92
II бөлім. Дидактика
түсініктер түрінде жинақталғанды меңгереді. Ғалымның тану жолы көптеген
эксгіерименттер, ғылыми ойлау. қателер мен сынақтар арқылы өтеді, ал
шәкірттің таным жолы тез жөне үстаз шеберлігімен жеңілдетілген
күйде
өтеді. Ғалым жаңалықгы оның бастапқы күйінде таниды. Сол себепті де толық
жаңалық болып есептелінбейді. Шәкірт жеңілдетілген, оқушылардың жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай, дидактикалық түрғыда бейім-делген
материалды танып біледі. Ақырында, оқыту барысындағы таным мүғалімнің
басшылығымен іске асады, ал ғалым ешкімніц қатысынсыз ғылыммен
айналысады.
Алайда, шәкірт пен ғалымның таным айырмашылықтарына қарамастан,
бүл үрдістер бірыңғай әдіснамалық негізден қүрылады: тірі түйсіктен абстрак-
тілі ойлауға және одан тәжірибеге көіпу (Қараңыз. Данилов М.А. Процесс
обучения в советской школе. М., 1960; Педаг огический процесс и его диалек
тика. М., 1970; Сластенин В.А. и др. Педагогика. Учебное пособие. М., 1997).
Достарыңызбен бөлісу: