Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет212/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Инволюциялық параноид 
 
Бҧл психоз жҥйеленген сандырақтың идеялар дамуымен сипатталады. 
Сандырақтық идеялар, ереже бойынша, ҥрейлі-жабырқаулы кӛңіл-кҥймен 
бірге жҥреді. Науқастар ӛздері мен жақындарының сәттілігі мен денсаулығы 
ҥшін ҥрейленеді. Сандырақтық идеялар мазмҧны қарапайым ӛмірдегі нақты 
оқиғаларға қатысты және қияли, фантастикалық сипатта болмайды. 
Науқастар кӛршілері немесе басқа да адамдар олар жоқта ҥйіне кіріп, ыдыс – 
аяқ, ҥй жиһаздарын бҥлдіретінін, тамаққа улы зат салатынын мәлімдейді. 
Кейде науқастардың айтқандары шындыққа ҧқсап, айналасындағыларын 
шатастырады. Бір науқас жақындарына, таныстарына ӛзінің кӛршісі ол ҥйде 
болмағанда кілт таңдап алып ҥйге кіріп, азық-тҥлік пен заттарын 
ҧрлайтындығын әңгімелеген. Науқастың туыстары онымен бірге милицияға 
шағымданған. Бірақ кҥндердің кҥнінде, науқас туыстарына кӛршісінің ҥйіне 
тҥсіп, зиян келтіру мақсатында кілеміне дейін қиқалап кеткендігі жӛнінде 
әңгімелеген, осы жағдайдан кейін туыстары оның ауруға шалдыққанын 
тҥсінеді. 
Сандырақтық кҥйзелістермен қатар науқастарда галлюцинаторлы 
кӛріністер жиі бақыланады. Галлюцинациялар жиі есту сипатында. 
Науқастар қабырғаның арғы жағынан шу, аяқ дыбысын, ӛзін қорқытатын, іс-
әрекетін жазғырушы дауыстар естиді. Психопатологиялық кӛріністерінің 
жалпы суреттемесіне әртҥрлі ипохондриялық сезімдердің қосылуы жиі 
кездеседі. Науқас денесінің әр бӛлігіндегі, жиі жыныс мҥшелері аумағындағы 


~ 317 ~ 
жағымсыз сезімдерге шағымданады. Бҧл сезімдерді сандырақтық сипатта 
талқылайды, оларды соңына тҥсушілер, қастандық жасаушылар тарапынан 
уландыру немесе басқа да әсерлердің салдарымен байланыстырады. 
Науқас С.Н.Н., 56 жаста. Туыстарынан ешкім психикалық аурулармен зардап 
шекпеген. Уақытында туылған. Анасының жҥктілігі және босануы жақсы ӛткен, ешқандай 
асқынусыз. Балалық шағында қалыпты ӛсіп, дамыған, дамуы жағынан қҧрдастарынан арта 
қалмаған. Мектепке 8 жасында барған. Мінезі бойынша кӛңілді, ашық, мейірімді, кӛп 
достары болған. Мектепте жақсы оқыған. Соғыс кезінде эвакуацияда болып, соғыс біткен 
соң, анасы мен кіші сіңілісі тҧратын Апрелевкаға (Москва обл.) кӛшіп барған. Бҧл жерде 
грампластинкалар заводында жҧмыс жасап, жас жҧмысшылар мектебінде 9 сыныпты 
бітірген. Одан кейін бала бақшаға ауысқан, себебі балаларды тәрбиелеуді ҧнатқан және 
балабақша ҥйіне жақын орналасқан. Кҥйеуге шыққан. 49 жасында сіңілісі мен кҥйеуіне 
пәтерлес кӛршілерінің ӛзіне нашар қарайтындығы жӛнінде әңгімелеген. Дәлел ретінде 
ҥйіне кеш қайтқан кҥні есікті қанша соқса да кӛршілері есік ашпағанын келтіреді. 
Сіңілісіне кӛршілері оны бҧл ҥйден ығыстырып шығарып жіберіп, ҥйді ӛздері толық 
иемденбекші деп шағымданған. Кӛршісінің ӛзі жоқта бӛлмеге кіріп, оның заттарын 
бҥлдіретінін байқай бастайды. Дәлел ретінде шынының кетігін, тӛсек тӛсеніштеріндегі 
дақтарды, сӛгілген жіптерді нҧсқаған. 
Науқас бірқатар уақыт ӛткен соң ізіне тҥскендер тек заттарды бҥлдіріп қана қоймай 
сонымен бірге тамаққа улы заттар қосуға кӛшкенін «байқай бастаған» (науқас сорпа 
ішкенде тілінің кҥйгенін сезген). Кӛршісі оның бас жуатын суына улы зат қосып 
жібергенін, соның нәтижесінде шашы тҥсе бастағанын әңгімелеген. 
Бірнеше рет милиция қызметкерлеріне шағымданған, бӛлмесін ауыстыруды 
ӛтінген. Жеке бір бӛлмелі ҥйді пәтер алып, ӛте қатты қуанған. Бірақ қуанышы ҧзаққа 
созылмады, себебі астында тҧратын кӛршілері ізіне тҥсіп, әлі кҥнге дейін олардың 
аңдулары жалғасуда деп есептейді. Осы себепке байланысты психиатриялық ауруханаға 
жатқызылған. 
Тҥскен кездегі психикалық кҥйі: дәрігермен жеңіл сӛйлеседі, даусы жҧмсақ, 
монотонды, әңгімеде байымды, бҧл ауруханада жатуы дҧрыс емес деп, кӛршілері 
тарапынан 
ҧйымдастырылған 
аңдулар 
жӛнінде 
егжей-тегжейлі 
әңгімелейді, 
госпитализацияны солардың ҧйымдастырғанына сенімді. Таза емес істермен айналысатын 
«топ» бар деп есептейді. Ол жӛнінде науқас хабардар болғандықтан олар ӛзінен 
қҧтылғысы келеді. Кӛршілерінің ӛзін ӛлтіру қажет деген сӛздерін естіген. Кӛршілерінің 
дауыстарын ашық терезеден, ҥй қабырғасы арқылы еститінін айтады. Ӛзін психикалық 
науқас деп есептемейді. 
Бірінші кҥні бӛлімшеде ешкіммен сӛйлескен жоқ, уақытының кӛп бӛлігін тӛсекте 
газет – журнал оқумен ӛткізді. Ешқандай шағым айтпайды. Бӛлімшеге тҥскеннен бері 
ешқандай жағымсыз әсер сезінбеді, дауыстар естімеді. Ҧйқысы, тәбеті жақсы. Бӛлімшеде 
жҥргеніне қымсынбайды, дәріні медперсонал қадағалауымен қабылдайды, мҥмкіндігінше 
лақтырып тастауға ҧмтылады. 
Инволюциялық параноидтың болжамы инволюциялық меланхолия 
сияқты аса жайлы емес. Науқаста аффективті бҧзылыстар, сандырақтық 
кҥйзелістер ҧзақ уақыт сақталады. Бҧл психопатологиялық кӛріністердің 
инерттілігі 
мен 
тҧрақтылығына 
бас 
миы 
қантамырларының 
атеросклеротикалық ӛзгерістері ықпал етеді. Уақыт ӛте келе науқастардағы 
депрессивті-ҥрейлі және сандырақтық кӛріністер біртекті сипат алады. 
Науқастар 
ӛздерінің 
шағымдарын, 
ҥрейлерін 
және 
сандырақтық 
кҥйзелістерін біртекті сӛздермен баяндайды. Дертті кӛріністердің 


~ 318 ~ 
айтарлықтай әлсіреуі және ӛзінің алдағы болған кҥйзелістеріне деген сын 
кӛзқарас қалыптасуы да мҥмкін. Бірақ дерттен толық айығу байқалмайды.
Науқастарда 
ӛздеріне 
тән 
тҧлғалық 
ӛзгерістер 
байқалады: 
қызығушылықтар шеңбері тарылады, тҧлғалық кӛріністер монотондылығы, 
жоғары ҥрейшілдік пен кҥмәншілдік.
Кәрілік 
алды 
кезең 
психоздарының 
клиникалық 
кӛрінісінің 
ерекшеліктеріне байланысты МДП-бен, шизофрениямен, қантамырлық және 
басқа да психоздармен диферренциальды диагностика жҥргізу қажеттілігі 
пайда болады. Инволюционды меланхолияның ҥрейлі кҥйдің бақылануымен, 
жедел кезеңде және одан кейінгі кезеңде де шизофрениялық тип бойынша 
тҧлға ӛзгерістерінің болмауымен шизофрения ауруының кеш басталуы 
жағдайынан, МДП кезіндегі депрессиядан айырмашылығы бар. Органикалық 
психоздардан, және соның ішінде қантамырлық генезді психоздардан 
инволюционды меланхолияның инициальды кӛріністерінде бақытсыздықты 
кҥту ҥрейі, ипохондриялылық бақыланады, клиникалық суретінде бҧзылған 
сана эпизодтары, психоорганикалық тип бойынша тҧлғаның айқын 
ӛзгерістерінің, бас миының органикалық ауруын нҧсқайтын неврологиялық 
мәліметтердің болмауымен ерекшеленеді. Егде жастағы адамдарда дамуы 
мҥмкін 
басқа 
психикалық 
аурулардағы 
параноидты 
синдромнан 
инволюционды 
параноидты 
ажырату 
ҥшін 
жоғарыда 
аталған 
диференциальды диагностикалық критерийлерді қолдануға болады. Сонымен 
қатар инволюционды параноидқа «қарапайым ӛмірдегі оқиғаларды» 
бейнелейтін сандырақтық идеялар тән. Бҧл аурулар диагностикасында оның 
егде жастағы адамдарда алғаш рет пайда болу фактының ҥлкен мәні бар. 
Кәрілік жас кезеңіндегі психикалық бҧзылыстар клиникасында 
қантамырлық бҧзылыстардың ҥлес салмағы басым. 
Сондықтан, жиі кәрілік алды және кәрілік жас кезеңінің психотикалық 
бҧзылыстарын қантамырлық психоздардан ажырату қажет болады. Бірінші 
кезекте қантамырлық патологиямен науқастардағы психопотологиялық 
кҥйлер ағымының ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Бас миының 
қантамырлық 
патологиясы 
бар 
науқастардағы 
психопатологиялық 
бҧзылыстардың динамикасында психотикалық бҧзылыстар мен қантамырлық 
патология динамикасы арасында белгілі бір байланыстылықты байқауға 
болады. 
Мҧндай 
науқастардың 
психикалық 
кҥйінде 
кӛрсетілген 
психотикалық синдромдардан басқа психоорганикалық тип бойынша тҧлға 
ӛзгерістері анықталады. Сонымен бірге тиянақты жиналған анамнез, әсіресе 
қантамырлық патологияны нҧсқайтын мәліметтер болған жағдайда (мысалы, 
гипертониялық ауру) дҧрыс диагноз қою жеңіл тҥседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет