Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет215/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Кәрілік ақылкемдігі 
 
Кәрiлiк ақылкемдігі жағдайында, ӛз атауы айтып тҧрғандай тотальды 
ақыл кемдігіне басты мән беріледі, ол мнестикалық және эмоциональды 
бҧзылыстармен бірге жҥреді. Ауру, ереже бойынша, байқалмай басталады. 
Біртіндеп науқастың психикалық бейнесi ӛзгередi, тонау, кедейлік және 
қайыршылық сандырақтық идеялары дамиды. Ҥдемелі амнезия және 
конфабуляция тән. Ең алдымен ағымдағы болып жатқан оқиғаларды есте 
сақтау бҧзылады, кейiн келе мнестикалық бҧызылыстар науқас ӛмірінің ерте 
кезеңдеріне таралады. Науқастар ҧмытылған сәттердің орнын жалған 
естеліктермен 
– 
псевдореминисценция 
және 
конфабуляциялармен 
толтырады. Кейбiр науқастарда конфабуляциялардың молдығы сандырақты 
кҥйді еске тҥсіреді. Бiрақ олар тҧрақсыздығымен және белгiлi бір 
тематикасының болмауымен ерекшеленедi. Науқастың эмоциональды 
кӛрiнiстерi тез тарылып, ӛзгеріске ҧшырайды, кеңпейiлдi бейғам немесе 
тҥнерген-тiтiркенгiш кӛңiл-кҥй бақыланады. Жағдайды тҥсiну қабілеті 
бҧзылысы мен әдеттегi жҥріс-тҧрыс формасы мен дағдылар арасында 
диссонанс байқалады, ситуацияны және жағдайды тҥгел, толықтай дҧрыс 
бағалау мҥмкінсіздігі бақыланады. Науқас жҥріс-тҧрысына пассивтілік және 
иннерттiлiк (науқас еш нәрсемен айналыса алмайды) немесе бос әбiгершiлдік 
байқалады (заттарын жинап, бiр жаққа кетуге талпынады). Сын кӛзқарас 
жан-жақты бҧзылады (ситуацияға, ӛз жағдайына байланысты). Жиі 
науқастардың жҥріс-тҧрысы инстинктерінің тежеусізденуімен кӛрінеді - 
тәбеттiң жоғарылауы және сексуальдылық. Сексуальды тежеусіздену 
қызғаныш идеяларымен, жас ҧл- қыздарға қатысты сексуальды азғындатулық 
әрекеттерімен кӛрінеді. Кәрiлiк ақылкемдігі кӛріністерін «тҧлғалық 
деңгейдiң тӛмендеуi» деген тҥсiнiктен ажырата бiлу керек, бҧл кҥйде 
психикалық ҥрдістер ағымының қарқыны тӛмендейдi, жаңа ақпарат қабылдау 
нашарлайды, тҧжырымдау, сын кӛзқарас деңгейi тӛмендейдi, эмоциональды 
кедейлену кӛрiнiстері болады. 
Науқас М.К.Л., 72 жаста. Балалық шақта полиомиелитпен ауырған, оң балтыр 
бҧлшық еттерiнiң гипотрофиясы тҥрiнде қалдық белгілері қалған. Маляриямен ауырған. 
Институтты аяқтап аспирантураға тҥскен, одан кейiн кандидаттық диссертация қорғаған. 
Кейінгі кезеңдердің барлығында ғылыми жҧмыспен айналысқан. Ҥй шаруасына, басқа да 
тәжірибелік жҧмыстарға ешқандай қызығушылық бiлдiрмеген. 3 рет кҥйеуге шыққан. Бiр 
рет жатырдан тыс жҥктiлiк болған. Жатыр және аналық безiнiң экстирпациясы бойынша 
операция ӛткiзілген. 
Шамамен 64 жасынан бастап бас аурулары, жҥрек тҧсының ауыруы, жоғары 
артериальды қысым мазалай бастаған. Біртіндеп мiнезінің кейбiр тҧстары ӛткірлене 
тҥскен, сараңдық, артынан кезеңмен зиян шегу идеялары пайда болған. Есте сақтау 
қабілеті нашарлап, кҥнделiктi оқиғаларды ҧмытатын болған, бiр нәрсенi бiрнеше рет 
қайталап сҧрайтын болған. Ҥйде барлық заттарды тығып, оны бiраз уақыттан соң ҧмытып 
кетiп, жолдасының туысқандары ҧрлап кеттi деп ойлаған. Соңғы кезде қалада адасып 
кетiп, ҥйiне жол таба алмайтын дәрежеге жеткен. Айналасына немқҧрайдылық, эгоизм 
дамыған. Ҥйiнде болмашы нәрсеге айқай-шу шығаратын болған. Жолдасының ӛлiмiнен 


~ 322 ~ 
кейiн тiптi қорғансыз кҥйге тҥскен, ӛзiн-ӛзi қамтамасыз ете алмай, ҥйiне ешкiмдi 
кiргiзбейтiн болған, ҥйiн тонап кетедi деп қорыққан. Ӛгей қызына қатысты қатынас және 
зиян келтіру идеяларын айтатын болған. Жады бҧзылысы арта тҥскен, ҥрейшіл, мазасыз 
кҥйге тҥскен, конфабуляциялар пайда болған. Ауруханаға жатқызылған. 
Психикалық кҥйi: тҥскен кезде айды, кҥндi, жыл мезгiлiн айта алмаған. Ӛзін «С.П. 
Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. ӛзіндік тҧлғасына бағдары аздап 
дҧрыс. Кӛп ойланып ӛз туған жылын атады. Асқазан бҧзылысына, капуста жегеннен 
кейінгі іш ӛтулерге шағымданады;.осының нәтижесiнде қҧрметтi адамдармен саяхатқа 
шыға алмайтын болдым деп ӛкiнедi. Саяхатқа арнайы дайындаған тҥйiндегі кӛйлегінің 
жоғалып кеткендігін айтады. Кҥйеуiнiң жақындарына қатысты зиян келтіру идеяларын 
айтады. Жолдасының қайтыс болған кҥнін айта алмайды: 20 жыл бҧрын немесе ӛткен 
жылы қайтыс болды дейдi. Ӛзге аурулар кҥтіміне қатысуға ҧсыныс жасайды. 
Бӛлiмшеде науқас кӛңiл - кҥйiнде бейғамдық басым. Сенгiш, аспонтанды. Ҥнемі аяқ 
киімін буып қойған тҥйiншегiн ӛзімен алып жҥреді, нан, қағаз, әр нәрсе оралған 
тҥйiншектерiн iш киiмiнiң астына тығып қояды. Жиі тҧрақсыз сипаттағы зиянкестік 
идеяларын айтып отырады, осы кезде жылайды, ӛзiнiң етігiн, пальтосын, «баға жетпес» 
кiтаптарын қайтаруды сҧрайды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық кҥйі 
бақыланады, олар ҥреймен және ӛнімділігі тӛмен конфабуляциялармен қатар жҥреді. Осы 
кезде науқас кҥйеуiн ӛлтiрiп кеттi деген кҥдiк айтады. Дәрiгерлерден ҥкiметтiң шақыруы 
бойынша кемемен қашан саяхатқа шығамыз деп сҧрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет