138
2.
Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты:
бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды
жетілдірер бір құрал.
3.
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы
ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін
дамытуға да әсерін тигізеді.
Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі – шығарма.Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын
жоспар арқылы баяндау. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Экскурсия бойынша
2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты.
3. Өнер саласына байланысты.
4. Суретке қарап жазу.
Шығарма жұмыстарын магнитофон арқылы жүргізуге болады. Магнитофон арқылы жүргізілген шығарма
оқушыларды ізденгіштікке ұмтылдырады. Ой
-өрісі, ұғымын кеңейтеді, байқампаздығын дамытады, құбылыстарды
шынайы бағалай білуге үйретеді, және де оқушылардың толық фантазиялық еркіндігін қалыптастырады. Үнтаспадағы
естіген дыбыстарына байланысты сөздерді тауып жазатын шығармаларын барынша әсерлі жеткізулеріне талап қою
керек.
Сондай-ақ шығарма мен мазмұндамаға қойылатын әдістемелік талаптардың орындалуын мұқият бақылауға алу
керек. Ол талаптардың негізгілері мынандай:
– берілген тақырыпты мазмұнын ашып көрсете білу, оқушы өзіне жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі
ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет.
– Шығарма ұсынылған материалдың идеялық мазмұнын белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс.
– Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөзді бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы
жасалуға тиіс.
– Жазба
жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп
шығуы тиіс.
Бастауыш сыныптарда оқушыларға мазмұндама, шығарма жаздыру барысында оқушылардың өз жазғандарын
өздеріне тексерту, түзеттіру жұмыстары жүргізіледі.
Шығармалардың көлемі:
•
ІІ сыныпта 20-30 сөз,
•
ІІІ сыныпта 30-60 сөз,
•
ІV сыныпта 60-130 дейін барады.
Шығарма жазуға дайындық түрлері:
1. Бірлесе отырып шағын мәтін құрастыру;
2. Дайын сұрақтар бойынша өз ойларын жазбаша түрде қағаз бетіне түсіре білу;
3. Дұрыс сөйлем құрастыра білу. Сөйлемді бас әріппен бастап,аяқтай білу.
4. Өз ойын бейнелеу үшін сөзді дәл әрі нақты таба білу.
Оқушының сөйлеу тілінің
•
- мазмұндылығын;
•
- дәлдігін;
•
- анықтығын;
•
- дұрыстығын;
•
- шығармашылықтығын;
•
- көркемдігін анықтау керек
Әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін жұмыстар:
•
Мәтіннен ,әңгімеден көркем сөзді
таба білу;
•
- Шығармадан оқушылар түсінбеген сөзді табу,мағынасын ашу;
•
- Берілген бейне бойынша көркем сөздерді пайдалана отырып сипаттау;
•
- Түсінік айту барысында таныс көркем сөздерді пайдалану;
Шығарма жазуды меңгеру үшін жүргізілетін жұмыстар:
•
-сөйлем құрастыру;
•
-сурет бойынша орны ауысқан сөйлемдерді қалпына келтіру;
•
Сюжетті суреттер бойынша мәтін құрастыру;
•
Оқыған мәтінді әңгімелеу.
3-4 сыныптарда жүргізілетін жұмыстар:
•
1.Көрген ,бақылаған заттар мен құбылыстар туралы шағын әңгіме құрастыру.
•
2.Өз өмірінде болған жағдаяттар туралы әңгіме жазу.
•
3.Көрген кинофильмдері туралы әңгіме жазу.
•
4. Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.
•
5. Хат жазу.
139
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.Бұл
мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады. Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы
жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді.
Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу.
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын
жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал.
Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.
Қорыта келе:
Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста
кездесетін дағдылар арқылы
баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Олай болса,
байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныпқа көшкенде
шығармашылық жұмыстың қай түрін болса да меңгеруге бейім болады. Олар жаңа идеялы проблемаларды өздігінен
шешуге тырысады. Оқушының шығармашылыққа даму бағытын жан-жақты арттыру үшін мұғалімнің қолданатын әдісі
орасан зор.
Достарыңызбен бөлісу: