II бөлім. Дидактика
225
13-тарау. ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
13.1. Оқыту урдісіндегі біліпдерді багалау және тексерудің ңызметтері
Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үрдісінің қүрамдас бөлігі. Бүл
оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде ауызша, жазбаша,
графикалык және тәжірибелік жүмыстар арқылы бақылау жүргізу болып
табылады.
Тексеру мен бағалау арқылы оқушының ор деңгейдегі алған білім дәрежесі
олардың дайындалу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері, мүғалімнің
жүмыс деңгейі, тоқсаңдық және жылдык бағаларының қойылуы, оқушылардың
аттестациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білімін
алуға кабілеті анықталады.
Сабақтағы тәртіптің деңгейі оқушылардың оқуға деген көзкарасына, үйдегі,
сыныптағы және сыныптан тыс жүмыстарға, қатынасына оқушылардың жеке
түлға, жеке адам, еңбек сүйгіштік сияқты ерекшеліктердің қалыптасуына
байланысты болып келеді.
Тексеру мен білімді бағалау рөлі мүғалім мен оқушы арасындағы карым-
қатынастан тысқары түрады. Білім берудің түрлі тәсілдері мен жүйелерінің
тиімділігі оқулықтардың, білім беру мазмүнының қолайлылығы мен пәнге
деген қызығушылыққа тығыз байланысты.
Педагогикалык бағалаудың ең қиыны білім берудің нәтижелерін бағалау
болып табылады. Көптеген жүмысын жаңадан бастаған мүғалімдер өз істерінің
ең қиынын бағалау жоне білімді тексеру деп табады. Және мүғалім стажы да
қиындықтарды жеңілдетгіейді.
Білімді тексеру мен бағалау
Достарыңызбен бөлісу: