Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет247/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
210 
4. Жазуды қағаз бетіне дұрыс орналастыра алу;
5. Қажетті сөздерді дұрыс таңдай алу;
6. Грамматиканы дұрыс қолдана білу;
7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра алу;
8. Абзацты (бір идеяға негізделген, азат жолдан басталған мәтіннің көлемді жазылым 
бөлігі) дұрыс жазып, ұйымдастыра алу.
Идеяны жеткізуге байланысты дағдыларды топтасақ:
1. Стильді дұрыс таңдау мүмкіндігі;
2. Идеяларды жүйелі түрде ұйымдастыра білу мүмкіндігі;
3. Мәтін түрлерін, ерекшеліктерін қолдана білуде және мағынаны жеткізуде тиісті 
функцияларды қолдана алу. Функцияларға: баяндау, шағым жасау, өтініш ету, ризашылық білдіру, 
қысқарту (бірнеше сөзбен негізгі идеяларға назар аудару, қорытындылау мен жалпылау жатады.
Жазылымда ескеретін тағы екі аспект бар 

үйлесімділік пен жүйелілік. Үйлесімділік 

сөйлеу және жазу тіліндегі грамматикамен логикалық үйлесімдег3 сөздердің болуын білдіреді. 
Үйлесімділік құралдарына үстеулерді (сосын, келесі, кейін) жатқызуға болады; есімдіктерді (ол, 
бұл, сол); шылауларді (дегенмен, себебі, әйткенмен) және т.б. жатқызамыз. Ал жүйелілік 
дегеніміз, бұл жазу тіліндегі ұғымдардың жүйелі және логикалық тұрғыдан дұрыс 
байланысқандығы, оқырманға түсінікті болуы.
Сыныптағы белгілі бір жазылым тапсырмасын толығымен орындау үшін бірнеше қадамдар 
жасауға болады:
1. Бастапқыда жазғыңыз келетін нәрсенің мақсатын анықтаңыз (тақырыбны, идеясын, 
оқырманын, стилін, жанрын).
2. Ойды дұрыс жеткізу барысын жоспарлаңыз.
3. Шимай бастапқы нұсқаны жазып көріңіз (өзгертілуі мүмкін жазылым түрін).
4. Түзету жасаңыз (қателерді түзетіп, мазмұнына толықтыру жасау) жасаңыз.
5. Тексеріңіз (сауаттылықты тексеру және түзету).
6. Дұрыс нұсқаны (екінші немесе соңғы нұсқаны) жазыңыз.
Жазылым үйретудің бірнеше жолы бар. Олардың негізгілері 

өнімді жазылым және 
процесті
 
жазылым болып табылады. Егер біз үлгі беру арқылы жазылымды үйрететін болсақ, оны 
өнімді жазылым дейміз. Яғни, білім алушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстыру және 
мәтінмен жұмыс жасатамыз. Жазылымның белгілі бір мәтінін, оның мазмұнын, сөздік қорын, 
стилі мен құрылымын ұсыну және талдау қажет. Үлгілер сонымен қатар білі алушыға қалай жазу 
керектігі туралы түсінік береді. Егер мұғалім білім алушыларға жазылымның барлық 
қадамдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, бұл процесс жазылым деп аталады.
Қорыта келгенде, тілдік дағдыларды дамытудың жолдарын сабақ барысында тиімді 
қолдану білім алушының бойында soft skills дағдыларының қалыптасып дамуына ықпалы зор

Пән 
бағдарламасы арқылы тілдік дағдыларды дамыту білім алушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу 
сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым
-
қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және
білім алушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, 
білім алушыларға түсіну мен жауап беруді, тілдесім мен аудиобейне материалды тыңдау 
барысында өз көзқарастарын білдіруді үйретеді. Көркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай 
қорытынды жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын
меңгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет