II бөлім. Дидактика
121
білімдерді тексеру типі. Оқытуды бүлайша басқару негізінен жоғары мектеп
пен ересектерді оқытуды қолданылады. Сондай-ақ, ол білім беруді ақпарат-
тандыру үстанымын іске асыру тәсілі де болып табылады. Қазіргі мектеп
практикасында түрлі дәрежеде тараған оқыту моделдері осылар екен.
6.8. Оқыту барысында оқушының
дербестігінің ңалыптасуы
Оқу әрекетінің қалыптасуының соңғы мақсаты
оқушының оның субъектісі бола алуы. Өз бетінше
мақсат қою, әрекеттері,
белсендірек білім міндет-
терінің шешімін табуы және қажетті жол табу
әрекеттерін жасай алғанда, даму деңгейіне жеткенде
өзінің іс-әрекетерін жоспарлауды түзетуде және оны болдыруды бағыттау,
қойылған мақсат пен алынған нәтиже екеуінің
ара қатынасын белгілеу, осы-
ның бәрі өз бетінше оқу қызметтерін болдыру сиякты орындалады.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ, бүндай іскерлік істерді біле
бермейді. Оқыту барысында ол белгілі бір жоғары дербестік деңгейіне жету
қажет, бүл деңгей әр түрлі тапсырмаларды орындауға,
оқу есептерін шешу
үрдісінде жаңалықтарды іздеуге мүмкіндік береді.
Окыту барысында оқушының өз бетінше қалыптасу қажеттілігін
К.Д.Ушинский жазып кеткен. Оқушыларға белгілі білімдерді беріп қана
қоймай, сондай-ақ, оларда ықылас пен алғырлықты дамытуы қажет екендігін
есте сактау керек. Мүғалімсіз
жаңа танымды игеруі, оқушыға қажетті білімді
тек кітаптан ғана емес, пәннен, оны қоршаған ортадан, өмірдегі оқиғадан,
өзінің жан тарихынан алуға мүмкіндік беретін тәсілдерді меңгерту керек.
Бүндай ақылдылық күшіне ие
болса, барлық жерде пайдалы тағамды тауып
отырса, адам өмір бойы оқиды. Бүл мектептегі білім берудің ең басты мақсаты
болып табылады. (Ушинский К.Д. Собр.соч. в И томах, 1950. т.2.с.500).
Достарыңызбен бөлісу: