~ 326 ~
дҧрыстығына, саналылығына кҥмән туғанда
соттық - психиатриялық
сараптама жҥргiзiледi. Бiрiншi жағдайда – олардың саналылығы (есі
дҧрыстығы) жӛніндегі, ал екiншi жағдайда – қабілеттілігі, яғни ӛзінің
азаматтық істерін дҧрыс жҥргізе алуы мен азаматтық қҧқығын
қолдана алу
мҥмкіндігі мәселесі шешіледі.
Психикалық бҧзылыстары айқын науқастар қабiлетсiз болып табылады.
27 Тарау
ЭПИЛЕПСИЯ
Эпилепсия - пароксизмальды бҧзылыстармен психикалық ҥрдістердің
торпидтілігіне және типтi мнестико–интеллектуальды ақылкемдігінің
дамуына тенденциямен тҧлғаның ӛзіне тән ӛзгерiстерiмен кӛрінетін
созылмалы ҥдемелі психикалық ауру.
Аурудың кӛріністері ежелден белгiлi
және Гиппократ суреттеп кеткен,
ол эпилепсияның «қҧдіретті» дерт екендігін жоққа шығарды. «Эпилепсия»
терминi επiλαßαw деген грек сӛзінен шыққан, яғни кенет қҧлау, кенеттен бір
кҥш қармауына тҥсу дегенді білдіреді. Ежелгi кезеңде эпилепсияны Геркулес
ауруы, қасиетті, қҧлау дерті деп атаған.
Қазiргi кездегi мәлiмет бойынша эпилепсияның таралуы 1000 тҧрғынға
шаққанда 5-8 жағдайды қҧрайды. Балалар мен жасӛспiрiмдердi жаппай
тексеру тәсілімен жеке зерттеулер мәлiметi бойынша бҧл
аурудың таралуы
100 балаға шаққанда 0,12-1,49 тең.
Эпилепсия кезiндегi психикалық бҧзылыстар
Эпилепсияның клиникалық кӛрiнiсi әрқилы болып келеді, бiрақ олардың
ішінен синдромдардың негізгі ҥш тобын бӛлiп алуға болады:
пароксизмальды бҧзылыстар - қысқа уақыттық тырысулық және тырысусыз
ҧстамалар; эпилепсиялық психоздар (жедел,
созылыңқы, созылмалы);
тҧлғаның эпилепсиялық ӛзгерiстерi – мінез-қҧлық пен интеллекттің типті
патологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: