~ 331 ~
қҧрылымдық ӛзгерісін тҥсінеміз, нәтижесінде олар фокальдi эпилепсиялық
разрядтар ӛндіреді. Тырысулық разрядтардың
дамуы эпилепсиялық
ошақтағы нейрондардың кӛп мӛлшерінің бiр мезгiлде қозуымен байланысты
(ошақтағы нейрондардың эпилептитзациясы). Эпилептизация ЭЭГ-ғы тән
ӛзгерістермен
кӛрінеді
(пик-толқын
кешені).
Эпилептизацияның
қҧрылымдық негiзi оксодендритикалық синапстардың активациясы болып
табылады, ол синапстық контакттар зонасының ҧлғаюымен байқалады:
Эпилепсиямен науқастарда метоболизмнiң әртҥрлi бҧзылыстары байқалады:
ағзада аммонийлық негiздердің жиналуымен
белок-азоттық алмасу
бҧзылысы, қан сарысуындағы альбумин мен глобулин қҧрамының ӛзгеруiне
байланысты тҧз-су алмасуының бҧзылуы, кӛмiрсу алмасуының бҧзылуымен
сипатталады. Ми метоболизмiнiң бҧзылуы, серотонин мен норадреналин,
гамма-аминомай қышқылы қҧрамының тӛмендеуiмен биогендi аминдер
алмасуының бҧзылысы анықталған. Ішкi секреция
бездерi функциясының
ауытқулары, соның ішінде ҧстама алды кезеңде бҥйрек ҥстi безi қыртысы
қызметiнiң ауытқулары анықталған.
Эпилепсияның клиникалық кӛрiнiстерiнің алуан тҥрлiлігіне байланысты
қолайлы формаларымен науқастардың барлығы психоневрологиялық
диспансерлерге есепке тҧрмайды.
Достарыңызбен бөлісу: