14
I бөлім. Педагогиканыц жалпы негіздері
түжырымдамалық нүсқауларды іске асыру қүралдары даярланады. Қазіргі
уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесі оны жаңартудың жүйе қүрушылық
түсінігін талап ететін жаңару кезеңіне енді.
Бүл жағдайда мүғалімдердің жақсы тәжірибелерін жай “ендіру” жеткілік-
сіз. Инновациялардың іргелі жан-жақты негіздемесі қажет - бүл бір жағынан,
ғылымның аймағында “кавалериялық шауып келуді” қаламайтын, ал басқа
жағынан ескіні оның күйреген догмалары мен қателіктерін қинала жөндеуге
сәйкес келмейтін күрделі іс. Бүл салада үнемі қайталанатын типтік адасулар -
жаңа практикалық бағдардың жасалуы мен білім беру мазмүны мен оқыту
әдістерінің жаңаруына байланысты педагогика ғылымының парадигмасы, яғни
объектісі, қүрылымы, білім алу жолдары, зерттеу логикасы және т.с.с. өзгеруін
ойластыру деген соз. Басқа жағынан, ештеңе болмаған сияқты және әдеттегі
бағыттар ағымды дамуда деп айту мүмкін емес: озат тәжірибені жинақтау
және ендіру, ғылым негіздерін педагогикалық өңдеуден өткізудің көрінісі
ретінде білім мазмүнын жасау (бүл жайлы бүдан әрі қарай қараңыз) жоне т.б.
Педагогика ғылымының міндеті, сондай-ақ,
өзіндік рефлексия
немесе
өзін-өзі саналы сезінуі:
педагогикалық болмыс (сипаттамаларын, логикасын,
педагогикалык. зерттеудің сапасын жақсарту жағдайларын), ғылымның
қүрылымы, оның практикамен байланысы, өзіндік түсініктік аппараты туралы
объективті білім алу тәсілдері және т.б. Бүл міндетті орындау педагогиканың
әдіснамасы саласында зерттеулердің дамуын көздейді. Шын мәнінде, “педаго
гиканыц жалпы негіздері” деген бүкіл бөлім әдіснамалық сипатта жазылып
даярланған.
Достарыңызбен бөлісу: