~ 330 ~
ҧстамалар, ереже бойынша, психикалық жарақаттан кейiн пайда болады.
Ҧстамадан кейiн науқас санасы қалпына келедi, ал эпилепсиядан кейiн кома
жағдайы, сопор немесе ҧйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ҧстамасы кезеңі жӛнінде естеліктер толығымен жойылады, ал
истериялық ҧстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ҧстама кезіндегі
фазалар ретті болып келеді, ал истериялықта бҧл болмайды. Истериялық
ҧстама кезiнде науқастың кӛз қарашығының жарыққа әсерi сақталған,
эпилепсиялық ҧстама кезіндегідей патологиялық рефлекстер байқалмайды.
Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилепсиялық белсенділік белгiлерi, ҧстама
кезінде – барлық әкетулерде жоғары амплитудалы жиi және баяу тербелiстер,
пик
тәрiздi
толқындар
болады.
Ҧстама
аралық
кезеңде
ӛкпе
гипервентиляциясы жағдайында жедел және баяу толқындар пайда болады.
Арахноидиттер мен энцефалиттер кезінде полиморфты белгiлермен
кҥрделi фокальды ҧстамалар байқалады. Вегетативтi және вестибулярлы
бҧзылыстар орын алады. Ҧстамалар жиі дене қызуының жоғарылауымен
тыныс алу бҧзылуымен жҥреді. Ҧстамалар аса ӛзгермелі келедi. Психикалық
бҧзылыстар астениялық симптомдармен, жады тӛмендеуiмен, зейін
әлсiреуiмен, аффективті бҧзылыстармен кӛрініс береді.
Эпилепсияны бас миының цистицеркозынан ажырата бiлу керек, бҧл
аурудың ҥштен бір жағдайында эпилептиформды ҧстамалар байқалады.
Цистицеркоз кезіндегі пароксизмдердің клиникалық суреттемесi қҧрылымы
мен ҧстама басталуына қарай әртҥрлi болып келеді, жиі фокальды ҧстамалар
кездеседi. Мҧнымен қатар, ми цистицеркозасы кезінде эпидемиологиялық
анализдiң,
неврологиялық
және
офтальмологиялық
зерттеулер
мәлiметтерiнiң маңызы зор. Маңызды дифференциальды-диагностикалық
критерий ликвордағы цистицеркоз антигенімен компелемент байанысу оң
реакциясы, аурудың интермиттирлеуші ағымы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: