ҚОСЫМША В
РОКИЧ
ӘДІСТЕМЕСІ
БОЙЫНША
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ
БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Рокич құндылықтардың екі класын бөледі:
Терминалды (А тізімі) – жеке тұлғалық жүзеге асудың соңғы мақсаты, оған ұмтылу
деген сенім; инструменталды (Б тізімі) - әрекеттің қандай да бейнесі немесе тұлғаның
қасиеті қандай да бір жағдаяттарда артық болып табылатынына сенім.
Нұсқау: «Сізге қазір құндылықтар көрсетілген 18 карточкадан тұратын жиын
ұсынылады. Сіздің міндетіңіз - өміріңізді басқаруыңызға қарай оларды Сіздің
принциптеріңіз ретінде орналастыру. Әрбір құндылық жеке карточкада жазылған
карточкаларды ұқыппен оқып, сізге неғұрлым мәндісін таңдап, оны бірінші орынға
орналастырыңыз. Осы мәнділігі бойынша екіншісін таңдап, біріншіден кейін
орналастырыңыз. Ары қарай қалған карточкалардың барлығын осы тәртіппен
орналастырып шығыңыз. Мәнділігі төмені ең соңында қалады және 18 орынды иеленеді».
Асықпай, ойланып жасаңыз. Егер жұмыс барысында Сіз ойыңызды өзгертсеңіз,
онда өзжауабыңызды түзеп, карточкалардың орнын ауыстыра аласыз. Соңғы нәтиже
Сіздің шынайы позицияңызды бейнелеу керек.
Экспериментаторға нұсқау:
Сыналушыға құндылықтардың екі тізімі (әрқайсысында 18-ден), не алфавиттік
тәртіпте қағаз бетінде, не карточкада ұсынылады. Тізімде сыналушы әрбір құндылыққа
рангілік нөмер береді, ал карточкалар мәнділігі бойынша орналастырылады.
Материалдарды берудің соңғы формасы неғұрлым сенімді нәтиже береді. Алдымен
терминалды жиын, сосын инструменталды құндылықтар жиыны ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: