Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Иіс сезу галлюцинациясы (7-ші сурет) Кӛру галлюцинициясы(8-ші сурет)



Pdf көрінісі
бет59/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Иіс сезу галлюцинациясы (7-ші сурет) Кӛру галлюцинициясы(8-ші сурет) 
Оларды галлюциноидтар деп атаймыз /Е.А.Попов/. Мысалы, науқас 
ойы бірінші тҥрінен басқа /сезімдік жандылық/ қабылдаудың барлық 
қасиеттерін иеленсе. Мҧндай аурулар дыбыссыз дауыстарды естиді, олар 
бҧны дауыс емес ол басқалардың ойы, әлде роботтың дауысы – 
«механикалық, ер адамның да, әйел адамның да емес» дейді, кӛз алдында 
қоршаған ортадағы заттарды кӛруге кедергі келтірмейтін мӛлдір бейнені 
кӛреді /кино сияқты/. Г. Баярже «ең жай сыбдырдан да жай» дауыстарды 
сипаттады және бҧл жалған қабылдауды 
психикалық галлюцинация
деп атады. 


~ 108 ~ 
Галлюциноидтың басқа нҧсқасы - экстропроекциясыз жалған 
қабылдау. Науқас ат ҥстіндегі кісіні кӛреді, оның кӛйлегінің тҥсінің қандай 
екенін де айтуы мҥмкін, бірақ ӛзінің ішкі дҥниесінде кӛреді – «ішкі 
шолуымен». Ауру басының ішіндегі дауыстарды естиді, олардың 
кейбіреулерін таниды, олармен сӛйлеседі; дауыстар еркінен тыс пайда 
болады, 
аппараттың 
кӛмегімен 
науқастың 
басына 
беріледі. 
Экстрапроекциялық қасиеті жоқ бҧл жалған қабылдаулар алғаш рет орыс 
дәрігері В.Х. Кандинскиймен сипатталды, оны 
жалған галлюцинациялар
деп 
атады. Одан әрі бҧл маңызды диагностикалық феномен бӛлшектеп 
зерттеледі, сондықтан қазіргі уақытта оның басқа белгілерін есепке ала 
отырып, толық анықтамасын бере аламыз. 
Псевдогаллюцинациялар - 
жасандылық сезімімен жҥретін және 
жалған объекттерді қабылдауда елестетулер (кӛз алдына келтірулер) 
сферасымен шектелген, науқас ҥшін шынайы заттар және қҧбылыстармен бір 
уақытта жҥретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бҧзылысы. 
Псевдогаллюцинациялар Кандинский – Клерамбо психикалық автоматизм 
синдромының қҧрамына кіреді /галлюцинаторлы және сандырақтық 
синдромды қараңыз/. 
Сезімдік шынайылығы бар, экстропроекциялы, науқас ҥшін объективті 
шындыққа жататын қабылдау алданыштары болады, бірақ олар науқастың 
ырқы бойынша, назарын арнайы аударғанда пайда болады. Бҧл 
галлюциноидтың тағы бір нҧсқасы: галлюцинацияның ҥшінші қасиеті 
тҥзілмеген жағдай. 
Тӛртінші қасиетін – науқас тҧлғасымен байланысқа ие болып 
ҥлгермеген немесе ол байланысты жоғалтқан (ем әсерінен болуы мҥмкін) 
галлюцинациялар жиі реактивті психоздар кезінде бақыланады және 
галлюциноидтардың бір тҥрі болып табылады. Науқас ӛзінің дертке 
шалдыққанын тҥсінеді, дәрігердің кӛмегіне жҥгінеді.
Психиканың патологиялық ӛнім шығаруға, иллюзиялар және 
галлюцинациялар пайда болуына жоғары дайындығын арнайы тәсіл арқылы 
тексеруге болады. Жедел алкогольді психоздан кейін науқасқа кӛзін жҧмуды 
ӛтінеді, кӛз алмасына саусақпен басып, науқастан не кӛріп тҧрғанын 
сҧрайды. Қараңғы фонда жарық нҥктелер, дақтар, жолақтар пайда болып, 
адамдарды, жануарларды, қҧбыжықтарды, тҧрмыстық кӛріністер кӛргендей 
сезім тудырады / Липман симптомы/. Науқасқа таза парақ беріп, не кӛргенін 
сҧрайды, ол параққа қарап, әлдененің суретін, жоқ жазбаларды оқиды. 
/Рейхрдт симптомы/. Науқас қосылмаған телефон арқылы әңгімелесіп, жауап 
береді /Ашаффенбург симптомы/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет