153
Салыстырмалы-салғастырмалы
тұрғыдан
қарастыру
барысында
А.Байтұрсынұлының алфавиті мен Деррида ұсынған теориялық
терминдердің арасында көптеген ұқсастықтар табылды. Деррида еңбегінде
грамматология позитивті ғылым ретінде қарастырылады. Сонымен қатар,
Дерриданың еңбегінде «із», «жазу», «прото-із», «өзгешелік», «прото-жазу»,
орнын толтыру, орнын толтырушылық деген терминдердің барлығы
синонимдік қатар құрайтындығын айтқым келеді. Мысалы, із, жазу,
өзгешелік, орнын толтыру терминдерінде уақыттың өту мәнін ұғуға болады:
аталған терминдердің барлығы басқа терминдерде көрініс таба отырып, бірін
бірі алмастырады немесе алмасады. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде де Деррида
еңбегінде қарастырылған терминдер синонимдік қатар құрай отырып, бір-
бірімен алмасады және бірін-бірі толықтырады.
А.Байтұрсынұлы - қазақ грамматологиясының негізін қалаушы.
А.Байтұрсынұлы қазақ грамматологиясының негізін
практикалық тұрғыдан
мысалдар беру арқылы дәйектеді, негізгі теориялық тұғыр қалыптастырды.
А.Байтұрсынұлының оқу құралында мысал ретінде берілген сөздер
грамматологияны
теориялық
тұрғыдан
қарастырған
Ж.Дерриданың
терминдерімен байланыстырылып, кесте және сурет ретінде берілді.
Лингвистика теориясының аса күрделі мәселерінің бірі болып
табылатын тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты теориясынан халық
санасында психобейнесі қалыптасып қалған әріптерді өз орнында қалдыра
отырып, қазақ халқының табиғатына тән төл дыбыстарды өзіндік
сонылықпен
бейнелегендігінен
байқауға
болады.
А.Байтұрсынұлы
дыбыстарды ойлап табу үдерісінде ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы
ерекшелікті сақтауға тырысты. Оның себебін, айтылым үдерісіндегі сөздерді
жазылым үдерісінде сол қалпында қалдырғысы келді. Өзіміздің төл
дыбыстарымызды сол қалпында өзгеріссіз сақтағысы келгендігін оқу
құралдарында берілген мысалдардан байқауға болады.
А.Байтұрсынұлының оқу құралдарында берілген мысалдардан дауысты
және
дауыссыз дыбыстар сәйкестігі, фузиялық өзгешеліктер, протеза,
архисема, диссимиляция тіркесі көрініс табады. А.Байтұрсынұлы дауысты
және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі заңдылығын негізге алып, қарастырған.
Сонымен қатар, сөздердің үйренушіге, білім алушыға жеңіл жолмен
түсіндірілуіне де назар аударған. Сөздерді буындап бөліп үйренген соң,
сөздің әр буынындағы дыбыстарды айырып, тұтас сөздің ішіндегі
дыбыстарды білген соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету үшін әуелі
дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек-бөлек айтып,
оларды қосқызып
сөз айтқызу жөн болып табылғандықтан, үйретуге жеңіл де қолайлы етіп,
архисемасы бір болып табылатын сөздерді мысал етіп алғандығын оқу
құралдарында берілген мысалдар тізбегінен байқауға болады.
А. Байтұрсынұлы төте жазуының маңыздылығын дәйектеуге тырыстық.
Төте жазумен 1914 жылы жарияланған «Қазақша алифба» оқу құралынан
мысалдар беру арқылы айырмашылықты көрсетуге тырыстық.
154
Айырмашылық негізінен сөздердің санына және басқа да сөздердің берілуіне
қатысты болды. Айырмашылық төте жазумен берілген мысалдарды жазумен
беру арқылы көрсетілді.
Қ.Жұбанов сынға алған қосар дыбыстарды А. Байтұрсынұлы ауызекі тіл
мен жазба тіл арасындағы ерекшелікті сақтау процесінде жасалған дыбыстар
екенін дәйектедік. Дегенмен А.Байтұрсынұлы қазақ жазу үлгісінде сақтағысы
келген ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы ерекшелік уақыт өте келе орыс
тілінің әсерінен бір ғана дыбыспен бейнеленгендігін көрсеттік. Олар: ю, я
әріптері.
Қазіргі таңда латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуында
А.Байтұрсынұлының алфавитінде сақталған айу, сайа секілді ю, я
дыбыстарын беретін сөздер қайтадан өз орнына оралғанын ғылыми
жұмысымызда мысалдар беру арқылы дәйектедік. Бұл дегеніміз
Байтұрсынұлы алфавиті қаншама уақыт өтсе де, құндылығын жоймағанының
кепілі. А. Байтұрсынұлы алфавитіндегі ережелер латын әліпбиіне негізделген
қазақ жазуына енгізілді. Ю және Я дыбыстары А.Байтұрсынұлы
әліпбиіндегідей айу, сайа деп берілген. А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі
ережелер қазақ жазу үлгісінде сақталды. Қаншама уақыт өтсе де, қаншама
әліпби ауысса да, А.Байтұрсынұлы әліпбиі өз өміршеңдігін жойған жоқ.
Уақыт өткен сайын жаңғырып, қазақ халқының әліпбиінде өз орнын алды.
Адамның түпсанасында орын алған төл дыбыстарымыз қаншама уақыт өтсе
де, санамызда, айтылым процесінде, сөйлесу кезінде орын алады. Орыс
тілінің әсерінен енген ю, я дыбыстары қазақ тіліндегі сөйлесім процесінде
орын алатын дыбыстарды бере алмайтындығын байқауға болады.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде қазақ тіліндегі сингарможуан және
сингарможіңішке дыбыстардың негізі қаланды. Әліпбиде аса назар
аударатын белгі – «дәйекші» белгісі қосымша таңба ретінде енгізілген.
А.Байтұрсынұлы әліпбидегі дыбыстардың сингарможіңішкелігін дәйекші,
яғни қосымша таңба арқылы белгілеген.
Егер дауыссыз дыбыстардың
дауысты дыбыстарға бағынатындығын ескерсек, дауысты дыбыстар жуан
айтылса, дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, дауысты дыбыстар жіңішке
айтылса, дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады.
«Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың
жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе,
оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», -
деп өзі айтқандай, А.Байтұрсынұлы әліпбиі халықтың жүрегіне жақын,
ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы ерекшелікті сақтай отырып, жасалған
дыбыстар арқылы қазақ тіл ғылымында
әліпби құрастыруда өзіндік
сонылығымен және ерекшелігімен есте қалды.