4
берілген. 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін
бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ тілінің сарфы) - қазіргі
таңдағы қазақ тіл біліміндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,
үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдердің негізін қалаған оқу
құралы.
Аталған оқу құралында А. Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Жұрт
баласын әуелі ауыз тілінде оқытып, ауыз тілінде жазу сызу үйретіп, ауыз
тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан
кейін басқаша оқыта бастайды. Бізде тіліміз бұзылмай сақталуын өзгелерше
тілесек, әуелі ауыз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.
Қазірдің бастауыш мектебінде басқа тілдермен қатар қазақ тілінің оқу харпы
да үйретілу керек. Үш жылдық бастауыш мектеп оқытуға шамалап қазақ
тілінің оқу жазу харпін біліп, балаларға оқытуға ыңғайлы осы «Тіл – құрал»
деген кітапшаларды шығарудамыз» [1,142].
Сол кездің өзінде А. Байтұрсынұлы, ең алдымен, адам ана тілінде білім
алу керек, ана тілін меңгерген соң басқа тілді үйренуге қарай ойысу керек
деген пікірде болғандығын байқауымызға болады.
Байтұрсынұлы әліпбиі 1912 жылдан бастап қазақ-орыс мектептерінде,
мұсылман медреселерінде қолданыс тапты. Қазіргі таңда төте жазу үлгісі
көптеген халықтың жазу үлгісі болып табылады.
Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау, жазба тілдің
грамматикалық құрылымын қалыптастыру үшін іргелі ғылыми жұмыс
жазды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең
алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын
зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып,
жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен
тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге
тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын
жасанды кітаби сипаттан арылтып, халық тәжірибесіне ыңғайластыру үшін
ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» - деді.
А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған елдің – өзі де жоғалады» -деді.
Ғалым латын мен кириллица әріптерінің қазақ жазуына енуіне түбегейлі
қарсы болды. Оның себебі, араб жазуында, төте жазу тілінде көптеген оқу
құралдары жарияланғандықтан, халықтың басым көбі сол тілде оқып жаза
білетіндіктен, халықтың рухани мол қорындағы дүниелер өзіндік
құндылығын жойып, халықтың түпсанасындағы тіл мен рухани
құндылықтардың жойылуына әкеліп соғады,- деді.
Достарыңызбен бөлісу: