерді көшіріп, шолақ «й»-лердің астын сызып 
көрсетіңдер. 
Бай байға құяр, сай сайға құяр. Ауызы қыйсық болса да, байдың ұлы 
сөйлесін. Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың көзі ойнар. Байғұстың ауызы 
асқа тисе, мұрны қанайды. Кедейдің бір асағаны – шала байығаны. Тату 
болсаң балдай бол, араз болсаң тұздай бол. Айырылайын деген тамыр ердің 
артқы қасын сұрайды. Көз ауырса, қолың тый. Ит жүйрігін түлкі сүймес. 
Айналдырған ауру алмай қоймас. Ұры байымас, сұқ семірмес. Жаманменен 
кеңессең, алдайды дер, жаман атпен су кешсең, жалдайды дер. Күңге күле 
сөйлесең, көйлегіне жамау сұрар. Аталы сөзді арсыз қайырар, жүйелі сөзді 
жөнсіз қайырар [1,152]. 
7-
 
нші ереже. 
А, о, ы дыбыстары жіңішке естілетін сөздердің алдына дәйекші (ء) 
қойылады. Бұл дыбыстар жіңішке естілсе де, дәйекші қойылмайтын сөздер: 
к, г, е кіріскен сөздер [1,152]. 
«Ә», «Ө», «І» дыбыстарына байланысты 1912 жылы Орынбордан 
жарияланған «Қазақша алифба» оқу құралынан қосымша кесте берілді [1,40- 
41]. 


143 


144 
Сынау. 
Төмендегі сөздерді көшіріп «ء» қоярлық сөздердің алдына 
дәйекші қойыңдар [1,152]. 
Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде қол тимейтін ісім 
бар. Иесі семіз, аты арық түз жұтынан сақтасын; қатыны семіз, ері арық үй 
жұтынан сақтасын. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей. Ағаны 
көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер. Атасы басқа аттан түс, аталасым атқа 
мін. Түбі бірге түтпейді. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. Өзі 
білмес, білгеннің тілін алмас. Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Түсі қара 
болса да, іші сара. Ит жеңгенін талайды. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес; 
адамның өзі өлсе де, ісі өлмес. Білімсізбен алыспа, текке өмір тауыспа. Құста 
сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. Жібек 
асырай алмаса жүн болады, қыз асырай алмаса күң болады. Бала, баланың ісі 
шала. Інісі бардың тынысы бар. Сенікі, менікі деген көңіл тарлығы, әрі жат, 
бері жат деген төсек тарлығы (бұлар дәйекшісіз жорта қате жазылған) [1,152- 
153]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет