Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет94/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Астенодепрессивті синдром
. Бҧл ҧғымды кейбір авторлар (Е.А. 
Попов және т.б.) теориялық тҧрғыдан жетілмеген деп есептейді, себебі, бір 
мезгілде астениялық және депессиялық синдромдардың қатар жҥруінде. Бҧл 


~ 152 ~ 
кезде келесі клиникалық фактіге кӛңіл аудару қажет, астения мен депрессия 
бірін-бірі жоққа шығаратын жағдайлар: астениялық бҧзылыстың ҥлес 
салмағы жоғары болған сайын, депрессияның ауырлық дәрежесі соғҧрлым 
тӛмен; астенияның кҥшеюіне байланысты суицидальды тәуекелдер азаяды, 
қимылдық және идеаторлы тежелу жойылады. Дәрігердің практикалық 
қызметінде астено-депрессивті синдром ӛте жиі кездеседі.
Маниакальды және депрессиялық синдромда әртҥрлі психикалық 
аурулардың психопатологиялық симптомдарының тҥзілу сатысы болуы 
мҥмкін, бірақ типті кӛріністерімен тек маниакальды-депрессивті психозда 
бақыланады.
Қимылдық және еріктік бҧзылыстар синдромдары
Кататониялық синдром
кататониялық ступор немесе кататониялық 
қозу тҥрінде кӛрінеді. Бҧл екі кӛрініс ӛздерінің сыртқы бейнесіне қарағанда 
ӛзгеше болғанымен, олардың шығу тегі бір және бір қҧбылыстың әртҥрлі 
фазалары болып табылады. Бҧл синдромды қҧратын симптомдардың мәнін 
нақты тҥсіну ҥшін оның патофизиологиялық негізіне кӛңіл аудару керек.
И.П. Павловтың зерттеулеріне сәйкес кататония симптоматикасы 
жҥйке жасушаларының дертті әлсіздігі болып табылады, оларға әдеттегі 
тітіркендіргіш аса кҥшті әсер етеді. Ми қыртысында дамитын тежелу 
қорғаныстық және шамадан тыс болып табылады. Егер тежелу ми 
қыртысымен қатар қыртыс асты қҧрылымдарын қамтыса, онда 
кататониялық ступор
симптоматикасы кӛрінеді. Науқас тежелген, ӛзін-ӛзі 
кҥтпейді, ӛзіне бағытталған сӛздерге кӛңіл аудармайды. Кейбір науқастар 
қабырғаға қарап қозғалыссыз жатады, 
құрсақтық қалыпта
иегін кеудесіне 
тақап, қолдары білек буынында бҥгілген кҥйінде, аяғын бҥгіп, ішіне тартқан 
кҥйінде бірнеше кҥн, апта, ай немесе жылдар жатуы мҥмкін. Қҧрсақтық 
қалып дамудың алғашқы кезеңдеріне тән кӛне реакциялардың шығуын 
кӛрсетеді. Сонымен бірге арқамен жатып, басы жастықтан кӛтеріңкі кҥйдегі 
поза – 
ауа жастығы симптомы
да тән болып келеді.


~ 153 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет