Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет214/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Альцгеймер ауруы. 
Бҧл аурудың клиникалық кӛрінісінде Пик ауруымен ҧқсастықтар ӛте 
кӛп. Бҧл ауру ҥшін де ҥдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. 
Сонымен қатар белгілі бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының 
инициальды кезеңінде жиі жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бҧл 
бҧзылыстармен қатар ҥдемелі амнезияға жақын естің жылдам ҥдемелі 
нашарлауы бақыланады, кӛп ҧзамай аурудың алғашқы белгiлері пайда 
болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер 
ауруының ерекшелiгi, науқастарда ҧзақ уақыт ӛз кҥйлеріне формальды сын 
кӛзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына 
қарай ақыл кемдігі де ҥдй тҥседі. Мҧндай науқастардың тәртiбi мҥлдем 
орынсыз болады, олар ӛздерінің тҧрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-
қозғалыстарының мҥлдем мәні жоқ. 
Альцгеймер ауруымен науқастарда сӛйлеу бҧзылысы, афазия, 
эпилептиформды ҧстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады. 
Аурудың екi тҥрiнде де психикалық бҧзылыстар сандырақтық және 
галлюцинациялық симптаматикамен, және де бҧзылған сана эпизодтарымен 
жҥруі мҥмкін. Бас миындағы атрофиялық ҥрдістердің даму дәрежесіне қарай 
ҥдемелі психикалық және неврологиялық бҧзылыстарға трофикалық 
бҧзылыстар қосылады. Ауру ҧзақтығы бiрнеше айдан он жылға дейiн 
созылуы мҥмкiн. Бҧл аурудың болжамы қолайсыз болып табылады. 
Бас миының атрофиялық ҥрдістеріне байланысты психикалық аурулар 
диагностикасы ҥлкен қиындықтар туғызбайды. Диагностика ОЖЖ 
органикалық зақымдануларын нҧсқайтын мәліметтер болмаған жағдайда 
ҥдемелі амнестикалық бҧзылыстардың және тотальды ақыл кемдігінің пайда 
болуына сҥйенеді. Бiрақ кейбiр бақылаулар бас миының кейбiр iсiктерi 
атрофиялық ауру кезіндегі психикалық бҧзылыстардың клиникалық 
кӛрінісіне ҧқсас кӛрініс беретінін нҧсқады (мыслаы, маңдай бӛлiгінің iсiгі). 
Кәрiлiк жас кезеңі психоздары ішінен кәрiлiк ақыл кемдігін және кәрілік 
психоздарын ажыратамыз. 


~ 321 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет