Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


 Тарау  КЕМАҚЫЛДЫҚ (олигофрения)



Pdf көрінісі
бет224/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

28 Тарау 
КЕМАҚЫЛДЫҚ (олигофрения) 
 
Олигофрения 
– (грек тiлiнен oligos – аз, phren –ақыл, аз ақылдық) 
клиникасында салыстырмалы тҥрде тҧрақты интеллектуальды дамудың артта 
қалуымен 
кӛрінетін, 
әлеуметтік-еңбектік 
адаптацияның 
ҥлкен 
қиыншылықтарына алып келетін мидың экзогендiк зақымдануы, метаболизм 
бҧзылыстары, туа пайда болған кемiстiктер, және де хромосомдық 
аномалияларға байланысты патологиялық жағдайлар. 
«Олигофрен» терминi алғаш Э.Крепелин енгiзген.
Этиологиялық факторларына байланысты олигофренияларды ҥш топқа 
бӛлемiз. 
Бiрiншi топ - 
табиғаты) эндогендi олигофрениялар (ата-аналарының 
генеративтi жасушалардың толымсыздығымен байланысты), тҧқым 
қуалаушылыққа байланысты (Даун ауруы, олигофренияның энзимопатиялық 
тҥрi, нағыз микрофацефалия және т.б.). 
Екiншi топ 
– ҧрыққа, қҧрсақтағы балаға әртҥрлі зияндылықтардың 
әсерiнен пайда болған олигофрения (вирусты аурулар және интоксикациялар, 
сонымен қатар анасының алкоголизмi, токсоплазмоз), эмбриогенездiң ерте 
сатысында пайда болатын бас миы дамуындағы кемтарлықтармен және 
т.б.байланысты олигофрения
Ҥшiншi топ 
– асфиксиямен және босану кезіндегі жарақаттармен, ерте 
бас-ми ерте жарақаттарымен және нейроинфекциялармен байланысты 
олигофрениялар. 
Қазіргі уақытта зат алмасудың тҧқым қуалайтын дефектiне мысалыс, 
фенилкетонурияға кӛп кӛңiл бӛлінуде. 
Осы кезеңде олигофрения мәселелері әртҥрлi бағытта қарқынды 
зерттелуде. Олигофренияның генетикалық аспекттері зерттелуде, алынған 
мәлiметтер нәтижесiнде этиологиясы мен патогенезiн анықтауға, және 
генетикалық аппаратқа әсер ету арқылы ақыл-ойдың жеткіліксіздігі 
дамуының алдын алуға мҥмкiндiк туады. 
Олигофрения кезiндегi психикалық бҧзылыстар 
Олигофрениялар кезiндегi психикалық бҧзылыстар басым тҥрде 
интеллект жеткіліксіздігімен кӛрінетін психика дамуының жалпы артта 


~ 334 ~ 
қалуымен сипатталады. Олигофрениямен зардае шегетін балалар дамуы 
жағынан артта қалады, және олардың тiлi кеш шығады немесе мҥлдем 
дамымайды, олар 3-5 жастан бастап кейде одан да кеш жҥрудi бастайды, ал 
ауыр жағдайларда бҧл қозғалыс дағдысын да игермейді. Олардың 
қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған, мимикасы бiртекті. Сыртқы 
әлпеттері ӛздеріне тән және дене бiтiмiнің бҧрыстығымен, пропорциональды 
еместiгiмен, бет сҥйегінің, мускулатурасының ассиметриясымен, бас 
сҥйегiнiң кiшкентай немесе аса ҥлкен болуымен ерекшеленеді. 
Ойлау қабiлетi кҥрт бҧзылған және оның бҧзылысының айқындылығы 
олигофрения тҥрiне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе 
синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңiл 
тҥрiнде аса шектелген аналитикалық ойлау қабiлетi болады. 
Эмоциональды сферада тӛменгі дәрежелі эмоциялар басым болады, 
аффектiлерi дифференцацияланбаған және толымсыз. 
Еріктік ҥрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді 
орындауда қабiлетсiздiк немесе жеткiлiксiздiкпен кӛрінеді.
Олигофрения кезiндегi психикалық бҧзылыстар ӛте тҧрақты және ӛмiр 
бойы сақталып қалады. 
Психикалық даму артта қалуының ҥш дәрежесiн ажыратады 
(психикалық бҧзылыстардың тереңдiгi мен ауырлық дәрежесі бойынша) – 
идиотия, имбецильдiк және дебильдiк. Олигофренияның бҧл формаларының 
барлығы адам қызметтері зақымданулары акцентімен - ойлау және 
адамзаттың филогенетикалық ежелгi инстинктивтi ерекшелiктерiнің 
салыстырмалы тҥрде сақталып қалуымен психикалық даму артта қалуының 
глобальды сипатымен бiрiгедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет