Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Бас миының атрофиялық ҥрдістері кезіндегі психикалық ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет213/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Бас миының атрофиялық ҥрдістері кезіндегі психикалық ӛзгерістер
Кәрілік алды және кәрілік жас кезеңдерінде ауыр психикалық 
бҧзылыстар бас миының органикалық бҧзылыстарымен науқастарда 


~ 319 ~ 
кездеседі. Мҧнда бас миының атрофиясына байланысты психикалық 
бҧзылыстар және кәрілік жас ақыл кемдігі жатады. 
Бас миындағы атрофиялық ҥрдістер Пик, Альцгеймер атауларын алған 
(оларды алғаш суреттеген психиатрлар есімімен аталған) типті психикалық 
бҧзылыстармен жҥреді.
Пик ауруы 
 
Бҧл ауру ҥдемелі амнезия, тотальды ақыл кемдігінің дамуымен 
сипатталады. Оның бастапқы даму сатыларында тҧлғаның айқын ӛзгерістері 
байқалады, ол аспонтандылықпен және псевдопаралитикалық ауытқумен 
сипатталады. Аспонтандылық немқҧрайдылықпен, бейғамдықпен, апатиямен 
кӛрінеді. Науқастар ӛздері бастап ештеңе жасамайды, ал бірақ 
ынталандырушы стимул болған жағдайда кҥрделі істерді де атқарады. Кейде 
бҧл жағдай псевдопаралитикалық сипат алып, әуестіктер тежеусізденуі 
элементтерімен бейғам-эйфориялы кӛңіл-кҥймен кӛрініс береді. Науқастар 
ӛткен кҥн оқиғаларын, ағымдағы болып жатқан жайттарды естерінде 
сақтамайды, әдеттегіден тыс жағдайларда таныс адамдарын кездестіргенде 
танымай қалады. Науқас ӛз жағдайына сын кӛзбен қарамайды, бірақ ӛзінің 
дәрменсіздігіне кӛзі жеткенде кҥйінеді, реніш танытады. Бірақ мҧндай 
реакция қысқа уақытты. Әдетте науқастар біркелкі, бейғам кӛңіл-кҥймен 
жҥреді. Ойлаудың дӛрекі бҧзылыстары байқалады. Науқастар ӛз сӛздеріндегі 
айқын қайшылықтарды байқамайды. Мысалы, науқастар ӛздерінің 
дәрменсіздігіне қарамастан әртҥрлі жоспарлар қҧрады. Оқиғалардың 
мағыналық мәнін тҥсінбейді. Ойлаудың бҧл дӛрекі бҧзылыстары 
психологиялық зерттеулерде жеңіл анықталады. Науқастар сюжетті 
кӛріністердің мәнін суреттеуге қабілетсіз және тек жеке компоненттерін атап 
шығады. Пик ауруымен науқастарға тҧрақты симптомдар тән – науқас бір сӛз 
айалымдарын қайталай береді. Аурудың даму дәрежесіне байланысты 
неврологиялық бҧзылыстар да пайда болады: агнозия, сӛйлеу бҧзылысы, 
апраксия жән т.б.
Науқас
С., 54 жаста. Психикалық аурулармен тҧқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесі 
аздап тҧйықтау, әңгімеге ҥйір емес. Анасы ҥрейшіл, жанҧя мҥшелерінің денсаулығы ҥшін 
себепсіз мазасызданатын. 
Науқас бала кезінде инфекциялық аурулармен ешбір асқынуларсыз ауырған. Дамуы 
жағынан қҧрдастарынан артта қалмаған. Ӛзі мінезі бойынша ашық емес, эгоист. Мектепте 
ҥздік оқыған. 9 –шы сыныптан кейін ФЗУ аяқтаған. Біраз уақыт кітапханашы болып 
жҧмыс істеген, жолдамамен педагогикалық училещеге тҥскен. Бастауыш мектептерде 
мҧғалім болып істеген. 21 жасында тҧрмыс қҧрып, бір баласы бар. 49 жасында есте сақтау 
қабілетінің бҧзылысы байқалады. Сабақ беру кезінде сасқалақтап, оқушыларының есімін 
ҧмыта берген. Кӛп жыл бірге істеген қызметтестерінің де есімін шатастырған. Қоршаған 
ортаға немқҧрайдылық арта тҥскен. Ҥйде барлық заттарын тығып, жасырып, біраз уақыт 
ӛткен соң оларды қайда тыққанын ҧмытып, жақындарын ҧрлыққа кінәлаған. Жолдасының 
қатты науқастануына байланысты жҧмыстан шығуға мәжбҥр болған. Науқас жолдасының 
ауыр дертті кҥйін тҥсінбеген. Ҥйде майда-шҥйдеге айқай шу шығарған, ӛзіне назар 
аудартқысы келген. Бҧрынғысынша ақша, қҧжаттарды кітап, кілем арасына тығуды 


~ 320 ~ 
жалғастырған, есте сақтау қабілетінің тӛмендеуі ӛршіп, электроқҧрылғылар, газды 
ӛшіруді ҧмытып кететін болған. Кӛшеде бағдарлап жҥре алмай, ӛзін-ӛзі кҥте алмаған. 
Психиатриялық ауруханаға жатқызылған. 
Психикалық кҥйі: тҥскен кезде қай жыл, қай ай, қай кҥн екенін, қандай жыл мезгілі 
екенін айта алмады. Ӛзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. 
ӛзіндік тҧлғасына бағдары аздап дҧрыс. Кӛп ойланып ӛз туған жылын атады. «Асқазан 
бҧзылысына» шағымданады. Ауру себебін кӛршілері заттарын иемдену ҥшін тамағына 
улы зат қосқаннан болды деп есептейді. Кӛңіл-кҥйі бейғам сипатта. Естің айқын 
бҧзылысы байқалады. Сенгіш, аспонтанды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық 
кҥйі бақыланады, олар ҥреймен және ӛнімділігі тӛмен конфабуляциялармен қатар жҥреді. 
Осы сәтте жолдасын ӛлтіріп кетті деген сескеністі мәлімдейді. Дәрігерлерден шығу 
мерзімін нақтылап сҧрайды. Ӛнімсіз іскерлік танытады: қағаздарын қалтасына жинайды, 
заттарын тҥйіндеп байлап, тумбочкадан алып, жастық астына тығып, сосын керісінше 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет