М ектепке-'дейінгі педагогика
- мектеп жасына дейінгі балалар
түлғасының даму, қалыптасу зандылықтары туралы ғылым. Қазіргі уақытта
мектепке дейінгі білім беру дидактикасының салалары, мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеудің теориясы мен әдісгемесі, баланың мектеп алдындағы
дамуының халықаралық стандарттары, мектепке дейінгі тәрбиемен айналыса-
тын мамандарды кәсіптік даярлаудың теориясы мен пракгикасы бар.
Мектеп педагогикасы тэрбие
туралы ғылымның ең бай және дамыған
салаларына жатады. Әлемдік тарихтағы оның мыңжылдық өмірі әр түрлі әлеу-
меттік-экономикалық жағдайларда өскелең үрпақтың дамуын, қалыптасуын
басқару тәжірибесінің аса бағалы күндылықтарын жинауға мүмкіндік берді.
Кәсіптік-техникалық білім педагогикасы
- зерттеу пәні жоғары маман-
данған жүмысшылар даярлау зандылықтары болып табылатын ғылым саласы.
Жоғары мектеп педагогикасы
педагогика ғылымдары жүйесінде ерекше
орын алады. Оның дамуы бірнеше себептерге байланысты. Олардың арасында
- гылыми әлеуметтің себеп болуы. Болашақ мамандарды ғылым докторлары,
профессорлар, академиктер, ғылыми теорияның авторлары, түжырымдама-
ларды жазып даярлаушылар, өздерінің арнаулы салаларында инновациялық
технологияларды жасаушылар сиякты жоғары біліктілердің өкілдері оқытады.
Бірақ олардың көпшілігі жоғары білімнің жаңа дидактикалық жазылымдарын
күрастыруға, сгуденттерді оқытудың әдістемелерін жасауға катысады. Бүл
инновациялық жазылымдар студенттердің қатысуымен үйымдастырылады.
Көптеген дидактикалық жазылымдар жоғары оқу орындарында мектеп пен
оқу орындарының мүқтажын ескере отырып жасалынады. Нәтижесінде
университеттік, институттық танымдық еңбектің әдістемесі мектептегі оқу
үрдісіне көшіріліп, оны жаңартудың күралы болып табылады.
Өндірістік педагогика
жүмысшыларды оқыгудың, оларды өндірістің жаңа
қүралдарына бағдарлаудың, олардың мамандығын арттырудың, жаңа маман-
дықка баулудың заңдылықтарын зерделейді.
|