~ 325 ~
депрессиялық қҧбылыстармен бірге жҥрген
жағдайда нейролептиктер мен
антидепрессанттарды кешенді қолдану терапиялық тиімді нәтиже береді.
Науқастардағы психикалық ауытқулар шекаралық бҧзылыстармен кӛрінсе
транквилизаторлар қолданылады (сибазон, мезапам, лоразепам, феназепам,
нитрозепам және т.б.). Тҧрақты терапиялық тиімді нәтижені сақтау ҥшiн
кӛптеген айлар, кейде жылдарды қҧрайтын ҧзақ психотропты терапия қажет.
Әртҥрлi жанама әсерлердiң алдын алу мақсатымен нейролептиктермен
терапияны олардың корректорларымен /артан, циклодол/ бiрiктiрiп
тағайындау керек.
Пресенильдi кезеңде жиі кездесетін депрессияның созылмалы тҥрiн
емдеу ҥлкен қиындықтар туғызады. Бҧл жағдайдағы науқастарға кӛптеген
психотропты заттармен терапия қолдануға тура келеді.
Оларда жиі
нейролептикалық интоксикация қҧбылысы және әртҥрлі асқынулар
кездеседi. Бҧл жағдайда басты синдромды ескере отырып индивидуальды
тәсілді қолданған дҧрыс. Психотропты терапияға резистенттілік тҥзілген
депрессиямен науқастарға электротырысулық терапия қолдануға болады.
Депрессивті кҥйлердің алдын алу ҥшiн литий тҧздары кеңiнен
қолданылады. Дегенмен бҧл ем тҥрі ҥлкен сақтықпен жҥргiзілуі тиіс, ӛйткенi
оның қарсы кӛрсеткіштерінің тізімінде егде жас кезеңі мен жҥрек – қан
тамыр жҥйесiнiң аурулары бар. Литий тҧздарымен емдеуде науқас
қанындағы литий қҧрамын жҥйелi тҥрде бақылап отыру қажет.
Егде жастағы адамдардағы дементті формалардың терапиясы ең
алдымен науқастардың қанағаттанарлық физикалық жағдайын сҥйемелдеп
тҧруға және психотропты заттар кӛмегімен психопатологиялық продуктивтi
симптоматиканы басуға бағытталған.
Егде
жастағы
науқастардың
психикалық
бҧзылыстарының
профилактикасында соматикалық және инфекциялық аурулардың алдын алу,
психожарақаттаушы жағдайларды болдырмаудың маңызы зор. Соматикалық
аурулардың пайда болуын егде тартқан адамдар
жалпы толымсыздық және
жасқа байланысты ӛзгерістер ретінде қабылдайды, ал психикалық ауытқулар
ӛздігімен оларда теріс реакция тудырмайды. Егде адамдар жиі психикалық
және соматикалық жағдайының ӛзгеруіне байланысты ӛзiнiң ӛмiрдегi орны,
мәні
жӛнінде
кӛп
ойланып-толғанады.
Бҧл
мәселені
шешуде
психотерапиялық әсердің және әлеуметтік реабилитацияның ҥлкен кӛмегі
бар.
Достарыңызбен бөлісу: