47
- нозологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекциялық ауруға індет-
танулық балау қою. Індеттанулық балау – індет процесі мен індет ошағының
толық сипаты.
1.3. Індеттанулық талдау объектілері:
- инфекция анықталған мал табыны, отары;
- мал қоралары мен аулалары;
- суаттар, басқадай суару жүйелері;
- ветеринариялық-санитариялық обьектілер;
- синантропты кемірушілер;
- мал өнімдері, қалдықтары;
- ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің
есептері;
-лабораториялық сараптамалар,
ветеринариялық куәліктер, сертифи-
каттар.
2. Iндеттiң шығу және таралу
себептерiн анықтау
2.1.
Індеттің шығу және таралу себептерін анықтау үшін мынандай
жағдайлар талданады:
-
малдың күйі мен күтімі;
-
мал тұқымын іріктеу, табын құрау немесе толықтыру;
-
сол жерде және шекаралас аймақтарда бұл аурудың болу-болмауы.
2.2.
Малдың күйі мен күтімін анықтау үшін:
-
меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім жануарлардың түрі, жасы,
жынысына қарай саны (шаруашылық, әкімшілік есебі бойынша);
-
олардың таңбалануы;
-
клиникалық тексеру арқылы малдың жалпы күйі;
-
бағып-күтілу, азықтандырылуы, суару жүйесі және пайдалану жағдайы;
-
ферма
территориясының қоршалуы, зоналарға бөлінуі және онда
санитариялық реттіліктің сақталуы (малды жасына, жынысына қарай бөлек
ұстау, «бос, бос емес», «демалыс» қағидаларының орындалуы);
-
мал қораларының, мал төлдейтін бөлімдердің,
қолдан ұрықтандыру
пункттердің санитариялық жағдайлары және олардағы микроклимат;
-
мал серуендейтін ауланың бар-жоқтығы;
-
ветеринариялық-санитариялық объектілердің (ветеринариялық-санита-
риялық жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл, көң орны, биотермиялық апан,
қалдықтарды өтелдеуші қондырғы, қасапхана, оқшауханалар) бар-жоқтығы,
олардың жағдайы, орналасуы;
-
мал шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын (көңді, өлексені, шуды,
тастанды төл өлексесін, т.б.) жинау және зарарсыздандыру тәсілдері;
-
ферма территориясында, мал қораларында синантропты кеміруші-
лердің, бұралқы ит, мысықтардың, т.б. бар-жоқтығы;
48
-
дезинфекция,
дезинсекция, дератизацияның жүргізілу реттілігі, олар-
дың қолданылу сапасы.
2.3. Iндеттен таза шаруашылықтарда инфекциялық аурулардың (бруцел-
лез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, т.б.) шығуына көп жағдайда сырттан
әкелiнген асыл тұқымды мал (тайыншалар) себеп болады.
Сондықтан, мал
тұқымын жетілдіру, аналық табындарды құрау немесе толықтыру жайындағы
деректер соңғы 2 жыл бойынша талданып (бруцеллез, туберкулез), мынандай
жағдайлар қарастырылады:
- малды өз төлінен өсіру және табын құрау сипаты;
- аталық малдың пайдаланылуы және жұқпалы ауруларға тексерулердің
нәтижелері;
- мал және мал өнімдерінің сырттан әкелінуі, бұл кезде тиісті ветерина-
риялық-санитариялық ережелердің орындалуы;
- малды әкелмей тұрып және дауалық карантиндеу кезіндегі жұқпалы
аууларға тексерулердің нәтижелері;
- сүттің және көксүттің зарарсыздандырылу
сапасына лабораториялық
бақылау нәтижелері.
2.4. Ауылдық округтің, елді мекеннің, шаруашылықтың және оларды
қоршаған қатер төнген аймақтың бруцеллезден індеттік жағдайы, соңғы үш
жылдағы ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметте-
рінің есебін талдау арқылы анықталды, атап айтқанда:
- індетке бейім жануарлардың
балаулық тексеру нәтижелері, ал
бруцеллез мал анықталған жағдайда, сау емес пунктте жүргізілген сауықтыру
шараларының нәтижелілігі;
- эпидемиологиялық бақылау мәліметтері;
- инфекциялық аурулармен (бруцеллез, туберкулез) ауырған адамдар-
дың, олардың меншігіндегі малдың лабораториялық зерттеу нәтижелері;
- мал айдайтын жолдың бар-жоқтығы, онымен жұқпалы ауруларға шал-
дыққан малдың өтуі және олардың тексеріліп жатқан территориядағы
жануарлармен жанасу мүмкіндігі;
- мал өнімдерін өңдейтін, өндіретін орындардың (ет
комбинаты, қасап-
хана, сүт өңдеу мекемесі) орналасуы және оларда өндірілетін өнімдері мен
тастандыларының жұқпалы аурулардан санитариялық тазалығы;
- жануарлар сататын базарлар,
орындар болса, бұл объектілердегі
індетке қарсы бақылаудың жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: