~ 315 ~
Кәрілік алды кезеңіндегі адамдарда жиі кездесетін психоз тҥріне
жатады. Бҧл аурудың басты психопатологиялық кӛрінісі ҥреймен жҥретін
депрессия жағдайы болып табылады. Аурудың
пайда болуына психогенді
зияндылықтар, ӛмір сҥру стереотипінің ӛзгеруі жиі себепші болады.
Науқастар жабырқаулы кҥйде болады, ҥрейшіл. Депрессивті және ҥрейлі
кӛріністер
айқындылығы
әртҥрлі
дәрежеде
болады:
жеңіл
психопатологиялық кӛріністерден айқын ҥрей және ажитациямен жҥретін
ауыр депрессия кҥйіне дейін. Қимылдық қозу жағдайында науқастар ӛздерін
қоярға жер таппай ауыр жан кҥйзелісін білдіретін кҥрсінген дауыстар
шығарады, суицидальды әрекеттер жасауға бейім болып келеді. Сондықтан
олар арнайы, қатаң бақылауды қажет етеді.
Науқастарда ҥрейлі депрессия тежелумен қатар жҥретін жағдайлар да
бақыланады. Мҧндай қимылдық тежелу ступор сипатын алуы мҥмкін.
Кататониялық ступордан айырмашылығы бҧл
меланхолиялық ступор
деп
аталады. Меланхолиялық ступордың клиникалық кӛрінісі кататониялықтан
ерекшеленеді. Науқастардың бет-әлпеті қайғы-мҧңды бейнелейді, беттерінде
іркіліп қалған мҧң маскасы болады. Кататониялық
ступор кезіндегідей
мутизм бақыланбайды. Табанды сауалға алғанда олардан қандай-да бір
дҧрыс жауап алуға болады.
Депрессивті-ҥрейлі симптоматикамен қатар науқастарда сандырақтық
идеялар байқалады. Ӛзін - ӛзі кінәлау, ӛзін - ӛзі кемсіту сандырақтық
идеялары аса тән. Науқастар ӛткен ӛмірін шолып, ӛздерінің ойларынша
қылмысты болып табылатын жағдайлар мен факттарды іздейді.
Науқастар
жақын адамының ӛліміне ӛздерін кінәлайды. Оларға дҧрыс кҥтім жасамадым,
ертерек дәрігерге кӛрсетпедім деп ӛздерін жазғырады. Сондықтан науқастар
ӛздерін дәрігер кӛңіліне, медбикелер кҥтіміне тҧрмайтын адаммын деп
есептейді. Жиі науқастар тағам қабылдаудан бас тартады, оған менім қҧқым
жоқ деп айтады. Жиі ӛзін - ӛзі кінәлау сандырақтық идеяларына соңына тҥсу
идеялары ҧштасып жатады. Науқастар ӛздерін жасаған қылмыстары ҥшін
ізіне тҥскендер бар, ӛздерінің ҥстінен сот жҥретіндігін, осылайша ӛлім
жазасына кесілетіндігін мәлімдейді. Кейде осындай сандырақтық идеялар
ипохондриялық сипат алады. Бҧл кезде науқастар бауыр немесе бҥйрегінің
және т.б. қызметінің толық бҧзылғандығы жӛнінде айтады. Ішкі мҥшелерінің
шіріп немесе жоқ болып кеткендігін айтып, ӛзін тірі ӛлік деп санайды (Катар
синдромы). Мҧндай ипохондриялық кӛріністер туыстары мен айналадағы
бҥкіл тіршіліктің жақындап келе жатқан кҥйреуі жӛніндегі
фантастикалық
сипаттағы сеніммен бірге жҥруі мҥмкін.
Науқас В.З., 55 жаста. Тҧқым қуалайтын психикалық аурулары жоқ. Ӛз жасына сай
дамып ӛскен. 7 сынып және ФЗУ аяқтаған. Қысқа уақыт аралығында жоспар тҥзуші-
экономист болып жҧмыс жасаған. 18 жасында тҧрмысқа шыққан. Кҥйеуі әскери адам.
Қызмет бабына байланысты жиі – жиі бір қаладан екінші қалаға кӛшіп – қонып жҥрген.
Науқас жаңа орынға тез бейімделіп отырған. Жҧмыс істемейді, ҥйінде ҥш баласының
тәрбиесімен айналысқан. Қонақшыл болған, ҥй шаруасымен жақсы айналысқан. Ал
кҥйеуінің мінезі ауыр, ашушаң, қызғаншақ, талапшыл.
~ 316 ~
Науқас мінезі бойынша кҥмәншіл, ҥрейшіл, аздап ипохондриялы (ренішін ҧзақ
жҥрегінде ҧстайды, бірақ сырттай білдірмейді). Кҥйеуіне
қарсы шықпай, ҧрыс- керістің
алдын алып отырған.
Етеккірі 10 жасынан басталған, 4 жҥктілік: ҥшеуі қалыпты, мерзімінен бҧрын
босанулар, біреуі жасанды тҥсік. 42 жасынан менопауза.
Балалар инфекцияларымен ауырған. 2 рет тік ішек полипозымен оперцияға тҥскен.
Кҥйеуінің сырқаттануына байланысты науқас қайғыға шомып, еңбекке қабілеті
тӛмендеген: ӛзіне тән емес «еріншектік»
пайда болып, ҥй жҧмысын әрең атқарған.
Ҧйқысы бҧзылған, әсіресе таңертеңгі мезгілде ӛзін нашар сезінеді. Бір айдан соң кҥйеуі
жазылып шыққан, ал ӛзінің жағдайы одан әрі нашарлап кеткен: ҥрей пайда болып, бір
жайсыз жағдайлар болып қалатындай кҥтуде болған. Тҧрмыстық мәселелер
шешілмейтіндей болып кӛрінген. Ӛз ӛмірі жайында ҥнемі ойға шомып, тек жағымсыз
сәттерін
есіне алып, ӛмірі сәтсіз қалыптасты деп сары уайымға тҥскен. Ауруханаға
жатқызылған.
Психикалық кҥйі: науқаспен қарым – қатынас формальды; жәй дауыспен, бір
ырғақпен, тежеліп сӛйлейді. Әңгіме жҥргізгенде белсенділік білдірмейді тек берген
сҧраққа жауап беріп отырады.
Бет әлпеті маска тәріздес, қайғы мен шаршағандықты
білдіреді. Жабырқау кҥйге, жақындары мен жанҧясы ҥшін ҥрейленетініне шағым айтады.
Барлығы қҧрыды, шатастым дейді. Барлық пәленің кҥнаһары ӛзіммін деп есептейді: «Мен
жексҧрынмын, оңбаған адаммын, маған ӛмір сҥруге болмайды» деп сӛгіледі. Бӛлімшеде
ешкіммен араласпайды, тамақ, дәрі қабылдағысы келмейді, кӛп уақытын тӛсекте
жатып
ӛткізеді. Науқасты тыныштандыруға тырысқанда тітіркенумен, ашумен жауап береді.
Кезеңдермен ҥрейленіп, қызметкерлерге бір сҧрақты қайталап қоя береді.
Достарыңызбен бөлісу: